Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі



Pdf көрінісі
бет115/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

 
 
 
ТАРИХ ПӘНІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ 
 
Байтиллязи Айжан Байтиллязикызы 
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы
Баймырза Бесбаев мектеп-гимназиясы 
Тарих пәніндегі
ойындар оқыту дәрісінің белсенді түрі. Онда өткен мен қазіргінің белгілі бір жағдайлары 
модельденіп, тарихи драманың қатысушылары – адамдар «тіріледі» және «іс-әрекетке» қатысады. Осындай дәріс 
кезінде білім алушылардың тарихи іс-әрекетке қатысты спецификалық, эмоционалдық жағдайын жасау өте маңызды 
болып табылады. Оқушылар «иесіз» тарихты әртүрлі типтегі ойындар арқылы кейіпкерлер арқылы өздері суреттеп 
сипаттайды. Ойын баланы өткен немесе қазіргі кездегі болсын басқа бір адамға айналып, «өзінен жоғарыға» ұмтылуға 
немесе ересек адам ретінде өзін сезінуге, яғни күнделікті «өзінен» басқа образға енуіне мүмкіндік береді. 
Кейіпкерлердің ойын, сезімін, іс-әрекетін түсіну арқылы білім алушылар тарихи шындықты моделдейді. Ойын арқылы 
қабылданған білім әрбір білім алушыға тұлғалық мәні бар, эмоционалдық бояуы бар, оқытылып жатқан дәуірді 
жақсырақ «сезінуге», тереңірек түсінуге көмектеседі. 


151 
Әрине мұндай қиын міндет білім алушыдан барлық дағдыны жұмылдыруды қажет етеді, жаңа білімді меңгеру мен 
тереңдету, дүниетанымын кеңейту, ал ең бастысы маңызды іскерлік пен икемділіктің тұтас кешенін меңгереді, ең 
алдымен коммуникативті ептілікке тәрбиелейді. Білім алушының қабылдау, уайымдай білу дағдыларын 
қалыптастырып, дамытады. 
Әдіскерлер тарихи ойындардың екі маңызды белгісін көрсетеді: қатысушылардың төл сөзінің (диалог) өткен шақта 
немесе осы күнде орын алғандай болуы және елестету жағдайының болуы. 
Ойындар әр түрлі белгілеріне қарай жіктеледі: мақсаты бойынша, қатысушылар саны бойынша, іс-әрекет 
сипаттамасына қарай. Сонымен қатар имитациялық (еліктеушілік), символикалық және зерттеу ойындары болып та 
бөлінеді. Алғашқылары еңбек сферасындағы ойын үлгілерімен ассоциацияланады, екіншісі ойын белгілері мен нақты 
ережелеріне негізделеді, ал үшіншісі іс-әрекет әдістері мен жаңа білімге қатысты. 
В.Г.Семенов 1) білім алушыға жанама әсер ететін интерактивті ойындар (ребус, кроссворд, т.б.); 
2) білім алушыға тікелей әсер ететін интерактивті ойындар (сюжеттік-ролдік ойындар); 
3) интерактивті емес ойындар (жеке ойын тапсырмалары) деп жіктейді. 
Осы зертеуші импровизация деңгейіне сәйкес тағы да былай жіктейді: 
Ролдер және сюжеттік ойындар (импровизациялық); 
Анық каноникалық сюжеттік ойындар (каноникалық); 
Сюжетсіз ойындар (кроссвордтар). Іскерлік ойындар: талқылау-ойын, зерттеу-ойындарына бөлінеді. Ретроспективті 
ойындар ролдік және ролдік емес болып бөлінеді. Бұл ойындардың қай-қайсынының болсын негізгі белгісі оған 
қатысушының «қатысу эффектісінің» болуында, яғни «осындай болуы мүмкін еді» принципіне негізделеді. Оқушы 
осындай ойын үшін өзіне ат ойлап табады, өмірбаян фактілерін жинақтайды, костюм дайындап, кейіпкеріне сай өзіндік 
бейнені жасайды. Мұнда ол кейіпкердің мінезі, сезімі, ойы мен көзқарасы тұрғысынан көп мағлұмат білуі қажет болады. 
Тарих пәнінің оқытушы сабақ кезіндегі ойындарда төмендегі ролдерді атқара алады: 
Тәжірибе көрсеткеніндей сабақ үстіндегі ойын өте маңызды. Әдістемелік тұрғыдан дұрыс, сауатты 
ұйымдастырылған ойын дайындық үшін көп уақыт алғанымен оқытушы мен оқушының оқу үрдісінде бірлесе әрекет 
етіп шығармашылық тұрғыдан неғұрлым оқушылардың белсендірек әрекет етуіне, ізденуіне алып келеді. 
Тарих пәніндегі ойындарды іскерлік және ретроспективті ойындарға да жіктеуге болады. 
нұсқаушы ретінде –өзінің ролін тек түсіндіруші, бағыттаушы ретінде көрсетеді; 
төреші-рефери – қатысушылардың іс-әрекетін бақылап, ережелерге сәйкестігін қадағалайды; 
жаттықтырушы – тапсырмалар беріп, ойын барысында көмек көрсетеді, ойынға қатысушыларды ынталандырады. 
төраға-жүргізуші – ойынға импульс бере отырып, оның барысына әсер етеді, барлық қатысушылардың іс-әрекетін 
өз қолында ұстайды, ойынға қорытынды жасайды, ойынның мақсатына жеткен жетпегенін анықтайды. 
Ойынға қатысушылар актерлер, көрермендер, эксперт-сарапшылар ретінде ойынға қатысады. Актерлер сахнаға 
шығып, ролдері бойынша мәтіндерді орындайды. Көрермендер қосымша мәліметтер алады, пікірталасқа қатысады. Ал 
сарапшылар ойынды талдап, әрбір ойынға қатысушының іс-әрекетін (ролінің мазмұнын, қатысушының сенімділігін, 
әртістік қабілетін т.б.) бағалайды. 
Тарихи ойындардың негізгі кезеңдеріне келсек, бірінші кезең – дайындық кезеңі. Ол сабақтың басталуына дейінгі 
уақытты қамтиды. Бұл кезеңде ойынның мазмұны мен стратегиясы анықталады, жоспар немесе сценарий жасалады, 
қатысушыларға нұсқау беріледі, керекті материалдар мен құралдар сатып алынады немесе дайындалады. Оқытушы 
білім алушыларға ойын шарты мен міндеттерін түсіндіреді, ролдерді бөліп береді, қажетті қосымша әдебиеттер береді. 
Қажеттілігі болған жағдайда ойынға жеке-жеке кеңес беріліп, сценарий фрагменттерін талқылап, түзетулер енгізеді. 
Екінші кезең сабақ барысында өтеді. Ол кіріспе кезең болып табылады. Мұнда оқытушы барлығы үшін толық ойын 
барысын түсіндіріп өтеді, қатысушыларды таныстырады. Білім алушылар ойынға еніп, зейінін толығымен аударады. 
Ойын кезеңі барлық білім алушыларды ойын әркеттеріне еніп, эмоционалды әсер алуына байланысты сипатталады. 
Оқытушы тек қана актерлер мен сарапшыларға ғана назар аудармай, көрермендерге де, яғни барлық қатысушыларды 
өз назарында ұстауы қажет. 
Соңғы қорытынды кезеңде, ойын аяқталған соң, сабаққа талдау жасалады. Өз өздерін бағалауы мен сарапшылардың 
бағалауы тыңдалады. Тарихи шындықтың ойын кезеңіндегі деңгейі анықталады. 
Ролдік ойынға қатысушыға нұсқау ретінде мыналарды айтуға болады: 
оқытушы берген әдебиеттерді мұқият оқып, қажетті материалды игеру; 
оқу құралындағы, оқу әдебиетіндегі иллюстрациялық материалдарды қарап, кейіпкерлердің сыртқы пішіні мен бет-
бейнесіне, құрал-жабдықтар мен тұрмыстық кейіпіне назар аудару; 
өзі ойнайтын роль бойынша кейіпкердің бет бейнесін, мінез-құлқын, өмірбаянын зерттеу, елестету; 
сенімділікті арттыру мақсатында ойнайтын кейіпкердің өмір сүрген дәуірін, ойын, көзқарасын ұғыну, сол дәуірдің 
диалектикасы бойынша сөздерді қолдану.Қорытындылай келе тарих сабағы барысында ойын түрлерін пайдаланған 
жөн, себебі ол пәнді тереңдетіп түсіну үшін, қабылдау дәлдігіне қол жеткізу үшін аса маңызды құрал болып табылады. 
Бірақ та әр нәрсенің өз шегі болатыны сияқты оларды орынды, өз өлшемімен қолдану оқыту сапасын жетілдіруге ықпал 
етеді. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Оқу процесінде, оның ішінде практикалық 
сабақтарда ойындарды қолдану оқытушының жеке тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Ойындарды 
оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер 
жасайды. 


152 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет