161
Іс - әрекеттік ұстанымы математикалық ұғымдар мен амал-тәсілдерін саналы әрі берік игеруге арналған негізді
қамтамасыз етеді. Оқушыларды белсенді оқу-танымдық іс-әрекетке тарту арқылы жаңа білімді «ашуға», өзін-өзі
бағалауға мен өз бақылауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқушының дара ерекшеліктерін ескеру ұстанымы қиындық деңгейі әр түрлі тапсырмаларды, өзіндік, зерттеу және
жобалық жұмыстарды қолдануды қамтамасыз етеді, оқытудың тұлғалық маңызды мотивін қалыптастыруға мүмкіндік
береді.
Шығармашылық ұстанымы оқушылардың өз бетімен стандартты емес, шығармашылық, логикалық есептердің
шешуін табу қабілеттерін қалыптастыруға,жаңа амал-тәсілдерін «ашуға», жаңаны жасай алуға, нақты өмірлік
жағдаяттардың стандартты емес шешімін табуға, құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындауға мүмкіндік
береді.
Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру үшін әр түрлі формада ұсынылған (кестелер, диаграммалар, графиктер
және т.с.) есептер қолдануға болады. Мысалы: Үш шығарма 34бетке басылған. Бірінші шығарма 6 бет, ал екінші үшінші
шығармадан 3есе кем болса, екінші шығарма неше бетке басылған?
Осы есепке (процентпен әр шығармаға бөлінген беттердің дөңгелек диаграммасын сызыңдар)деген қосымша
сұрақпен толықтырса, ол бірінші деңгейлі құзыреттілікке бағытталған тапсырмаға айналады .
Қарым-қатынастық, коммуникативтік құзыреттілікті оқушылардың танымдық іс-әрекетін топтық және ұжымдық
жұмыстар ұйымдастыру арқылы қалыптастыруға болады.Мысалы: АВС тікбұрышты үшбұрыштың АВ
гипотенузасында АВС үшбұрышы жатпайтын жарты жазықтықта ABDE квадрат салынған.Үшбұрыштың С тік бұрыш
төбесінен квадраттың центріне дейінгі арақашықты табыңыз,егер ВС және АС катеттерінің ұзындығы сәйкесінше a
және b-ға тең болса. Есепті шешуге оқушыларды топқа бөліп, бірінші топ синустар теоремасы арқылы, екінші топ
косинустар теоремасы арқылы, үшінші топ аудандарды қолданып шешуді ұсынуға болады.
Өзіндік менеджментке жататын өмірде кездесетін проблеманың шешімін табу құзыреттілігін қалыптастыру
мақсатында оқулық мәтінімен оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне, есептің шығару алгоритмін құру,түрлі
тақырыптарға реферат немесе шағын жобалар жазу ұсынуға болады.Оқу ақпараттарын оқушылардың өмірлік
тәжірибесімен байланыстыруға тырысу:
- жаңа тақырыптарды бастай отырып, оқушылардан бұл мәселе жөнінде олар не біледі,не оқыды, қандай ойлар т.б.
туындағанын сұрап білу;
- тақырыптардың кейбір жерлеріндегі түсінбеген,күмәндаған тұстарын мәселе қою арқылы , әр түрлі ой пікірлер
арқылы түсіндіруге тырысу;
- мәселені шешуде оқушылардың ой-пікірлерін қолдану;
- шындыққа жанаспайтын пікірлерді тексеруге және дәлелдеуге;
- бір-бірімен сөз таластыруға және айтылған пікірлерді жоққа шығаруға мүмкіндік беру.
Егемен еліміздің келешегі жас ұрпақты тәрбиелейтін орта мектеп өзіне жүктелген әлеуметтік міндетті атқару үшін
ондағы игерілетін білім мазмұны, білім берудің түрлі жолдарын бүгінгі талапқа сай жаңартуға ұмтылуы заңдылық.
Оқушылар қоршаған ортада туындаған және математика құралдарымен шешілетін проблеманы тануды үйренуі тиіс
және сол проблемаларды математика тілінде тұжырымдай алуға;оны математикалық білім мен әдістерді пайдаланып
шеше білуге ;пайдаланылған шешу әдістерін талдай алуға;алынған нәтижелелерді қойылған проблеманы ескере отырып
түсіндіре білуге; қойылған проблеманы шешуде алынған соңғы нәтижені тұжырымдай және жаза алуға қабілетті болуы
тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: