172
қиялдағы қылықтарға, ісәрекеттерге, қарым–қатынастарға қатысты болады. Солардың бейнесіне енген бала сол өзі
қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір рөлді ойнайды.
Ойын үдерісінде балалардың өздері (ал кейбір ойындарда – ересектер) ойнаушылардың мінез–құлқы мен өзара
қарым–қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді,
оның мазмұнын баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым–қатынастың одан арғы дамуын, күрделене түсуін
айқындайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.
Сабақтың үстінде ойынды қолдану мынадай негізгі шарттарға жүгінеді:
- ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады;
- оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады;
- оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады;
- оқу әрекетіне ойын жұмыс элементі ретінде кіреді;
- ойын нәтижесі бірден шығарылып отырады;
Осындай дайындық кезінде сабақтағы ойын элементін қолдану үшін мына мәселелерді ескеру қажет:
- тәрбиелік мақсаты;
- қолданылатын көрнекіліктер;
- уақытты үнемдеу;
- ойын қызықты бола ма?;
- оқушылардың белсенділігін бақылау.
Сабақ барысында оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл
атқарады. Ойын әдісі арқылы олардың пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші
бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланылатын: ойын-сабақ, ойын жаттығу, сергіту
ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, іскерлік ойындар немесе
ұлттық ойындар және тағы басқалары. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне
көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: