Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі



Pdf көрінісі
бет124/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

Әдіс-тәсілдердің қолдану 
аясы 
Түрлері 
Жағымды ахуал орнатуға және 
топқа 
бөлуге 
арналған 
ойындар 
Айдаһар 
Айна 
Атмосфера орнату 
Бұл кім? 
Есімдер арқылы топқа бөлу 
Бір қадам алға... 
Туған ай немесе күндерімен шағын топқа бөлу 
Сабақты бастауға арналған 
идеялар 
Айқын мақсат қоя отырып 
Артығын алып таста 
Сөзді тап 
Суреттер: Не болды? 
Ми шабуылы, ми штурмы («Дельфи» әдісі) 
Қазына іздеу жолында 
Бұл жауабы болса, онда сұрақ қандай болады? 
Талқылауға 
арналған 
оқытудың 
белсенді 
әдіс-
тәсілдері 
Аквариум
Алфавит 
Ашық және Жабық сұрақтар 
Блиц-кездесу 
Блум түймедағы 
Бірге ойлаймыз 
Былғары қолғап 
Гауһарлар иерархиясы 
Ғажайып көрме 
Дауыстап айтылатын ой 
ДЖИГСО 
Дизайн 
Дұрыс емес пікір 
Егер..., онда не болар еді? 
Елестету көрінісі 
Еркін пікір 
Жаңалық ашамыз 
Шеринг 
Қалыптастырушы 
бағалау 
әдістері мен тәсілдері 
Бағдаршам 
Бас бармақ 
Допты лақтыру 
Егер 5 минутыңыз болса... 
Екі жұлдыз, бір ұсыныс 
Stop-кадр 
Сабақты 
бекітуге 
(қорытындылауға) және кері 
Айтарым бар 
Аяқталмаған сөйлем 


165 
байланысқа арналған идеялар 
мен әдістер 
БББ 
Бес саусақ 
Бес жол өлең (Синквейн) 
Бір сөйлеммен түйіндеу 
Жетістік баспалдағы 
Желпуіш 
Медаль және миссия 
ПТМС-формула 
Ойлау пирамидасы 
Өрмекші 
Сұрақ-жауап 
Сұрақ ілмегі 
Төрт сөйлем 
Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами 
келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 
Қазақ халқының біртуар перзенті, ғалым А.Байтұрсынов: «Әдіс – келешектен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман 
болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай»-деген екен.
Жаңа технологияны пайдалану, оларды жинау, зерттеу соның нәтижесінде өз тәжірибесін дамыту – жаңашыл 
мұғалімнің ісі.
Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту 
оқушылардың алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында қарым-қатынас үдерісінде тиімді 
қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі заман талабы – жан-жақты дамыған, функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқыту әдістеріне 
өзгерістер енгізіліп жатыр. Алдымен, тілді үйреніп, сол тілде ойлап, сол тілде сөйлейтін азамат даярлау – басты мақсат. 
Тілді оқыту оңай іс емес екені айқын. Оқушы сүйсіне отырып, құлшыныспен оқуы үшін тиімді, қызықты, жаңашыл 
әдіс-тәсілдерді қолдану қажет.
-
мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігіне бағыт-бағдар беріп, өздігінен білім алудың жолын көрсетеді; 
-
оқушының өзінің біліміне өзі жауапты екенін көрсетіп, өзін-өзі бағалай алуға, сыни тұрғыдан ойланатын 
әлеуметтенген жеке тұлға болып қалыптасуына жетелейді
-
оқушылар мұғалімнің қолдауымен емін-еркін қарым-қатынасқа түсіп, алған білімдерін өмірде қолдануға 
бейімделеді; 
-
оқушының өзіне деген сенімділігі оянып, өзіндік көзқарасын білдіре алатын дамыған тұлға қалыптасады. 
Айтылым дағдысын дамытуда қолданылған әдіс-тәсілдер – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең 
ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін 
дамытуға бағытталған. [4]
Жас ұрпақты болашаққа дайындауда шығармашылық, сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас және бірлесіп әрекет 
ету мәселелеріне назар аудару маңызды. 

Идея тудыру әдістерін кеңінен пайдалану (мысалы, миға шабуыл) 

Жаңа және құнды идея ұсыну 

Оның құнын арттыру мақсатында өз идеяларын ұсыну, нақтылау, талдау және бағамдау. 
Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды 
оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап қолданамын. Атап айтсам, сын тұрғысынан ойлау, тірек- сызба, 
дамыта оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту т.б. Мен үшін әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану 
үлкен жетістіктерге жетелейді. Өзімнің әрбір сабағымда озық технологияларды пайдалану жақсы нәтижелер бергенін 
көрудемін. Әр түрлі әдістерді сабағымда қолданып, тиімді – тиімсіз жақтарын зерттеп, ізденіп жүрмін 
Қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа технологиялардың элементтерін қолдана отырып, айтылым дағдысын дамыту 
бойынша жұмыс жасауға ерекше көңіл бөлемін. Өйткені, бұл технология баланың жеке мүмкіндігіне, өз ойын еркін 
айта білуге шығармашылығына бағытталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет