169
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
МАҚСАТЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА ТИІМДІ ӘДІСТЕР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР
Калабаева Жумагул Мухановна
Ақтау қаласы
Ғұбайдолла Айдаров атындағы №1 мектеп лицей
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі үшін көп тілді меңгерген мәдениетті түлға
қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі. Тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін
айтты.
Бүгінгі күннің талабы, шет тілі оқытушысының алдына қойған мақсаты тіл үйренушілерді
шет тілінде сөйлету
болғандықтан, оқытушы шет тіліне үйретудің түрлі әдістерін сұрыптай келе, оның ішіндегі ең тиімдісін өз сабағында
қолдануды басты міндет деп біледі. Ол үшін оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың
ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамыта отырып мәтін мазмұнын баяндау немесе шет ел тілінде өз ойын айту үшін
ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі – сөздік жұмысын жүргізу. Ол оқушылардың сөздік қорын
байытуда ерекше орын алады. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы – оқушының лексикалық материалды
белсенді түрде
меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде
қалыптасады.
Ағылшын тілі сабағында
оқушылардың тілін дамыту, білім — білік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген
қызығушылығын, белсенділіген арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарға төмендегідей
әдістерді жатқызуға
болады: 1.Ауызша әдіс – теория және фактіге негізделген білімді қалыптастыруда, үй тапсырмасын және жаңа сабақты
пысықтауда, ережелерді қайталауда пайдаланылады. Сабақта жаңа сөздер , сөз тіркестерімен танысқан соң
оқушылармен топтық жұмыс жүргізіп,
постер жасатып, өз ойларын ағылшын тілінде жеткізуге дайындаймын.
Нәтижесінде оқушылар ауызша сөйлеу қабілеттерін дамытып ойларын ашық жеткізе білді.
2. Көрнекі әдісті – бақылау қабілетін дамыту, оқылатын мәселеге ықыласын көтеру және оқу материалының
мазмұнын көрнекілік арқылы түсіндіруде қолданылады.
3. Іздену әдісі – өзінше ойлануды және зерттеу қабілеттерін дамыту үшін оқушыларды
тақырыпты проблемалық
оқытуға әзірлеуде қолданылады
4. Өзіндік жұмыс әдісін – оқу әрекетінде жұмыс істеуде қабілетті дамыту және оқу еңбегінде дағдыны
қалыптастыруда жеңіл тақырыптарды
өз бетінше дайындауға, дидактикалық материалдармен тиімді жұмыс жасай
білуге баулу үшін қолданылады. Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында
диалогты тиімді пайдалану нәтиже береді. Диалогты сөйлеуде – оқушылар сұрақ – жауап, өтініш айту, нұсқау беру және
тағы басқа жұмыстары ретінде қарапайым іс — әрекеттерді жасай алуы тиіс. Оқушылар бір нәрсемен келісетінін немесе
келіспейтіндігін білдіруі, сұрақтардың түрлерін қою, әр – түрлі сұрақтарға жауап бере алуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: