Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі


КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ТИІМДІ ӘДІС -ТӘСІЛДЕР



Pdf көрінісі
бет108/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ТИІМДІ ӘДІС -ТӘСІЛДЕР 
 
Чайзадина Максат Альмуханбетовна 
ШҚО Алтай қаласы 
ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Михаил Бикетов атындағы орта мектебі» КММ 
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі 
 
Мақсаты:
Оқушыны көркем мәтіннің оқу түрлеріне дағдыландыру керек. Көркем мәтінді оқу түрлерін жіктеп 
ажыратамыз: Абай өмірі және оның шығармашылығы. 
«Қазақ әдебиеті» оқулығы көркем шығармаларды негізге ала отырып, оқушылардың қазақ тілінде ойлау белсенділігі 
мен сөйлеу әрекетінің дамуын қамтамасыз етеді. Оқушылар қазақ әдебиеті арқылы қазақ халқының салт-дәстүрімен, 
мәдениетімен танысады. 
Сондықтан мұғалімнің пәнді оқытудағы мақсаты – оқушының пәнге деген қызығушылығын ояту, қазақ тілінде 
сөйлеуге ынталандыру, мәнерлеп оқу, мазмұндау, жатқа айту, ауызша, жазбаша баяндау сияқты жұмыс түрлерін жүйелі 
жүргізу арқылы оқушы бойында белгілі бір дағдыларды қалыптастыруға тырысу болып табылады. Мұғалім ең алдымен 
сөздік жұмысына, оқушының сөйлеу мен жазу мәдениетіне, түсінігін жеткізе білуіне басты назар аударуы қажет. «Қазақ 
әдебиеті» пәнін оқытудың негізгі жолдарының бірі – сөздік жұмысын дұрыс жүргізу болып табылады. Ол оқушының 
сөздік қорын байытуда ерекше орын алады. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты ұстанымдарының бірі – 
оқушының берілген материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеуде еркін қолдана білуге үйрету нәтижесінде 
қалыптасады. Сөздік жұмысын жүргізудің жолдары, әдіс-тәсілдері әр түрлі. Оқушы ұғымына ауыр, түсініксіз сөздерді 
синонимдер, антонимдер арқылы түсіндіру тиімді. Сонымен қатар аударма жұмысы арқылы да жақсы нәтижеге жетуге 
болады. Мұғалім мәтін арқылы үйретілген жаңа сөздерді сөздікке жазғызып қоюмен ғана шектеліп қалмай, оларды 
естеріне сақтауға арналған жаттығулар жүргізу қажет: сол сөздерді қатыстырып бір-біріне сұрақтар қойғызу, оған жауап 
бергізу, сол сөздерді дұрыс оқу мен жазуға көңіл бөлу, кейігі сабақтарда қайталап отыру, сөз тіркестері мен сөйлемдер 
құрату, түрлі сөздіктермен жұмыс істеуге бағыт беріп, пайдаланудың жолдарын үйрету. 

А. Құнанбаев : «Балаға үйренген сөзін қолдана білуіне жағдай туғыза білу керек. Үйренген сөзін сөйлеу тілінде, 
өзінің ауызекі сөйлеу тілінде қолдана білсі, ол оның жеке меншігіне айналады», - деген болатын. 
Көрнекті ғалым, тілші А. Құнанбаевтың мұрасы, негізінен, балалардың сөздік қорын, сөйлеу қабілетін дамытатын 
ғылыми дидактикалық материалдардан тұрады. «Ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын 
тыңдаушыға ұғарлық дәрежеде түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады», - деп атап көрсеткен ұлы ғалым. 
А. Құнанбаев бала тілін дамытуда сөз үйретіп, сөздік қорын молайту мақсатында өте тиімді әдістер қолданған. Атап 
айтқанда, ол баланы ойната отырып, ойлантатын әдістерді қолдануды талап еткен. 


142 
Аудандық мектеп оқушылары арасында республикалық Абай оқуларының аудандық кезеңінде мен оқушылармен 
бірге 2013 жылдан қатысып жүрміз. Ең біірінші оқушылардан бастаған, 7 сынып оқушысы Жантемирова Дилара 

Аудандық «Абай оқулары» байқауының «Көңілім әңді ұғады» бағыты «Көзімнің қарасы» әнімен. 2014-2015 о.ж.
4 сынып оқушысы Абахан Балжан - Аудандық «Абай оқулары» байқауының «Көңілім әңді ұғады» бағытында. 2015-
2016 о.ж. 6 сынып оқушысы Абахан Балжан - Аудандық «Абай оқулары» байқауының «Көңілім әңді ұғады» бағытында 
және Қуанышбеков Дарын – 5 сынып оқушысы - Аудандық «Абай оқулары» байқауының «Өлең-сөздің патшасы, сөз 
сарасы» бағытында. 2017-2018 о.ж. 5 сынып оқушысы Қуанышбеков Дильназ - - Аудандық «Абай оқулары» 
байқауының «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» бағытында, қатысқан үшін мадақтама. 2018-2019 о.ж. 6 сынып 
оқушысы Қуанышбеков Дильназ - - Аудандық «Абай оқулары» байқауының «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» 
бағытында, мадақтама 1 орын. Биыл 2019 жылы «Кітап оқып, рухани бай бол!» сайысының тұжырымдамасында 
Абайдың туғанына175-жылдығына орай, өлеңдерің оқып, видеоролигің Инстаграммға қойып, ол балла – 53 
комментарии және 244 адам қараған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет