Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі


«ОҚУ МЕН ЖАЗУ» АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП



Pdf көрінісі
бет106/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

 
«ОҚУ МЕН ЖАЗУ» АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП 
ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 
Досаханова Жанылсин Наримановна 
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
«Төлесін Әлиев атындағы №1жалпы білім беретін мектеп» КММ 
Бастауыш сынып мұғалімі 
Бүгінде Республикамыздың Білім және ғылым министрлігінің бағдарламасына сәйкес оқу жүйесін және білім беруді 
жаңа деңгейде ұйымдастыру өзекті мәселеге айналып, қолға алынып отыр. Бұл әлемдік деңгейдің күшейе түсуіне 
байланысты. 
Қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістер ІІІ-мыңжылдықтың білімді, саналы жастарын тәрбиелеушілерге үлкен 
міндет жүктері сөзсіз. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік 
сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру 
жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. 
Демек, білімнің нәтижелілігі пәннің оқытылу сапасына тікелей байланысты. Оқытудың сапасын арттыру бүгінгі 
күннің басты талаптарының бірі. Оқытуды сапаландыру мәселесіне көптеген педагог әдіскер ғалымдар өз зерттеу 
еңбектеріде жан-жақты таңдаулар берді. Ю.К.Бабанский анықтамасында: «Сапаландыру-нақтылы жағдайда кез-келген 
міндетті шешудің ең тиімді нұсқасын таңдау» - дейді. 
Оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда «Оқу мен жазу» арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының 
стратегияларын ұтымды пайдалану, оқушының шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде маңызы ерекше. 
• Бұл бағдарламаның мақсаты барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез-келген мазмұн 
түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Бұл 
бағдарлама оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез 
арада шешімдер табуға ат салысатын бірден бір тиімді бағдарлама деп айтуға болады. 
• Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған, бірін-бірі толықтырған ойлау. 
Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта және жалпы мектеп бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен 
сұрыптап қолданған стратегиялардың қай-қайсысы болмасын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор. Жаңа білімді 
қабылдау, бекіту, іскерлікпен дағдыны тәрбиелеу т.б. барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді 
әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлау» барысындағы стратегияларды 
білімді меңгертудің әртүрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті. 
• «Оқу мен жазу» арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиясы– ұстаз бен оқушыны ізденуге жетелейтін, 
шығармашылық шабыт беретін бағдарлама. Әр оқушыда өзін-өзі дамыта, жетілдіре, бақылай алатын дағды 
қалыптастыру, соған сәйкес өз бетінше білім алуға үйрету дамудың ең биік шыңына жету болып табылады. 
• Яғни, сын тұрғысынан ойлау-ең алдымен шығармашылық ойлау. Бағдарламаның құрылымы үш деңгейден тұратын 
оқыту мен үйретудің үлгісі. Көп ақпаратты талдай жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді. 
• 1-кезең «Қызығушылықты ояту» - бұл үйрену үрдісі. Оқушының бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан 
тұрады. Белсенділігі, ынта-жігері артады. 
Бұнда ойды қозғау, ояту арқылы жүзеге асады. Оқушы өз білетінін еске түсіреді. Қағазға жазады. Жұбымен, 
тобымен талқылайды. «Ой қозғау» (тізім жасау) барысында оқушы ассосация құру арқылы «мәселе» төңірегінде 
қалыптан тыс ойланады. Бір қарағанда бір-біріне қатысы жоқ идеяларды байланыстырады. Ол дайын белгілі жолмен 
шектелмей, жаңа жолдар іздеуге, шешім қабылдауға әрекеттенеді. «Мәселеге» қатысты ассосация тізу ойлаудың 
икемділігін қамтамасыз етіп кенеттен жаңа идеяның тууына әкеледі. Сондықтан, қалыптан тыс идеяны табу қиынға 
соқпайды. Шығармашылық теориясын зерттеген ғалымдар осы жағдайды «шығармашылықтың» негізгі 
көрсеткіштерінің бірі деп есептейді. 


140 
• Бұл операция әр түрлі стартегиялар арқылы жүреді. Мысалы: «Ойыңа келген нәрсені жаз», «ол жайлы не білесің?», 
«Нысана санды тап» сияқты стратегиялар жүзеге асады. 
• Сөзім дәлелді болу үшін ана тілі пәнінен өткізілген «Төрт түлік туралы жырлар» атты сабағыма тоқтала кетсем, 
сабақтың мақсаты оқушының ойлау қабілетін дамыту және өз ойын жеке, топта тиянақты тұжырымдап жеткізе алуға, 
төрт түлікті күтіп баптауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу. Сабақты топқа бөлуден бастап, жұмбақ шешу арқылы бүгінгі 
сабақтың тақырыбы ашылады және ой шақыру мақсатында «Төрт түлік туралы не білесің?» соны қағаз бетіне түсірді. 
Әр топтың жұмысы тақтаға ілініп талданады. Және жұлдызша арқылы бағаланады. 
• 2-кезең – «Мағынаны тану» (түсіне білу) 
Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. 
Оқушы өз бетімен жұмыс жасап белсенділік танытуға жағдай жасалады. 
Бұл операцияда қарастырылып отырған мәселе жайлы ойдағы бар мәліметті қағазға түсіру және шектемей, 
тоқтаусыз жаза беру. есте қалған мәселелерді қағазға түсіре отырып оны жаңа ақпарат алуда пайдаға асыру, кәдеге 
жарату, өз білетінінен тысқары жаңалықтарды ашуға мүмкіндік береді. Сананың саңлауларын аршиды, білімдегі 
биіктікке бастайды. 
• «Инсерт», «Болжау», «Пікірталас-дебат», «Екі жақты күнделік» және т.б стратегияларды сабақтарымда қолдана 
отырып оқушылардың ой-өрісінің, танымдық қабілеттерінің, қиялының дами түсетінін байқадым. 
Айтылып отырған сабақта «Мағынаны тану» кезеңінде «Екі жақты күнделік» толтыру арқылы оқушылар ойларын, 
пікірлерін өз беттерімен алған жаңа ақпараттарын ортаға салады. Әр топтың жұмысы жұлдызша арқылы бағаланады. 
Осы кезеңде әр оқушы өз тақырыптарына байланысты төрт- түлік туралы «бес жолды өлең» жазады. Бірнешеуін 
оқытып, жұлдызшамен бағаланады. 
Ең бастысы шыңға шығуға талпыну, бірте-бірте оқушының қажеттілігіне айналады. Ол ешкімнің жетектеуінсіз 
танымдық талпыныстар жасауға үйренеді. 
• «Ой толғаныс» - бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту үрдісінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, 
өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Үйренуші дәл осы кезеңде үйренгенін саралап, 
салмақтап ой елегінен өткізеді. Мұнда балалар осы сабақта алған білімдерін қорытып тиянақтайды. «Венн 
диаграммасы», «Галереяны аралау», «Топтастыру», «5 жолды өлең», «Семантикалық карта» стратегиялары оқушы 
ойын жинақтауға өте тиімді деп айтуға болады. 
• Сабақты қорытып, ой жинақтау мақсатында төрт түлік туралы алған білімдерін «Топтастырдық» 
• Мен өз сабақтарымда осы стратегияларды қолдана отырып оқушылардың бір-бірімен ақылдасып жұмыс істеуге, 
бірін-бірі тыңдай білуге, өз пікірін бүкпесіз айтуға үйренгенін байқадым. Әсіресе оқушылардың белсенділігі артады. 
• «Оқу мен жазу» арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын бастауыш сынып оқушыларын оқытуда 
пайдалану өте тиімді, дидактиканың бүгінгі күнгі көкейкесті мәселесін шешуге бағытталған технология деп айтуға 
болады. 
• Оқушының шығармашылығын шың-дайтын, оны ойы оқшау азамат етуге ықпалы мол әдістер жүйесі деп таныған 
жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет