148
Модульдік оқыту технологиясы;
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
Сатылай комплексті талдау;
Деңгейлеп оқыту технологиясы жатады.
Осы оқыту технологияларының кейбіреулеріне тоқталып кетсем.
Жобалау арқылы оқытудың тиімділігі дәстүрлі сабақтарға қарағанда, жоспарлы оқытудан гөрі оқушыға негізделіп,
оның перспективасына қарай шынайы өмірдің мәселелерімен ұштасатындығында.
Сондықтан жобалау арқылы
оқытудың ұраны «Бәрі өмірден және бәрі өмір үшін». Қоршаған орта жобалау арқылы оқытудың зертханасы болмақ
және таным процесі де осы жерде өтеді.
Жобалау арқылы оқытудың мақсаты:
- оқушылардың өз бетімен танымдық – зерттеуіне жағдай жасау;
- оқыту процесінің мүшелерінің бірігуі: оқушылар мен олардың ата-анасы, мұғалімдер және әкімшілік;
Жобаны жоспарлаудың мынадай сатылары бар:
дайындық кезеңі, жоспарлау, зерттеу, нәтиже алу, жұмысының есебін көрсету, бағалау.
Жобалап оқыту әдісінде мұғалім мен оқушының рөлі қандай?
Мұғалім:
-тапсырмалар беріп, мақсат қоюға көмектеседі;
- мәселені оқушылармен бірлесе отырып жасайды, идеялар ұсынады;
- берілген шаблон бойынша жобаны сипаттайды, кеңесшінің, эксперттің, менеджердің рөлінде болады;
- оқушылардың іс-әрекетіне баға беріп және олардың алған қорытындыларының маңыздылығына баға береді.
Оқушы:
-
мәселені
талқылайды;
-
зерттеу әдістерін таңдайды;
-
алынған деректерді әуелі өзі талдайды;
-
алынған аралық нәтижелерді талқылайды;
-
жұмысын безендіріп, презентациялайды; (VCT-шаблондайды)
-
бағалау мен өзін-өзі бағалауға қатысады.
Жобалар ұзақтығы әр түрлі бола алады: мини-жобалар, орташа жобалар, ұзақ мерзімді жобалар.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек.
Дамыта
оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғаліммен оқушы арасындағы ерекше қарым- қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын
білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек
осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқыту сабақтарында жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткені талданбаған шығарма баланың
жүрегіне жетпейді деп есептелінеді. Талдау- бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім әр баланың көңіл- күйін
бақылауға, ой- пікірін байқауға, интеллект деңгейін анықтай алады. Әсіресе оқу сабақтарындағы материалды талдау
арқылы шы,арманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б.
сияқты тамаша адамгершілік қасиеттер балалар бойына жұғысты болады.
Информатиканы дамыта оқытудың мақсаты:
Жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажет
қабілеттерін қалыптастырып, дамыту және өз бетімен білім алу, өзін – өзі
дамытуға жағдай жасау. Бұдан туындайтын негізгі мақсатымыз оқушыларға ақпаратты өңдеу, беру және қолдану
процестері туралы білімдерді меңгерту. Оқушылардың оқу процесінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен
оны іске асыру құралы ретінде пайдалану.
Информатиканы оқытудың дамытушылық мақсаты: оқушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға
және тұлғасын ақыл ойын, ойлау қабілетін, ынтасын дамытуға бағытталған.
Практикалық мақсаты: оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық
есептер шешуге және оны ақпараттық қоғамдық өмірге дайындауға бағытталған.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыны азаматтыққа, адамгершілік қасиеті және жоғары саналылыққа баулуға бағытталған.
Информатиканы
оқытудың мақсаты, ол бір ғана оқытудың міндетті нәтижесіне жету емес, сонымен қоса
информатикадан әрбәр оқушының іскерлігі, мүмкіндігін дамытатындай жағдай жасау. Оқуға қызықтырудың басты
элементтерінің бірі – ол нәтижеге жетуге ынталандыру. Ол міндет оқушыларды дамыта оқыту.
Тағы бірі модулдік оқыту технологиясы. Модуль – қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын, біршама дербес
бөлігі. Модульдік оқытудың құрылымы
Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған.
Оның мазмұнына:
1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;
2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3. Балалардың білім деңгейін алдын ала бағалау:
4. Оқу әрекетінің
жиынтығы;
5. Нәтижені бағалау:
Осының арқасынды оқу процессі «модульдік» сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке
блокттардан жасалады. Қайта жаңғыртатын оқу циклі ретінде оқу модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады:
кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды:
149
· Кіріспе бөлім (модульге, тақырыпқа енгізу)
· Сөйлесу бөлімі (оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)
· Қорытынды бөлім (бақылау)
Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшілігі- мұғалімнің даярлық жүйесі. Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат
санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын
ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрайды.
Бұл технология
-
баланың тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға:
-
танымдық
поцестерін дамытуға
-
жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
-
белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға:
-
тұлғаны қиындықтарға даяр болу және білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік,сыйласу,
шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруына ықпал етеді.
Инновациялық технология нәтижелері:
Түрлі әдістерді пайдалану арқылы сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
Олардың әрқайсының деңгейін анықтай алуға мүмкіндік аласыз.
Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласыз.
Оқушыларды
ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.
Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қояды. Оның өлшемі тек сауаттылық деңгейімен
(жазу, оқу, есептеу) ғана өлшенбейді, оның ең басты критерийі - функционалдық сауаттылық. [2] Сондықтан да сауатты
ұрпақты қалыптастыру қазіргі таңдағы ең басты мәселелердің бірі болғандықтан, бұл проблемаларды шешуде жаңа
технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту,
дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу – бүгінгі күннің ең басты мақсаты болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: