Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі



Pdf көрінісі
бет118/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


155 
ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ 
 
Торгаев Ергазы 
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы 
Ж.Сәдуақасов мектебі 
География-биология пәні мұғалімі 
«Ойлы бала, ойыннан өседі» - дейді. 
Ол адамның дербестігін, ұйымдастырушылық дағдыларын дамытады. Оқытудың түпкі мақсаты – оның сапалы 
болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіру, оның танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық 
жаңа деңгейдеге көтеру. 
Баланы тәрбиелеуде ойын технологиясының берері мол. Ойын кезінде жеке тұлғаның өзін- өзі басқару қабілеті 
жетіліп, қалыптасады. 
Ойын- бала қызығуының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық кеңістігі. 
Оқыту барысында ойындар әрқашан оқу материалдарымен байланыста болады, әрі оқушыларды қызықтыратын 
жағдай туғызады. Ол оқушыларға оқу мәліметтерінің белгілі мөлшерін тез әрі жеңіл қабылдауына көмектеседі. 
Географияны оқыту әдістемесінде мақсатқа жеңіл жетудің көптеген тәсілдері бар. Ең көп тарағаны – ойын сабақ. 
Ойынды тиімді тәсіл ретінде қолдану тарихы тереңге кеткен. Адам баласы қоршаған орта туралы шындықты белсенді 
іс-әрекеттің нәтижесінде танып біледі. Ол іс-әрекеттер – ойын, оқу және еңбек. Ойын сабақтың басында, не ортасында, 
болмаса сабақ соңында қолдануға болады. Егер мұғалім ойынды сабақтың басында қолданатын болса, онда 
оқушылардың ойын бір жерге жинақтау, жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел 
қатыстыру, белсенділік қабілетін арттыру. Егер ойын сабақ ортасында қолданылатын болса, онда мұғалімнің мақсаты 
– оқушылардың шаршап – шалдығуына жол бермеу, көңіл – күйлерін көтеру, олардың шаршағанын ұмыттырып, білуге 
деген ынтасын үстемелеу. Ойын сабақтың соңында қолданса оқушылардың алған білімін тиянақтау ретінде де 
пайдаланады. Ойын элементтері сабақты түрлендіріп, мазмұнын кеңейте түседі. Көптеген ойын түрлері балалар денесін 
шынықтырып, жылдамдығын арттыруға, мергенділікке, қырағылыққа, тапқырлыққа, табиғатпен сырласуға шақырады. 
Икемділік, сергектілік, күш-қабілетін толықтыратын болса, мақал-мәтелдер, викториналық қызықты сұрақтар, ребустар 
шешу ой сергітіп, білімін байыта түсуге септігін тигізеді. Ең бастысы ойынды мазмұнды, қызықты ету ой – санаға 
лайықты ету ойыншының өз қолында. 
Ойындар – балалардың танымдық қызығушылықтарын арттырумен қатар жаңа игерілген түсініктері мен 
іскерліктерін бекітуге арналған оқыту әдісі. Ойын арқылы бала адамгершілік құндылықтар жөнінде тәжірибе 
жинақтайды . Ойын арқылы балалар өздерінің құрбы – құрдастарымен қарым – қатынас жасауға үйренеді. 
Ойындар сабақ мазмұнына сәйкес алынып, жеке және топтық жұмыстар жүргізуде алға қойған мақсатқа жеткізіп, 
нақты қорытынды алуға көмектеседі. 
Географиялық ойындар-география сабақтарында кеңінен қолданылатын жаңа техналогиялардың бірі. 
Географиялық ойындардың мақсаты: 
Оқушылардың қызығушылығын арттырады. Сонымен бірге оқушылардың ұғымдарын кеңейтеді, және картамен 
жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады. Географиялық номенклатураны меңгеруге , тапқырлыққа, шығармашылыққа, 
ұйымшылдыққа тәрбиелейді. 
Географиялық ойын сабақтарын оқушылармен өткізгенде төмендегі талаптарға көбірек көңіл аударамын. 
Олар: 
-Географиялық ойындар бағдарламаға сай келуі, 
-Мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы 
-Уақыт мөлшері оқушыларды жалықтырмайтындай болып, алдын ала жасалған жоспар бойынша жүргізілуі, 
-Ойын түрлері сабақ тақырыбының мазмұнын ашып іскерлік пен дағдылар қалыптастыруға көмектесетіндей болу 
-Қажетті материалдар алдын-ала дайындалып, мүмкіндігінше картамен байланысты жүргізу. 
Ойындар сынып оқушыларын 2-3топқа бөлу арқылы немесе екеуара, үшеу болып, шағын бір топ құру арқылы 
өткізіледі. 
Ойындардың түрлері. 
География сабағында ойынның төмендегі түрлерін қолданамын. 
Ауызша, жазбаша орындалатын ойындар. 
- Карта арқылы орындалатын ойындар және ойын түрінде өткізілетін сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарда 
орындалатын ойын. 
Мен өз сабақтарымда: 
Блиц оқу ойындары 
Блиц оқу орындары – қысқа мерзімді шағын ойындар, олар оқушылардың нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға 
бағытталады. Блиц ойындарда оқушыларға ойынның жалпы нобайы мен тапсырмалары ғана беріліп, білім алушылар 
оларды өздігімен ойнап шығуы керек. Мұнда да ойыннан кейін кезеңі ерекше маңызды рөл атқарады, өйткені осы 
уақытта оқушылар ойыннан алған әсерлерімен бөлісіп, ой-толғаныстарын жазбаша түрде келтіреді. 
Блиц оқу ойынның ішіндегі «Шындық детекторы» ойынның мақсаты: «Шындық детекторы» (топ басшыларына 
сұрақ). Бір оқушыға 8-10 сұрақ қойылады. Белгілі бір оқушы сұрақтардың барлығына да шынайы түрде жауап беріп, 
тек біреуіне ғана жалған жауап қатады. Қалған топтар жауаптардың қайсысы өтірік болғанын анықтап, өз 


156 
ұстанымдарына дәлделеп келтірілуі керек. Ондағы оқушының өзіне деген сенімділік пен өз ойын еркін жеткізе білуге 
дағдыландыру. 
Ойынның нәтижесінде оқушының дұрыс емес жауап табуда әр сұраққа жауапкершілікпен қарау және де осы пәнге 
деген көзқарасын, өзіне деген сенмілігін, өз ойын дұрыс жеткізуге дағдылануын көреміз. 
«Брейнг-ринг» ойыны 
Топ (5) адамнан шағын топтарға бөлінеді: мұнда 6 (4) ойыншы және бір жүргізуші болады. Ойынға қатысушыларға 
нөмір жазылған жетондар таратылады. Әрбір топ жеке үстел басында отырады. Үстелдің үстінде – үстелдің сілтемесі 
және 6 (4) бөлікке бөлінген жаймалар; осы карталардың үстіне тапсырма жазылған карточкалар келесі ретпен қойылады: 
астында – бірінші деңгей сұрақтары, ең үстінде үшінші деңгейдің сұрақтары. Әр бөлікке бір сұрақтан 1-ші деңгей 
сұрақтарына дайындықсыз жауап жауап беріледі, 2-ші деңгей сұрақтарына жауап беруге 3-5 мин уақыт беріледі. 3-ші 
деңгей сұрақтарына жауап беруге 7-10 мин уақыт беріледі. Дұрыс жауаптарға фишкалар таратылады. Ойын 
қорытындысы бойынша көп фишка алған топ жеңімпаз болып саналады. 
Осы «Брейн-ринг» ойының нәтижесі оқушылардың білімдерін тереңдетуді, нығайтуды, пәнге деген 
қызығушылығын арттыруды, ойлау қабілетін жетілідіруді, өз бетімен жұмыс істеуге, іздену-зерттеу жұмыстарына 
үйретеді. Осылайша оқушы ойын еркін жеткізуге дағдыланады. 
Кубизм стратегиясы ойыны 
Шарты: кубикті айналдырып, түскен санына қарай интерактивті тақтада, қалташалардағы сұрақтарға жауап береміз. 
Сандар сөйлейді 
Шарты: Төменде берілген тапсырмаларды орындарын тауып, сандардың қасына орналастыру 
510млн.км2 – 
361млн.км2 – 
149млн.км2 – 
«Сен білесің бе?» ойыны 
Шарты: жасырылған ребустарды шешу. 
Әйгілі орыс жазушысы А.С.Пушкин бейнесіндегі ел? 
«Бәйге» ойыны 
Шарты: Викториналық қызықты сұрақтар. 
Географиялық картамен жұмыс Ойын “Ең, ең, ең ….” 
Ең ұзын өзен? Ең терең көл? Ең ұзын тау? Ең суы мол өзен? Ең үлкен түбек? Ең биік шың? Ең ыстық материк? Ең 
ежелгі тау? Ең үлкен мұхит? Ең терең шұңғыма? Ең лас теңіз? Ең кіші материк? 
«Пошта» ойыны. 
Тақтаға материктің аты жазылған төрт «пошта жәшігі» қойылады. Әр топқа бір конверттен таратылады. Әр 
конвертте жарты шар материктеріне қатысы бар сөздер жазылған парақтар бар. Әр топ өзінің материгіне қатысты 
сөздерді пошта жәшігіне салады. 
Пошта ашылып дұрыс салынған сөздер 1 ұпайдан беріледі және ішіндегі географиялық нысандарды картадан дұрыс 
көрсеткен оқушы тобына және 1 ұпайдан әкеледі. 
«Зообақ» ойыны. 
Әр топ қатысушысына жануарлар бейнеленген суреттер таратылады. Суреттегі жануарлардың атын дұрыс атап, қай 
материкте, қай табиғат зонасында мекендейтінің дұрыс айтқан оқушы өзінің тобына 1 ұпай әкеледі. 
Қорыта келгенде географиялық сабақтарда ойын элементтерін қолданған кезде оқушылардың сабаққа деген 
белсенділігі арттады, оқушылар арасында бәсекелестік пайда болады, оқушылар басқа қырынан көрінеді, ең бастысы 
оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арттарды. Білім беру –оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі болса, қазіргі 
кездегі білім беру – оқушының пікірін бағалау, оқушыны тыңдай білу. Ұстаз бен шәкірттің бірлесе жасаған еңбегінің 
нәтижесі – сапалы білім болып табылады. Белгілі педагог В.А. Сухомлинский айтқандай: «Ойынсыз, музыкасыз, 
ертегісіз, шығармашылықсыз, фонтазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды!». Ендеше, баланы ойынға 
қатыстырып үйрету арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп сабақ өткізген 
ұтымды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет