Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі



Pdf көрінісі
бет128/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

4. «Әңгімелесетін әріптестер» 
Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған 
тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен: 

жаңа оқылған 3 факті туралы; 

оларға жеңіл болып көрінгендер туралы; 
*
оларға қиын болып көрінгендер туралы; 
*
алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады. 


168 
5. «Мықты топ» 
Ең алдымен, ойынның басында топ басшылары анықталады. Олар өздеріне топ құрады. Ойынға 
қатысушылар топтары бойынша парта басына отырады. Бір топ тақта жанында қалады. Басқа топтардың өкілдері оларға 
оқылған тақырыптары бойынша сұрақтар қояды. Топтың сұрақтары өз ішінде талдауға 20 секунд беріледі. Содан кейін 
бір оқушы жауап береді (кезекпен). Жеңімпаз топ дұрыс жауаптар мөлшерімен анықталады. 
6. «Еркін пікір» 
Пікірталастар ұйымдастыру, баяндамалар жасау, реферат, шағын ғылыми жұмыстарды қорғау – 
оқушының білім қорын, іздесін көрсетумен қатар, сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетін меңгеруіне қызмет етеді. 
7. «Жұмбақ зат» 
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттыру. Ойынның шарты: 
оқушылардың алдына ыдысқа немесе қорапшаға салынып бір зат әкелінеді. Сол затты мұғалім жауабын айтпай сөзбен 
сипаттайды. Оқушылар шешімін табуы қажет. «Жұппен жұмыс» немесе «Топпен жұмыс» түрінде өткізуге болады. Бұл 
жұмыс түрінің мақсаты – балаларды басқа адамды естуге, тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға, дәлелдеуге, 
басқаның пікірімен санасуға мүмкіндік береді. 
8. «Егер..., онда не болар еді?» 
Оқушылардың бірі жүйрік қиял мен бір ситуайия айтады, қалғандары соның шешімін 
тауып жалғастыру керек. Мысалы, «Егер әрбір адам дүниеге келе сала басқалардың ойын оқи алатын болса, онда Жер 
бетінде не өзгеріс болар еді.?», «Егер жердің тартылыс күші жоғалып кетсе, онда...», «Егер барлық адам сөйлеу 
қабілетінен айырылып қалса, онда...» Бұл тәсіл оқушылардың қиялын дамытып, мидың ойлау белсенділігін арттырып, 
сөйлеу әрекеттері шыңдала түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет