128
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар. Шығармашылық - өзінің
жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы
қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйелі дайындалып берген білімді, дағдылары меңгеретін шығармашылық
бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар алатын, бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру
бұл әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың маңызы мәселе екендігін дәлелдейді. В. В. Давидо «Жеке
тұлға негізінде шығармашылық бастау жады: жеке тұлғаның маңызы жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттігіне
байланысты» деп есептеген. Б. Элькони шығармашылыққа мынадай анықтама береді: шығармашылық - бұл ерекше
тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалынған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің
сопылығымен, бір тумалығымен ерекшеленетін болса, онда бұл нәрсені туғызатын шығармашылық акт туралы сөз
қозғауға болады.
Дарынды балаларды анықтау - баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере
отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды: баланың қызығушылығы мен
бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс - әрекетіне талдау жүргізу, дамытушылық ықпал ете
отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану, баланың
дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай - ақ оның болашақтағы даму
мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау, жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата -
аналардың сипаттамалық бағалары, түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға
мүмкіндік беретін баланың мінез - құлқы мен іс - әрекетін жан - жақты бағалаудың кешенді сипаты.
Дарынды балалармен жұмыс істейтін ұстаздарға қойылатын ең бірінші талап – әділдік. Әділдік болған жерде –
оқушының қабілеті ары қарай дами түседі.
Ж. Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ал баланың
бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын – оқыту мен тәрбие.
«Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік
туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс, жеткілікті бағаламаса, оның «өзгелер
сияқты» болып қалып қоюы мүмкін» дейді американдық ғалымдар. Олай болса, жастайынан бойына біткен талантты
ары қарай дамыту әр ата-ананың борышы демекпіз. ХХI ғасыр мектебінің ұстаздары оқушы бойындағы ерекше дарын,
қасиеттерін дамыта отырып, бәсекеге қабілетті, еліне елеулі азамат тәрбиелеу.
Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты: олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске
асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсат қажет оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық
белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дегенмен, әліде болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олардың білім сапасын
арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай, деңгейіне оқыту, ғылыми ізденіс
қабілеттерін қалыптастыру, өйткені ХХІ ғасыр білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой - өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан
- жақты, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәттен естен шығармауымыз жөн.
Дарынды және үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жасау барысында бастысы оқушыны жалықтырып алмау керек. Әр
баланың алған білімінің нәтижесін мұғалім көріп,бағалап,оқушыға қолдау көрсетіп отыру қажет.
Түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану:
– сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін шешуге; жеке тұлғаның зерттеушілік ойлау әрекетін
белсендіруге; оқушыға бір мезгілде мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға;білім берушілік,
дамытушылық және танымдық үшбірлікті ұстаздың шексіз шығармашылығы тұрғысынан жүзеге асыруға; сабақтың
ақпараттық сыйымдылығын арттыруға; оқушылардың оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, шаршағандары мен
қажуларын азайтуға; сабақ үрдісінде өтілетін тақырыптың адам және қоғам өмірімен тікелей байланысына мән беруге;
оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға; олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: