БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНДА ТЫҢДАЛЫМ ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҢЫЗЫ
Ибрашева Айсулу Утегеновна
Ақтау қаласы
«Фариза Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Біз тілді үйрету барысында әр түрлі методиканы қолдана отырып болашақта оқушыларымыздың әлемдік деңгейдегі
жарыстарға, жобаларға қатысып бақсынаса алатындай деңгейге көтеруіміз қажет. Болашақда өзге елде біліадерін
166
шыңдап, білімдерін еркін дамыта алатындай жағдай жасауымыз керек. Ол үшін біз тілдің төрт әрекетін жетік үйретуіміз
қажет.
Өзге тілді үйрену кезінде үйренуші тілдік әрекеттің 4 түрін үйренеді. Олар:
- айтылым - ауызша вербалдық қарым-қатынас арқылы жүзеге асатын тілдік әрекеттің өнімді түрі;
- тыңдалым - ауызша ақпаратты түсіну және қабылдаумен байланысты тілдік әрекеттің өнімсіз түрі;
- оқылым - жазбаша мәтінді түсіну және қабылдаумен байланысты тілдік әрекеттің өнімсіз түрі;
- жазылым - графикалық үлгіде ойды жарыққа шығаруды қамтамасыз ететін тілдік әрекеттің өнімді түрі.
Оның ішінде шетел тілін үйренуде сөйлеу және тыңдау аса маңызды орын алады. Себебі адамзат осы сөйлесу
арқылы бір-бірімен қарым қатынас жасап, бірін-бірі түсінеді.
Аудиомәтінге қойылатын басты талап - оның қандай да бір мәселені көтеруі және ақпарат беруі. Мәтін өтілген
материал негізінде құрылады және жаңа сөздердің 5-7 %-ын құрайды.
Айтылым - ауызша вербалдық қарым-қатынас (тыңдалыммен бірге) арқылы жүзеге асатын сөйлеу әрекетінің өнімді
түрі. Айтылым мазмұны - ауызша түрде ойды жеткізу. Айтылым негізінде дыбыстау, лексикалық және грамматикалық
дағдылар жатыр.
Айтылым монолог және диалог түрінде болады. Диалог - екі немесе оданда көп адамдардың кезектесіп сөйлесуі
арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма. Диалог сөйлеуші мәліметті немесе сөйлеушіні түсінбеген жағдайда
сұрақ қою арқылы жүзеге асады. Диалогтар қысқа түрде яғни 2-3 сөйлемнен құралу мүмкін немесе «мазмұнды» яғни
ұзын болуы мүмкін. Диалог кезінде мынандай айтылымдар кездеседі: ауызекі сөйлеу барысында қолданылатын сөздер,
мимка,жест,қимылдары. Сабақ барысында оқушыларға сыныптасымен бірге тыңдалымнан кейін диалог құрау, рөлдік
ойын тапсырмаларын беруге болады.
Жоғарыда атап өткендей диалогпен қатар тағы бір сөйлеу түрі бар. Ол «монолог» деп аталады. Монолог кейіпкердің
көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы. Монологты сабақ барысында оқушыға жеке
тапсырма беру арқылы қолдана алмыз. Тыңдалымнан кейін орындалатын жаттығулар бере аламыз. Мысалыға
тыңдалымды әңгімелеу, сипаттау немесе сұраққа жауап беру тапсырмалары.
Монологтік сөйлеуге үйретудің мақсаты - тілдік монологтік білікті қалыптастыру:
•
мәтінді әңгімелеу, суреттеу дайындау, берілген тақырыпқа шағын мәтін, әңгіме құрастыру;
•
берілген тақырыпты логикалық бірізділікпен ашу;
•
өз сөзіне пікір білдіру, дәлелдемелер келтіруді қоса отырып, өз пайымдауының дұрыстығын дәлелдеу.
Тыңдалым дағдысын дамыту үшін орындалатын тапсырмалар оқытушы арқылы сарапталып, үйренушінің деңгейіне
сйкес алынылуы қажет. Деңгейге қарай біз қарапайым деңгей, орташа деңгей және жоғары деңгей деп қарастыра
аламыз. Әр сабақ барысында кем дегенде бір рет тыңдалымға байланысты тапсырмаларды орындау керек, сол кезде
үйренуші өзге тілді үйренуге және оны түсінуге мүмкіншілігі болады. Сабақ үстінде тыңдалымды ұйымдастыру:
•
Бейне жазба ( қысқаша фильмге шолу немесе басқа видео) қолдана отырып тапсырмалар орындау;
•
Аудио жазба ( мәтін, диалог, монолог, сөдіктер) тыңдай отыр қайталау немесе соған байланысты тапсырмалар
орындау;
•
Оқытушының айтқан сөздерін қайталау , яғни оқытушы тыңдау;
Тыңдалымдарға байланысты берілетін тапсырмалар.
Бейне жазба:
- бейнебаяндағы оқиғаны баяндап беру, шағын түсінік жазу немесе оқиғаны талқылау, өз пікірін білдіру, сыни пікір
айту, дұрыс немсе бұрыс жақтарын көрсету;
- қызықты ойындар ойнау арқылы тыңдалымды дамыту. Мысалы топтық сайыс ұйымдастыру арқылы тыңдалымды
дамыту. Бейнежазбаны көрсету барысында тек бір ғана оқушы тыңдап, қалған оқушыларға тек сөзсіз бейне жазба
көрсетіледі, кейін бейне жазбаны тыңдаған оқушы қалған топ мүшелеріне түсіндерме жасау арқылы тыңдалымды
дамыту.
Аудио жазба негізінде бейне жазбаға қарағанда тыңдалуға қиын болып кледң. Себебі бейнежазбада оқушы оқиғаны
елестете отырып , бейне жазбадағы қимыл-әрекеттерге байланысты тақырыпты түсіне алады. Аудио жазба кезінде
оқушы тек қана өзіне сеене алады.
- Бейне жазбада қолданылған тапсырмаларды да қолда алмыз, бірақ бұл жерде оқушыға 2-3 мәрте қайта тыңдауға
мүмкіншілік береміз. Тағыда басқа бос орынды толықтыр, сөздерді сәйкестендір, рет-ретімен орналастыр, сұрақтарға
жауап сынды тапсырмаларды қолданамыз.
Тыңдалымдағы бұл тапсырманы оқушының жас мөлшеріне жәнеде деңгейіне байланысты күрделендіру арқылы
қолданамыз. Оқушылар қарапайым деңгей кезінде : қысқа тыңдалымдарды түсіну, күнделікті өмірде қолданылатын
сөздерді, сөйлемдерду (өзі, отбасы, хобби) тыңдалым барысында тануы керек. Бұл деңгей кезінде сөйлемдер қысқа
және көбінесе жай сөйлем болып келеді.
Орташа деңгей кезінде оқушылар өзі және отбасы сынды тақырыптардан басқа демалыс, саяхат, жұмыс орын сынды
аудио мәтіндерді түсіне алады. Жәнеде аудио жазбаны толықтай түсінеуі керек. Аудионы көлемі де қарапайым деңгейге
қарағанда ұзағырақ болады.
Жоғары деңгейлі тыңдалым барысында оқушы радиодағы сөйлеушіерді, атақты жұлдыздардың сұқбаттарын өз
еркімен түсіне алады. Тыңдалымнан кейін сұрақтарға толықтай жауап береді және белгісіз сөз естісе де мәтіннің жалпы
мазмұнын ұғына алады. Бұл деңгейде үйренуші оригинал аудио кітаптар тыңдап және көркем фильмдер көре алады.
Ең бастысы үйренуші кезең-кезеңімен қарапайым деңгейден бастап соңғы жоғары деңгейге дейін асықпай рет-
ретімен үйренгені жөн. Және де тек тыңдап қана үйренбей сол тыңдаған жазбаны түсіне білуі де маңызды. Сабақ
167
барысында ғана емес тіл үйренуші сабақтан тыс үйде, серуендеген кезде өзге тілді әуен немесе аудио кітаптар
тыңдағанда ғана тілді тез тамытуға болады. Егер күніне 30 минуттан 1 сағат аралығында тілге көңіл бөлетін болса жақын
арада тілді меңгере алады. Ең бастысы оқылатын мәтін, тыңдалатын аудио жазба үйренушіге қызықты , тәрбиелік мәні
бар және оның қызығушылығын арттыратындау болуы керек. Тыңдалымды тек тыңдау арқылы үйрену мүмкін емес,
яғни тіл үйрену барысында біз төрт дағдыны да қатар алып жүреміз сол кезде тілді үйрену қызықты әрі жеңіл болады.
Үйрету барысында оқушыларды қолдап, мадақтап, мотивация беру де олардың үйренуге деген құлшынысын
арттыратыны сөзссіз. Әр бала бір бөлек әлем ретінде қарасытырып, берілетін тапсырманы да деңгейіне қарай беру оның
тілге деген ынтасын түсіріп алмау ұстаздың маңызды жұмысы.
Достарыңызбен бөлісу: |