ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЫҢДАЛЫМ ЖӘНЕ АЙТЫЛЫМ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУҒА
ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ТАПСЫРМА ҮЛГІЛЕРІ
Смайлова Гульнар Алмабековна
Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы
«Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақ тілі
сабағында айтылым бойынша жұмыс түрлерін көбірек ұсыну, ойын түрлерін беру, оны кейін практикалық
тұрғыда қолдана білуге үйрету жұмыстары өз нәтижесін беріп келеді.
Өз сабағымда қолданатын тиімді әдіс-тәсілдер:
1.«Көшпелі микрофон» әдісі арқылы интервью жүргізу.
Берілген сұрақтарға жауап алу арқылы тыңдалатын мәтінге болжау жасалғанда немесе тыңдалымнан кейін
оқушыларға нақты мазмұнды тексеруге бағытталған сұрақтар
қойылғанда өте тиімді келеді. Бұл әдісті тек сабақ үстінде
ғана емес, үй тапсырмасы кезінде де қолдануға болады. Аталған әдісті оқушыларым шығармашылық жоба құрастыруда
пайдаланды. Мысалы, белгілі бір тақырып бойынша оқушылар (топқа бөлініп) бірнеше сұрақтар дайындайды.
Дайындалған сұрақтармен қала тұрғындарынан ұялы телефон арқылы интервью алады. Әр топ интервью алғаннан кейін
келесі сабаққа бейнеролик пен слайдқа жасаған сараптамаларын әкеліп, жұмыстарын қорғайды.
2. «Көрме»
(«Галереяны шарлау» әдісі Саймон Браунхилл ұқсас келеді) Талқыланған мәселе, дайындалған
постер бойынша қорытынды жұмыс немесе өнімді ұсыну арқылы өз жұмысын ұсыну, идеяларын қорғау, ерекше
идеялар ұсыну. Қабырғаға дайындалған постер ілінеді. Топтар кабинет ішінде қозғалысқа түсіп, көрмеге барады.
Қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды. Көрме аяқталған соң, топтар жұмыстарды талқылайды. Бір-біріне
сұрақтар қойып, пікірлерін тыңдап, қорытынды жасайды.
3. «Блум түймедағы»
Блум түймедағының алты күлтесі – сұрақтар типінің алты түрі
Достарыңызбен бөлісу: |