Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі



Pdf көрінісі
бет133/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

 
 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ 
 
Жакупова Арайлым Зейнуллаевна 
Нұра ауданы 
«Қарақойын» ЖББМ 
бастауыш сынып мұғалімі 
 
Ойын
– айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын 
үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А. С. Макаренко: «Ойын - балалар өмірінде 
өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да 
сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ 
қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады» - деп балалар ойынын жоғары бағалаған. Тиімді қолданылған 
ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. 
Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен 
кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.Сабақта және сабақтан тыс уақытта 
қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, 
тәрбиелік, танымдық мақсаты зор. 
Ойын арқылы оқушы не үйренеді? 

Қисынды ой-қабілетін дамытады 

Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді 

Сөздік қорын байытады, тілі дамиды 

Зейіні қалыптасады 

Байқампаздығы артады 

Өзара сыйластыққа үйретеді 

Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды 

Бір-біріне деген оқушы сенімі артады достыққа, ынтымақтастыққа баулиды 

Сабаққа қызығушылығы артады. 

Ойын сабақта ұтымды пайдаланса оқушылардың пәнге қызығушылығы артады, сөздік қоры молайғанына көз жетеді. 
Дұрыс нәтижеге жету үшін: әр ойынның тәрбиелік,білімдік, дамытушылық маңызы, жас ерекшілігі, 
қауіпсіздіктехникасы, эстетикалық талаптарды ескеру қажет.
Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын 
әрекеттері, рөлдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл 
элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс–әрекеті ретінде көрсетеді.Ойынның түпкі 
ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мәселен: «дүкен»,«аурухана», «әскер» және 
т.с.с. болып ойнау. Ол сөзде тұжырымдалып, ойын әрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында 
қалыптасады және ойынның өзегі болып табылады.Ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды азды–көпті мынадай 
типтік топтарға бөлуге болады: 
- тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар («отбасы», «мектеп», «балабақша» болып ойнау); 
- жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар (үйлер, стадиондар тұрғызу, кеме салу); 
-қоғамдық оқиғаларды салу, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар (мерекелік демонстрациялар, қонақтарды қарсы алу, 
саяхаттар). 
Ойындарды бұлай бөлу, әрине шартты ғана, өйткені ойын өмірдің алуан түрлі құбылыстарын бейнелеуді қамтуы 
мүмкін. 
Ойынның сюжеті, мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайды, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым–
қатынастарының дамуын, көпжақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, 
ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады. 
Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні — бала атқаратын рөл. Ойын үдерісінде рөлге берілетін маңызына 
қарай көптеген ойындар рөлді немесе рөлді–сюжетті ойындар деп аталады. Рөл әрқашан адамға немесе жануарға, ол 


172 
қиялдағы қылықтарға, ісәрекеттерге, қарым–қатынастарға қатысты болады. Солардың бейнесіне енген бала сол өзі 
қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір рөлді ойнайды. 
Ойын үдерісінде балалардың өздері (ал кейбір ойындарда – ересектер) ойнаушылардың мінез–құлқы мен өзара 
қарым–қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, 
оның мазмұнын баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым–қатынастың одан арғы дамуын, күрделене түсуін 
айқындайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі. 
Сабақтың үстінде ойынды қолдану мынадай негізгі шарттарға жүгінеді: 
- ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады; 
- оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады; 
- оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады; 
- оқу әрекетіне ойын жұмыс элементі ретінде кіреді; 
- ойын нәтижесі бірден шығарылып отырады; 
Осындай дайындық кезінде сабақтағы ойын элементін қолдану үшін мына мәселелерді ескеру қажет: 
- тәрбиелік мақсаты; 
- қолданылатын көрнекіліктер; 
- уақытты үнемдеу; 
- ойын қызықты бола ма?; 
- оқушылардың белсенділігін бақылау. 
Сабақ барысында оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл 
атқарады. Ойын әдісі арқылы олардың пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші 
бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. 
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланылатын: ойын-сабақ, ойын жаттығу, сергіту 
ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, іскерлік ойындар немесе 
ұлттық ойындар және тағы басқалары. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне 
көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет