143
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАЗЫЛЫМ ӘРЕКЕТІ АРҚЫЛЫ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУ
Фазылжанова Айман Есимжановна
Алматы қаласы Наурызбай ауданы Таусамалы ықшамауданы
«№187 жалпы білім беретін мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог - зерттеуші.
Жазылым төрт
дағдының ішінде оқушының нәтижесін көрсететін, мұғалімнің өнім алатын дағдысы болып
табылады.
Жазу – біздің ойымызды тілге аударушы.
«Жазылым» термині «жазу» деген мағынаны емес «жаза білу», «ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін қағаз
бетіде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді.
Жазылым – тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген; лингвистикалық, психологиялық,
физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын,
адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.
Жазба жұмыстары мазмұны мен мақсатына қарай 4 түрге бөлінеді: дербес, нанымды; ақпараттық, шығармашылық.
Дербес жазылым – жазушының жеке тәжірибесі мен сезімін көрсететін, бірінші жақты көзқарасты қолданатын,
баяндаудың басы, ортасы, аяғы қызықты құрылымды болып келетін, оқиға орны мен реті логикалық тізбекте берілетін,
уақытты көрсететін сөздер мен оқиғалар ауысу тәртібі байыппен баяндалатын жазылым түрі.
Дербес жазылым төртке бөлінеді: хат, өмірбаян, күнделік, монолог.
Ақпараттық жазылым – тақырып бойынша маңызды мәліметтерді нақты беретін, әртүрлі дерекөздерден алынған
ақпаратты қолданатын, әртүрлі дерек пен мәліметтерге сүйеніп, қорытынды шығаратын, деректер мен мәліметтер
жүйелі берілетін жазылым түрі.
Ақпараттық жазылым түрлері:
1. Хабарландыру; 2. Сұхбат; 3. Жаңалық; 4. Есеп; 5. Хабарлама; 6. Бұйрық; 7. Шақыру; 8. Баяндама; 9. Нұсқаулық.
Шығармашылық жазылым – шығармашылық тұрғыда жазылған, идея және стильден шығармашылық мінез
көрінетін, жұмыс барысында өте көркем және әсерлі сөздер таңдалып қолданылған, әсерді жақсарту үшін
сәйкестендірілген құрылым қолданылған; кейіпкерлері мен сюжеті жанды суреттеліп, оқиғалар реті жымдасып,
оқырманды қызықтыратын жазылым түрі.
Шығармашылық жазылым түрлері: 1) әңгіме; 2) ертегі; 3) сцинарий; 4) сахналық сөз.
Нанымды жазылым – нақты тақырып бойынша айқын пікір айтатын, пікір нанымды себептер мен дәлелдермен
негізделетін, келтірілетін себептер мен дәлелдер логикалық тәртіппен берілетін, аудиторияны сендіру басты талап
болатын, арнайы пікірді білдіретін сөздік қор көбірек қолданылатын жазылым түрі.
Нанымды жазылым түрлері: 1) жарнама; 2) рецензия; 3) ашық хат; 4) ұсыныс; 5) комментарий; 6) эссе.
Тиімді әдіс-тәсілдер оқушылардың жазба тілін дамытады, молайтады, ойлауын жетілдіреді, ізденушілік, жоғары
эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастырады, өзінің қабілетін бағалай және шыңдай алуға үйренеді. Біздің
жұмысымыздың өзектілігі соған ықпал жасайтын жаңашыл әдістерін, педагогикалық әдіснамасын ұсыну болып
табылады.
Жазылым әрекетіне анықтама беріп өттім, енді практика жүзінде қалай жүзеге асыратыныма тоқталайық .
Жаңартылған білім мазмұнындағы 7-сынып оқулығында «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым» бөлімін оқыту алдында
оқушылардың қызығуы, ынтасы, таным белсенділігін арттыу мақсатында, бөлім неліктен «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке
тағзым» деп аталатындығын, Ұлы отан соғысына қатысқан батырлар жайлы не білетіндіктерін сұрап, жауаптарына
сәйкес мұғалім бөлім бойынша негізгі түсініктерді айта кету қажет. Яғни бөлім тікелей Ұлы отан соғысына байланысты.
Ұлы отан соғысы – 1941 - 1945 жылдар аралығында болған оқиға екенін қосымша мәліметтерді пайдалана отырып,
әңгімеленді. Ұстаздың кіріспе сөзінен кейін тараудын бөлімдерімен танысуға уақыт берілді. Әрі бөліммен танысу түрлі
әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Әр бөлімде берілген мәтінмен таныстырудың тиімді әдістері: Ривин, Самаралық,
Елші, Өкіл әдістері.
Ривин әдісінің алгоритмі бойынша мәтінді бірнеше шағын бөліктерге бөліп, оқушыларға оқып-талдауға беріледі.
Ривин әдісінің алгоритмі:
1. Үзіндіні оқып, мазмұнын меңгерту.
2. Шағын үзіндіге жоспар құру.
3. Сөздікпен жұмыс жасау (түсініксіз, қиын сөздермен жұмыс жасау)
4. Үзіндіден негізгі ойын (негізгі ойын қай сөзде, қай сөйлемде) табу.
5. Үзіндіге ат қою
Бұл әдіс бойынша оқып-талдауға 7-8 минут беріледі. Берілген уақыт өткен соң, оқушылардың талдаулары
тексеріледі.
Ривин әдісі жеке жұмысқа негізделсе, Самаралық, Елші, Өкіл әдістері топтық жұмыс түріне негізделген.
Самаралық әдіс арқылы оқушылар мәтін мазмұнын топта оқып-талдап меңгерген соң, Елші әдісі арқылы әр топтан
«елші» сайланып, басқа топтарға барып, мәтін мазмұнын баяндап, топ мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, өзі сұрақ
қойып, өзге топтарда талқылайды.
Бұл әдістің тиімділігі:
– көшбасшылық қабілеті артады;
144
– сұрақты жүйелі қоюға, сұрақтарға нақты жауап беруге үйренеді;
– сөз саптау шеберлігі шындалады;
– біріккен топтарда жұмыс істеу икемділігі артады;
– оқушылар өздері мәтін мазмұнын меңгереді.
Оқушылардың мәтін мазмұнын меңгерген-меңгермегенін «Өрмекші торы» әдісі арқылы тексерген тиімді.
Оқушылар шеңберде тұрып, «өрмекші торын» құрады, яғни мәтінді мазмұндап береді. Сонан соң түсінбеген тұстары
бойынша бір-біріне сұрақ қойып, жауап ала отырып «өрмекші торын» жинайды. Бұл әдіс – өте тиімді әдістердің бірі.
Біріншіден, уақыт үнемделеді. Екіншіден, сыныптарға барлық оқушы қамтылады. Үшіншіден, аз уақыт ішінде мәтін
мазмұны тексерілді. Сонымен қатар, «Миға шабуыл» әдісі арқылы да мәтін мазмұнын меңгерілу деңгейін тексеру тиімді
болмақ.
Мысалы үшін 7 сыныпта берілген «Отан үшін от кешкендер» мәтіні бойынша сұрақтар:
1. Ұлы отан соғысына қатысқан батырлар кімдер?
2. Соғыс қай жылдары болды?
3. Отан үшін от кешкен Шығыстың қос шынарлары кімдер?
4. «Соғыс» деген сөзді қалай түсінесіздер?
5. Ұлы отан соғысына қанша жерлесіміз қатысты?
6. Ұлы отан соғысына қатысқан жерлестеріміздің қаншасы «Кеңес одағының батыры» атанды?
Веер, Балалар философиясы, Футбол алаңы, Домино әдістері арқылы білім алушылардың мәтін мазмұны бойынша
бір-біріне сұрақ қойып, сұрақтарына жауап алады.
Келесі әдістің бірі - «Сабақ мазмұны бойынша ойынды білдір». Бұл әдіс мәтінді оқығаннан кейін орындалады. Бұл
әдісті 7 сыныптағы «Ұшқыш - Талғат Бигелдинов» тақырыбында қолдану тиімді. Бұл әдістің алгоритмі:
Қандай жаңа білім алдың?
Алған біліміңді қолдана аласың ба?
Саған қиындық тудырған түсініктер деген сұрақтарға жеке - жеке жауап жазады.
Бұл әдістің тиімділігі:
- уақытты үнемдейді;
- өз ойларын нақты, әрі анық жеткізеді;
- сөздік қорлары молайады;
- таза, әрі сауатты жазуға үйренеді;
«Веер әдісі». «Дара тұлға - Бауыржан Момышұлы» тақырыбы бойынша мәтінмен танысқан соң веер әдісін қолданған
тиімді.
Веер әдісі бойынша сынып 3 топқа бөлініп жұмыс жасайды. Бірінші топ екінші топқа өздерінің құрастырған
сұрақтарын веерге жазып ұсынады, екінші топ оларға жауап береді. Үшінші топ сұрақтар мен жауаптардың дұрыстығын
тексереді, яғни сараптама жасайды. Осылайша оқушылар рөлдерімен ауысады.
Бұл әдіс арқылы білім алушылар әрі сұрақ қоюға, әрі сұраққа толық, анық жауап беруге, әрі өзгенің жауабына
сараптама жасауға үйренеді.
Мәтінді талдауға қойылатын мақсат – оның тақырыптық мазмұының, көркемдік тілін, мәтіннің тәрбиелік мәнін аша
отырып, жеке тұлғаны адамгершілікке, инабаттылықа, еңбексүйгіштікке, ізгілікке, адами құндылыққа тәрбиелеу.
Мұндай талдаулар мәтіннің көлеміне қарай күрделеніп отырады.
Жазылым әрекеті. Бауыржан Момышұлына хат жазыңыздар.
«Венн диаграммасы» әдісі. Бұл әдісті «Қазақ музыкасы» тақырыбын оқытқанда қолдануға болады. «Венн
диаграммасы» әдісі арқылы XlX және XX ғасырда өмір сүрген қазақ музыкасының ұлы тұлғаларының
шығармашылығын салыстырыңыздар деген тапсырма беруге болады.
«Пікір алмасу» әдісі. Әрбір топ «Ғасыр бұлбұлы» мәтініне қатысты 5 сұрақ дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің
бірінші жағына, ал жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен стикерлерін ауыстырады. Топ басшысы стикердегі
сұрақтарды оқиды, топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын
ашады және жауаптарды талқылап, дұрыс жауаппен салыстырады. Стикердің алдыңғы бетіне жазылатын сұрақтарға
мысал:
1. Мәтіннің «Ғасыр бұлбұлы» деп аталуының себебі неде?
2. Күләш Бәйсейітова кім?
3. Күләш Байсейітов қандай өлеңді шырқап атақты болды?
4. Мәскеуде қазақ өнерінің онкүндігінде сомдаған бейнесі?
5. Не себепті «қазақтың бұлбұлы» атанған?
Жазылым дағдысы. Күләш Байсейітова туралы «Ән падишасы» атты эссе жазыңыздар.
«Сынық вагон» әдісі «Қазақтың киелі домбырасы» тақырыбын өткенде пайдалану өте тиімді. Бұл әдісте ең әуелі
«сарапшылар» тобы сайланады. Ол топ негізінен мәтінді тиянақты оқып, мазмұнын толық білетін, өздеріне аса сенімді
3-4 оқушыдан құралады. Олардың міндеттері басқа оқушыларды мұқият тыңдау, «вагондарды» бір-біріне «тіркеу»,
«сынық вагонды» анықтау. Қалған оқушыларға реттік нөмер таратылы беріледі. Бірінші нөмерлі оқушы «бірінші вагон»
мәтінніің мазмұнын баяндауды бастайды. Сарапшылар ол оқушы кез келген жерден тоқтатып келесі оқушыға
(«вагонға») жалғастыруды бұйырады. Осылайша жалғаса береді. Ал мәтін мазмұнын жалғастыра алмаған оқушы
«сынық вагон» болып есептеліп, «рельстен» тақта алдына шығарылады. Ең соңында сарапшылар «сынық вагондарға»
сұрақ қойып, олардың «жөнделуіне мүмкіндік береді.
145
Ойын арқылы белсенділіктерін арттырып, білімділігін, біліктілігін байқауда тиімді.
«РАФТ» әдісі тақырып талданады, аудитория белгіленеді, форматы анықталады (жиналыс, пресс-конференция,
дөңгелек үстел т.б.) рөлдер таңдалады.
7 сыныпта «Күй анасы - Дина» тақырыбын өткенде қолдануға болады. Оқушыларды үш топқа бөліп,
шығармашылық хат формасындағы хатты жазуға тапсырма беріледі. Мысалы: «Зерттеушілер» тобы «Күй тәңірдің
күбірі» тақырыбында күйшінің атынан оқушыларға, «Ізденушілер» тобы «Күйші Дина» тақырыбында өздерінің атынан
күйші Динаға, «Талқылаушылар» тобы «Аңызға айналған Дина» тақырыбында мұғалімге хат жолдайды. Талдау
барысында мәтінде көтерген мәселесі, кімге арналатындығы, қандай формада жазылатындығын оқушылардың өздеріне
анықтатамыз. Бұл әдістің тиімділігі оқушылар ізденеді.
Қорыта келгенде, жазбаша сөйлеуді дамыту мынадай дағдыларды қалыптастыру арқылы жүзеге асады: ұсынылған
тақырыпты түсіну арқылы оған қатыссыз материалдарды бөліп, тиісті мағлұматтар арқылы нақтылай жауап беру;
мазмұндама, шығарма жазу үшін қажетті материалдарды (кітап оқу, құжаттар жинау, табиғатты бақылау т.б.) жинақтау
дағдыларына үйрету; белгілі бір тақырып бойынша жазбаша сөйлеу жұмыстарына жоспар құрып, сол бойынша жүйелі
баяндау, ой-пікірін жүйелі әрі түсінікті жеткізе білу, тілдік материалдарды әдеби тіл нормаларына сәйкес пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: |