Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі



Pdf көрінісі
бет6/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

 
 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ 
 
Кенжегалиева Айман Жубатовна 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Педагог – зерттеуші 
 
Сабақта ойын түрлерін пайдалану – сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір 
буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында 
пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, 
оның танымдылық маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын күшейтеді, 
оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. 
Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. 
Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған 
жөн. «Ойыннан басталады» десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін 
мұғалімінің басты қолданатын тәсілі – ойын. 
Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс-тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық 
педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі мектепте ойын 
әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін үздік технология ретінде, жалпы технологияның элементі 
ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады. Қазақ тілі 
сабақтарында рөлдік ойындардың маңызы зор. Мен өзім қазақ тілі сабағында әр түрлі ойын элементтерін пайдаланып 
отырамын. Ойын оқушылардың сол орындалатын іс-әрекеттер арқылы тіл үйренуге деген сенімін қалыптастырады. 
Олар: 
1.
Қазақ тіліне ғана тән дыбыстарды дұрыс айтуға, жазуға жаттықтыруға;
2.
Оқушыларды тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамытуға;
3.
Жағдаяттар туғызып, іс-әрекеттер арқылы сөйлетіп машықтануға үйретеді.
Дидактикалық тапсырмалар мен ойындарды, сюжетті суреттерді қолдана отырып, баланы ойлай отырып ойнату да 
сабақты меңгертудің бір жолы болып табылды. Сөз құрамын өткен кезде 
«Адасқан вагондар», «Қызықты калейдоскоп», 
«Сиқырлы пазылдар»
ойынын ойнату арқылы сөз құрамын меңгертуге үйретуге болады. Мысалы: «Балалар біздің 
жүрдек пойызымыз қазір жолға шыққалы тұр. Бірақ оған тіркелген вагондар адасып кетіпті. Егер олар дұрыс 
жалғанбаса, біздің жолаушыларымыз жолдан қалып қояды. Сондықтан біз вагондарды дұрыс тіркеуге көмек берейік» – 
деп айтып, оларға жұмысшылар сөзінің түбір сөз, жұрнақ, жалғауларын дұрыс жалғауға үйретуге тырыстым. Бұл жерде 
түбір сөз, жұрнақ жалғауларды бір-бірінен ажыратуға және түбір сөзге қосымшаларды дұрыс жалғауды үйретуге 
болады. Ойынды мұғалім баланың ойлау іс-әрекетін жандандыруға арналған әдістемелік тәсіл ретінде қолданады. Жаңа 
тақырыпты түсіндіру, оны пысықтау үшін жаттығулар орындау, өткен тақырыпты еске түсіріп қайталау үшін 



пайдаланылатын дидактикалық ойындардың түп нұсқасы қазақтың ұлттық ойындарын алуға болады. Оқу үрдісінде 
ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, 
тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық жинау» секілді ұлттық 
ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе 
қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай 
түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік 
маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. 
Ұлттық ойындар арқылы балалар бойларына ибалық, байсалдылық, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, шыншылдық және 
т.б қасиеттерді сіңіру, қалыптастырады. Ол «Орамал тастамақ», «Алтын сақа», «Көкпар», «Бәйге» т.б. ойындары 
арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: Сөз құрамы тақырыбын жүргізгенде «Орамал тастау»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет