Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі


ЖАСАМПАЗ ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ



Pdf көрінісі
бет107/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

ЖАСАМПАЗ ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ 
Уразова Перизат Улгибаевна 
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы 
Қосжан Мүсірепов атындағы №20 жалпы орта мектебі КММ 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
 
Тарихи тұрғыдан біз үшін ең қасиетті ұғымдар – тәуелсіздік, бірлік, жасампаздық – бір-бірімен тығыз байланысты 
және мемлекеттік санаға ене бастады. Ешбір жағдайда бұл үйлесімді тізбекті бұзуға болмайды. Егер осы тізбектің кем 
дегенде бір байланысы болмаса, мемлекеттіліктің бүкіл құрылымы бұзылады. Біздің мемлекетіміздің ұлттық 
қауіпсіздігі мен қоғамдық-саяси тұрақтылықтың іргетасы әрқашан жоғары білімді жас ұрпаққа негізделген. 
Қазақстан Республикасының қазіргі жастары – ХХІ ғасырдың жаңа зияткерлік ұлтын құру ісінде мемлекетіміздің 
сенімді тірегі. Жас ұрпақ біздің халқымыз бен еліміздің болашағы үшін толық жауапкершілікті сезінуге тиіс. Біздің 
елдің міндеті жасампаз ұрпақ тәрбиелеу. Тарихқа үңілсек, қазақ жастары әрқашан ең озық өзгерістердің алдыңғы 
қатарында болып, тәуелсіздік үшін күрескен. 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты жастардың өзекті мәселелерін тиімді шешу және олардың 
үміттеріне сай болу үшін уақыттың ең заманауи талаптарына сай болуы тиіс. Өз елінің тағдырына немқұрайлы 
қарамайтын белсенді жастардың одан да көп болуы үшін әрбір азаматтың жаңа Қазақстанның дамуына жеке үлесін 
қосқысы келуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек. Жастар барлық уақытта халықтың ең прогрессивті бөлігі 
болған және болып қала береді. Ол әрқашан қоғамдағы барлық оң өзгерістер мен өзгерістердің алдыңғы қатарында 
болды. Шын мәнінде, жастар – дамудың жасампаз энергиясы мен ұлттық қуатты қалыптастыра алатын мемлекеттің 
стратегиялық ресурсы. 
Қазақ халқы салт дәстүрге өте бай. Бұл оның мәдениетті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Демек, салт-дәстүрлі ел 
мықты, әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін, салт-дәстүрі мен өнегені, 
әдет-ғұрып пен үлгіні, әдепті ырым-тыйыммен тәрбиелеп ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. 


141 
Дана халықтың өзі жасаған осы әдеп-ғұрып, салт-дәстүрді біліп үйрену, өмірде қолдану жас ұрпақты адастырмас 
сара жол. Мұны отбасында ата-ана, мектепте ұстаз, қоғамдық ортада үлкендер жас ұрпақтың бойына сіңіріп отыру 
қажет. Уақыт сынынан өткен, халықтың менталитетіне сәйкес келетін дәстүрлер бізге жетті. Біздің мақсатымыз – 
оларды келесі ұрпаққа жеткізу. 
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. 
Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Қазіргі таңда мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, өзінің дербес 
мемлекеттілігін қалыптастыруда. Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние 
болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе. Егер бүгін жастар өз халқының рухымен 
тәрбиеленіп өспесе, онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ. Өйткені, ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал, 
жастар оны сақтамаса және өзінен кейінгілерге тапсырып кетпесе, біртіндеп ұлттың атауы да өшіп жоғалмақ. Бүгінгі 
жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын білуге тәрбиелеуге бүгінгі 
педагогика ғылымдарының алдында тұрған міндеттердің бірі. Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да 
салауатты, ұлтжанды, рухы биік парасатты ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Сонымен 
қатар өз елінің рәміздерін, Ата заңын білуге, әрі құрметтеуге әрбір азамат міндетті.
Егеменді еліміздің ертеңі – білімді ұрпақ қолында. Терең білім саналы тәрбие негізінде бойға сіңетіні белгілі. Ел 
болу — болашаққа 
ашылған даңғыл жол. Сол жолды ұлттық тәрбие арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық. 
Ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің 
құрамдас бөлігі. Мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық 
құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. 
Міндеті — мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі — ана тілі болып қалатынын негіздеу; 
қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеу рухында жастардың ұлттық 
интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру; бүгінгі қазақ елінің индустриалдық-инновациялық жүйесінің дамуын 
қамтамасыз ететін жоғары парасатты ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу; білім және мәдени-рухани 
тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету; қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-
қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру болып табылады. Тәрбиенің басты нысаны елдік 
сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет