Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



Pdf көрінісі
бет96/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

көп болатын» [38].
«Біздің мектептің оқушысы басқа мектептің 
оқушысымен төбелескен жағдай болған. Мектеп 
оқушысы өзімен бірге бір топ баланы ерте келген, 
бірақ бұл мектептің жанында болғандықтан, 
мектеп инспекторы топты байқап қалып, 
төбелестің алдын алған. Біздің оқушыға 
қатысты айтар болсақ, біз оның ата-анасына 
хабар бердік» [23].
«Балалар арасында жоғарғы сынып оқушылары 
төменгі сынып оқушыларын кемсітеді; мұндай 
жайт өткен жылы орын алды. Қазіргі таңда 
мұндай оқиға қайталанбайды. Орта мектеп 
оқушысы бастауыш мектеп оқушысын сабап, біз 
оның ата-анасына хабарласып, мәселені шешу-
мен айналысқанбыз» [18].
«Бізде бокспен айналысатын бала басқа 
оқушымен төбелескен жағдай болған. Спортшы 
бола тұрып, оның төбелес кезінде қолданған 
белгілі бір машықтары болған. Бізге бұл туралы 
мәлім болған кезде, біз әңгімелесу үшін баланы 
және оның жаттықтырушысын шақырттық. 
Бала жағдайды түсініп, қазіргі уақытта өзін 
дұрыс ұстайды» [5].
Кейбір мектеп директорлары кейбір оқиғалардың 
баланың шектеулі мүмкіндігіне, әлеуметтік-
экономикалық жағдайына және/немесе жетім 
екендігіне негізделген кемсітушілікпен байла-
нысты мектептегі зорлық-зомбылық оқиғалары 
туралы хабарлаған. Бір мектеп директорының 
түсіндіруінше, оның мектебіндегі мүмкіндігі 
шектеулі балалар басқа балалар тарапынан 
қорлауға ұшыраған. Бір оқиға кезінде мүмкіндігі 


129
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
шектеулі бір баланың әпкесі өзінің мүгедек інісін 
мазақ қылған баланы жазалау үшін достарын 
тартқан. 
«Мектепте балалар арасында тіл тигізу 
оқиғалары болып тұрады. Бізде 2010 жылы дема-
лыс кезінде орын алған оқиға болған, біз бұл туралы 
2011 жылдың сәуірінде білдік. Мұғалім жоғарғы 
сынып оқушылары мен 8 сынып оқушысын мек-
теп директорының алдына ертіп әкелген, себебі 
жоғарғы сынып оқушылары сегізінші сынып 
оқушысын дәретхана жанында ұрып тастаған. 
Біл жағдайды зерттеу біздің көп уақытымызды 
алды, бірақ осы мектепте оқитын қыз бала сы-
ныптастарынан сегізінші сынып оқушысын саба-
уды өтінген, өйткені ол мүгедек інісін ренжіткен. 
Біз дереу қыз баланың ата-анасына хабарласып, 
оқиға туралы айттық. Ренжіткен бір бала емес
балалар тобы екендігі анықталды, олар мүмкіндігі 
шектеулі баланы келеке еткен. Біз бұл мәселені 
шешіп, балаларды айрықша бақылауға алдық, 
себебі мүмкіндігі шектеулі баланың тыныш өмір 
сүруін қамтамасыз еткіміз келді. Мұны бұрынғы 
мектеп мұғалімі де, психолог пен әлеуметтік 
педагог те қолдады. Бізде мектебімізде оқыған 
мүмкіндігі шектеулі баламен байланысты басқа 
оқиға орын алды; оны басқа мектептің балалары 
ренжітіп, соққыға жыққан. Біз бұл оқиға тура-
лы зерттедік» [15].
Басқа мектеп директоры әр түрлі әлеуметтік-
экономикалық таптан шыққан балалардың мек-
тепте бір-бірімен төбелесетінін және кейбір 
зорлық-зомбылық оқиғаларының туындауы-
на оқытушылардың кедей отбасынан шыққан 
балаларға қатысты кемсітушілік көрсетуі себепші 
болғандығын мәлімдеген. 
«Қиындық – балалардың төбелесуі болды. Балалар 
әр түрлі отбасынан, әр түрлі әлеуметтік-
экономикалық топтан шыққан, төбелестің ту-
ындауына осы жағдай түрткі болды. Бұған қоса
бұл - беделге қол жеткізу мәселесі, яғни оқушы 
басқалардан күштірек екендігін көрсетуге тыры-
сып бағады. Оқытушылар балаларға сын айтып, 
қысым көрсетеді; олар сондай-ақ оқушыларға 
психологиялық шабуыл жасауы мүмкін. Олар ба-
лаларды ұруы мүмкін. Балаларды бай әрі кедей 
деп жіктеу және кедейлерді кемсіту оқиғалары 
орын алды» [11].
Ақырында, мектеп директорларының бірі 
әлеуметтік жетімдер деп есептейтін және 
балалар үйінде тәрбиеленетін балаларға қатысты 
зорлық-зомбылықпен байланысты қиындық ту-
ралы мәлімдеген. Бұл балалар өздерінің әлсіз 
мәртебесіне байланысты басқа балалар тарапы-
нан қорлауға түскен.
«Бізге басқа мектептен балаларды қабылдауға 
тура келді. Бұл балалар балалар үінде тәрбиеленді, 
олардың кейбірі кір және ұқыпсыз болғандықтан, 
нәтижесінде басқа балалар оларды мазақ еткен. 
Біз оқушыларымызбен және олардың ата-анала-
рымен әңімелесіп, қазір жағдай өзгерді. Балалар 
ол балаларды мазақтамайтын болды» [5]. 
Мұғалімдер тарапынан балаларға 
жасалған зорлық-зомбылық және 
кемсітушілік
Мектеп директорларына өткен жылы 
мектептерінде орын алған мұғалімдер тарапы-
нан болған зорлық-зомбылық пен кемсітушілік 
дәрежесі туралы сұрақ қойылды. 5.6-кесте 
көрсеткендей, мектеп директорларының тек 
15,0%-ы өткен жылы мектепте балаларға 
қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушілік 
(барлық түрлерін) қолданған мұғалімдер 
болғанын хабарлаған. Атап айтқанда, мек-
теп директорларының 8,5%-ы өткен жылы 
балаларға психологиялық зорлық-зомбылық 
көрсеткен оқытушылардың болғанын және 
5,0%-ы мұғалімдердің балаларға тән жазасы 
мен физикалық зорлық-зомбылық қолданғанын 
мәлімдеген. Ақырында, мектеп директорларының 
тек 5,0%-ы өткен жылы балаларға қатысты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет