11
Жоғарыда аталған жұмыстарды әрбір сынып бағдарламасына сәйкес өзгертуге болады. Себебі, бірінші сынып
бағдарламасы, өзге сыныптар бағдарламасының бастамасы ретінде құрылған. Оқушының сөйлегенде асығып-аптықпай
немесе тым жайбарақаттыққа салынбай, байсалды сөйлеп үйренуі, өзін дұрыс ұстау мәдениетіне байланысты да
жаттықтыру жұмыстарын жүргізген жөн. Сонымен қатар әңгімелеу барысында сұрақ қоя білу, өзіне қойылған сұраққа
тиянақты жауап қайтара алуға дағдыландыруға да көңіл бөлінуі тиіс. Оқушыларды көпшілік алдында сөйлей білуге
үйрету қажет. Сынып алдында тыңдаушыларға қарап ойын асықпай-саспай, қысылмай айтып беру шеберлігіне үйрету
де тілдерін жетілдіріп, ой ұшқырлығын дамытады, көпшілік алдында өзін ұстай алуға дағдыландырады.
Осылайша, мұғалім әр сабақта оқушыға жағдай жасап, түрлі технологияларды жүйелі қолданып, оларды
шығармашылықпен пайдалана білсе, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады; қазақ тіліне қызығушылық көтеріледі,
балалардың ауызекі сөйлеуі дамиды, коммуникативтік дағдылары қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: