12
неше сөз табы бар? - Етістік туралы не білесің? - Зат есім туралы айт. - Сын есім туралы айт. - Үстеу туралы айт. - Сан
есім туралы айт. Семантикалық картада зат есім, сын есім, сан есім, етістікті жазып қоямыз.
«Бірге ойлаймыз» әдісі. Жұптық жұмыс. Саралау тәсілі: Дереккөз бойынша саралау. Сөздерді кестедегі сұрақтарға
байланысты топтастыру.
Қажетті сөздер: Ата, салт-дәстүр, қырық, үйренді, жеті, қызық, салды, үлкен, жасайды, қонақ.
Кім? Не? Не істеді? Қандай? Қанша?
«Бес жолды өлең» стратегиясы 1.Зат есім (1 сөз) 2. Сын есім (2 сөз) 3. Етістік ( 3 сөз ) 4. Қорытынды ой (4 сөз ) 5.
Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)
Мысалы, 1-топ. Зат есім: Қазақстан. Сын есім: тәуелсіз, егеменді. Етістік: гүлденді, өркендеу. Сезім білдіретін сөз:
Жайнай бер Қазақстан!
Венн диаграммасы Екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру. Сын есім мен сан есімнің
ерекшелігі мен ұқсастықтары жайында тізуге болады.
Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы,
шапшағаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі. Оқушылардың
шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда «шығармашылық сабақтарды» өткізудің маңызы зор. Оқушылар
өз бетімен ізденеді. Оқушыларымыз қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық, нақты және
сыни тұрғыдан ойлай біледі. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілді.
Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: