Оқушылардың стимулы бар, мен бірге олармен тырсып, алға кележатырмын. Белгілі әдіскер-ғалымдар ауызша тіл ұстартудың төмендегі жүйесін ұсынады:
1.
Сабақтағы оқушы жауабының мұғалімнің қатысынсыз, өз тарапынан айтылуы.
2.
Оқушылардың ізденіс жасаған шығармашылық жұмыстарының қорытындысын жинақтап айтқызу.
3.
Оқушыға көрген кино, сурет, спектакльдердің мазмұнын айтқызу.
4.
Ауызша суреттеп сөйлеу.
5.
Ойдан әңгіме, өлең шығару.
6.
Көпшілік алдында сөйлеуге баулу.
7.
Мәтін оқу.
8.
Мәнерлеп оқу.
9.
Үйде оқу.
10.
Хабарлау.
11.
Күнделікті көргендерін әңгімелеу.
12.
Сын айту.
13.
Айтыс, жарыса сөйлеп айтысу.
14.
Таласу.
15.
Есеп беру.
16.
Үгіт-насихат.
17.
Баяндама жасау.
18.
Құттықтау.
Тіл дамыту жұмысы келесі бағыттырды қамтиды: 1.
Оқушылардың сөздік қорын дамыту:
- жаңа сөздер үйрету және осы үйренген сөздерінің, сондай-ақ балалардың бұрыннан сөздік қорында бар сөздердің
мағыналарын үйрету;
- көркем мәтіндегі бейнелі құралдарды үйрету;
- синонимдермен, омонимдермен жұмыс;
- антонимдермен жұмыс;
- көп мағыналы сөздермен жұмыс;
- қанатты, нақыл сөздермен жұмыс;
- мақал-мәтелдермен жұмыс;
- жұмбақ, жаңылтпаштарды үйрету;
- ертегі, мысалдармен жұмыс;
- оқушылардың үйренген сөздерін қолдану белсенділігін арттыру жұмыстары;
2.
Сөз тіркестері, сөйлемдермен жұмыс.
3.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Әдебиет пәнін басқа пәндермен байланйстыра оқытудың маңыздылығын әдіскерлер Д. Әлімжанов пен Ы. Маманов:
«Пән мен пәнді байланыстыра оқытудың қазіргі күндегі жаңа ұстанымдары оқушылардың алған білімдерінің тиянақты
болуына және оны нақтылы фактілерден өздері бақылып, сапалы меңгеркіне, алған білімдерінің әр жақты дамуына жол
ашатын ғылыми-практикалық маңызы бар әдісі болып отыр», - деп атап көрсеткен.