Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі



Pdf көрінісі
бет97/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

 
 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ 
 
Боканова Гульжан Сембыевна 
Астана қаласы
№5 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Оқушының тілдік қорын дамыту, іс жүзінде ауызша сөйлей білуге үйрету. Қазақ тілін үйрену оқушыларға қарым-
қатынас мақсатына қарай талап етілетін ақпаратты алу, іріктеу, қолдану және өндіру үшін шынайы өмірде өзінің тілдік 
дағдыларын қолдануға мүмкіндік береді.
Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап 
іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, 
яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Сол тиімді жолдардың бірі – белсенді оқыту болып отыр.
Оқытудың 
белсенді әдістері – оқу материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке 
итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше 
білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді.
 
Мұғалімдер осы белсенді білім алу стратегиясының қайда және қалай қолданылуы мүмкін, қандай жағдайларда 
тікелей нұсқау беру әдісі қолданылатыны туралы ойлануы тиіс, мысалы, бірлескен оқылым немесе жазылым 
барысында. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер арқылы оқытуда білім дайын күйінде берілмейді, ол тек 
белсенді әрекеттер арқылы ғана игеріледі, оқушылар өзара қоян - қолтық қарым -қатынаста болады. Белсенді 
әрекеттерге ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікір таластыру жатады. 
Осының бәрі оқушының жеке тұлга 
ретінде қалыптасуына әсер етеді, оқушы үшін өз ойын жеткізуде қажетті құрал болып табылады. Белсенді оқыту арқылы 
оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту тіл үйретудегі басты мәселе. 
Коммуникативтік дағды жеке 
тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі. 
Коммуникативтік әдіс – оқушы мен 
мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын,белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілді 
қарым-қатынас құралы ретінде жүзеге асыратын әдістің түрі. Коммуникативтік оқыту тілдік әрекетінің барлық түрінде 
қалыптасады-таңдауда да, сөйлеуде де,оқығанда да, жазғанда да,өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз етеді. Бұл 
жерде сөйлесім әрекетін төрт түрін бөліп қарастыру тұрақты орын алған. Олар: сөйлеу,оқу, жазу,түсіну. Ауызша өзара
қатынас, жазбаша өзара қатынас біркелкі, бір уақытта дамиды.Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым – қатынас 
жасаушылардың бір – бірін тілдік қабылдауы мен түсінігін қамтамасыз етеді. 
Қазақ тілін оқытуға қойылатын талап-тілектердің бүгінгі күнде жаңарып отырғанын аңғарамыз. Мектепте 
қолданылып жүрген неғұрлым тиімді белсенді әдістерге:
1. Дәстүрлі сабақтың дәстүрлі емес басталуы – сабаққа эмоционалдық бетбұрыс (эпиграф, костюмделген көрініс
видеоүзінді, ребус, жұмбақ, анаграмма), мақсаттарды, күтілетін нәтижелерді, күдіктерді айқындау. 
2. Проблемалық сұрақтар қою және шешу, проблемалық жағдаяттар құру
.
Сабақта қолданылатын проблемалық 
жағдаяттардың типтері: күтпеген нәрсе жағдаяты; конфликт жағдаяты; белгісіздік жағдаяты; болжам жағдаяты; таңдау 
жағдаяты. 
3. Индуктивті және дедуктивті логикалық сызбаларды пайдалану. 
4. Интербелсенді оқыту формаларын немесе олардың элементтерін пайдалану: «жобалар әдісі», «миға шабуыл», 
«пікірталас», «түрлі кейіпкерлерден интервью алу» жатады. 
* Оқушылардың коммуникативтік дағдысын дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегідей: 
• Сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушылар) 
• Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы) 
• Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы) 
• Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс) 


126 
Бұл жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттіліктің алашқы баспалдағы болып есептеледі. Себебі, бұл жұмыс 
түрлерін барлық сабақта мұғалім мүмкіндігінше қолдана алады. Коммуникативтік дағдыны дамыту үшін тәжірибемізде 
жүргізілетін жұмыс түрлері: 
- оқушылардың қатысым және жазылым қарым – қатынасын қалыптастыруға; 
- сөйлеу тілін дұрыс меңгеруге; 
- жеке тұлғаның құзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыруға ерекше ықпал ететінін көруге болады. Сол әдістер 
арқылы біз сабақта оқушылардың коммуникативтік дағдыларын, тілдік дағдыларын дамытамыз. Қолданылып жүрген 
кейбір әдістерді атап өтсем, мыналар: 
1. «Шығармашылық үй тапсырмасы»
Мысалы, «Қазақ отбасының дәстүрі» атты сабағымда оқушылардың ой – өрісін дамыту үшін «Суреттер» блиц 
ойынын ұйымдастырдым. Онда әр оқушы өз отбасының суретін салады, оны сыныптастарына таныстырады. 
2. «Ешнәрсеге ұқсамайтын қарапайымдылық» 
Тақтаға әріптері түсіп қалған сөздер жазылады, оқушылар осы әріптерді орнына қоюы керек. Сосын оқушылармен 
бірлесе отырып, әріптерден сөз құрастырылады, «ертегі» деген сөз шықты. Енді сол сөзден қазақ тілі ережесіне 
байланысты ертегі құрастыруды тапсырамын. Өтілген әдістемелер бойынша дұрыс таңдап алынған әдіс балалардың 
сабаққа деген қызығушылығын арттырады деген қорытынды жасалды. Біз таңдаған әдістеме бойынша балалар үй 
тапсырмасын қызығушылықпен оқи отырып және жаңа нәрсені тани отырып орындады. 
Оқушыларының оқу мотивін дамыту және сақтау үшін, жұмбақтарды, ребустарды, әдеби кейіпкерлер мен ертегі 
қаһармандарын мақсат ретінде қолданамыз. Белсенді әдістерді пайдалану оқу мотивациясын бекітеді және оқушының 
жақсы жақтарын дамытады. Бұл әдістерді төмендегі сұраққа жауап іздемейінше қолдануға болмайды: біз оларды не 
үшін пайдаланамыз және оның нәтижесінде қандай салдарлар болуы мүмкін (мұғалім үшін де, оқушы үшін де). Барлық 
әдістерді бір сабақта қолдану міндетті емес,әрине. 
3. Ойын әдісі. Жиі қолданып жүрген әдістердің бірі-ойын әдісі. Ойын оқушының сабаққа қызығушылығын 
арттырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, алуан мәлімет, дағды меңгереді. Көбіне қайталау, қорытынды 
сабақтарда қолдануға тиімді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет