154
жаттықтырмайды, оның сөйлеуі мен ойлауын дамытады. Штрихтар арқылы сурет салу жаттығуларын сурет альбомына
орындатқан жөн. Штрихтарды өзара қосып сурет салу кезінде балалар заттардың пішінін, құрылысын жазықтықта
орналасу қалпын еркін қабылдап, оң, сол, шеті, жоғары, төмен, түзу, қисық, дөңгелек т. б ұғымдарды меңгереді.
Жазуды үйренуде мына принциптерді сақтаған жөн:
1. Көрнекілік принципі:
мұғалім тақтаға, дәптерге таблицаға көрнекіліктер арқылы жазып көрсетеді.
2. Сапалық принципі: мұғалім басында не үшін қиғашынан жазады, әріптерді қалай басқарады, әріптердің биіктігі
қандай болу керек екенін түсіндіреді. Қиғашынан жазу тез, әрі ыңғайлы.
3. Қайталау принципі: жаттығуды орындау кезінде пайдаланады. Жазылған нәрсеге міндетті түрде анализ беріледі.
Баланың жазған жазуының дұрыстығын тексеріп отырад
4. Генетикалық принципі: алғашында жеңіл әріптер, содан соң жазылуы қиын әріптер мысалы а, о, ш, т, п, н,.... қолы
жаттыққаннан кейін қ. ж. б. в. ф т. с... әріптері жазылады.
5. Жеке дара ерекшелігін ескеру принципі; оқушылардың көз нашарлығы, бас ауруы, жүрек ауруы. т. б ескеріп
отыруы қажет. Барлық бала бірдей емес,
олардың жас ерекшеліктері, ойлау қабілеттері әр түрлі Сондықтанда жазу
каллиграфиялары әр түрлі. Біреуі өте жақсы, енді біреулері өте нашар жазады. Нашар жазатын оқушылармен жеке
жұмыс жасау талап етіледі.
Каллиграфикалық жазуды қалыптастырудың негізгі әдістері:
1. Мұғалім жазу үлгісін өзі тақтаға қайта – қайта жазып көрсетуі тиіс.
2.Ауада жазу. Ұстаз әріпті ауада жазып көрсетеді. Бала қолдың қозғалысынан әріптің дұрыс формасын ұғады. Бұл
әдіс оқу процесін жандандырады.
3. Көшірмесін түсіру әдісі. Жазылған әріптің үстінен басу.
4. Дайын үлгіден көшіру әдісі. Бұл еліктеу. Оқушы өз жазғанын ұстаздың жазғанымен салыстырады.
5. Әріпке анализ жасау әдісі. Мысалы: а әріпі бір дөңгелектен және бір ілмешектен тұрады.
Балалардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру үшін мынадай жаттығуларды пайдаланған жөн:
1. Ғажайып алаң. Тақтаға әріп жасырылады. Мұғалім жасырылған әріптің әрбір элементтері бойынша сипаттап
айтады да, ал оқушылар қандай әріп екенін айтады. Мысалы: Түйе өркешін қарайық, ұқсайды оған қай әріп? Жаңа әріпті
өту үшін 2 сағат беріледі. Бұл жаттығуды 2 - сағатында өткен өте тиімді.
2. Әріпті тап. Әріптің бір немесе екі элементі жазылады оқушылар қалған элементін тауып жазып көрсетеді. Барлық
әріпті өткеннен кейін, сабағымыздың басында көркем жазу болады. Сол кезде пайдаланған тиімді. Бұл жаттығудың
мақсаты білген білімдерін әрі қарай төселдіру дағдыларын қалыптастыру.
3. Орнын белгіле. Тақтаға немесе дәптерге алдын ала сөздер жазылады. Оқушылар
әріп элементтерінің және
әріптердің байланысу орнын белгілейді. Бұл жатттығуды қазақ тілі сабағында пайдаланған жөн.
Бұндай жаттығулар жас жеткіншектің ойлауын дамытып, қызығушылығын арттырады. Оқушының каллиграфиялық
дағдысына көп әсер беретіні ол алғашқы кезде, алғашқы рет қаламсап ұстап, әріп жазған кезі. Әдемі, сұлу жазудың
фундаменті 1, 2 - сыныпта құйылады.
Сол кезде жазуын жөндемесе сол қалпында қалып қоюы мүмкін. Кейін жөндеу қиын болады.
Оқушының жазуы неге нашар болады?
Мұғалімнің жазуының үлгісі. Оқушы ұстаздың жазуын көшіреді.
Мұғалімнің әлеуметтік жағынан оқытудың жоқтығы. Мұғалім әр оқушыға жазудың кемшілігін, оны қалай жөндеу
керектігін түсіндіріп отыру қажет.
Әдемі жазуды қалыптастыруына мұғалім ғана емес, оқушының жеке ерекшеліктері де әсерін тигізеді :
1. Оқушының әдемі жазуға деген ынтасы.
2. Оқушының жай жазуы. Тез жазып үлгеремін деп жазу каллиграфиясын бұзады.
3. Нашар жазуға түрлі аурулар себеп болады: невроз, көз ауруы, ревматизм т. б.
Бұл оқушыларға мұғалім жеңілдік жасайды.
Қорыта келе «Ғылым қалғып кетсе, қараңғылық бас көтереді» дегендей, заман талабына сай жаңа технологиялармен
жұмыс жүргізу алдымызда отырған бала тәрбиесіне зор ықпал ететіні белгілі. Қазіргі мынау заман талабына сай
ақпараттық технологиялардың даму қарқынының басымдылығы соншама барлық жазу үрдісі компьютермен
қамтылған. Көркем жазу емлесі біз үшін, болашақ жастарымыз үшін ешқашан қалыс қалмау қажет. Қарыштаған заманда
біз өз қалыптасқан көркем жазу сауаттылығын ұмытпауымыз керек!
Көркем жазу, өзіндік жазу жазбалары
сауаттылықтың нышаны.
Достарыңызбен бөлісу: