Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі


ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРАДЫ



Pdf көрінісі
бет101/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

 
ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРАДЫ 
Бекентай Күлдір Ескендірқызы 
Қостанай облысы Жангелдин ауданы 
Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖББМ 
Бастауыш сынып мұғалімі 
Көркем жазу оқушының мектепке келген күнімен, жазуымен басталады. Әдемі жазуды меңгерудің әр адамға маңызы 
өте зор. Әдемі жазу бұл мәдениеттің белгісі, әрі сол жазуды оқитын адамға көзқарасы, құрметі. Көркем жазудың 
мақсаты – дұрыс, анық және тез жазуды қалыптастыру. Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың 
педагогикалық, қоғамдық, тәрбиелік мәні зор. 
Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты – балаға хат 
таныту, яғни оған жазу мен оқуды үйрету. Сауат ашу – аса жауапты да, күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде 
оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге (фонетика – графикалық жазуға) үйретіліп қоймайды, сонымен бірге 
каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, 
оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса солай жазбай, оңға қарай, біркелкі көлбе, таза, анық жазуға 
машықтандыру міндеті тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы (каллиграфия) 
қалыптасады. 
Әдемі жазу – өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқуда жеңіл ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Әріп 
таңбаларын әдемі, көркем етіп жазуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы 
қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш келгеннен бастап, баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп 
жағдайда оның өз ісіне салдыр-салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуге әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету 
оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа 
үйретеді. Әдемі, анық жазуға үйрету арқылы мұғалім оқушыны еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, әдемілікке 
тәрбиелейді. 
Жазу процесінде оқушы дұрыс отыру керек, қаламсапты дұрыс ұстауы, дәптерді партаға орналастыруы, осының әрі 
баланың көзіне, жазуына жұмыс қабілетіне әсерін тигізеді. Отырғанда орындық партаға кіріп тұруы керек, сол қол 
дәптерді басып тұрады, ал оң қолдың басы дәптерде жатады. Бала мен партаның арасына жұдырық сыятындай болуы 
керек. Көз бен дәптердің арасы 30 см болуы шарт. Жарық сол жақтан түсуі керек. Жазу ұзақтығы 1 сыныпта — 5 минут, 
2 сыныпта — 8 минут, 3 сыныпта — 12 мин, 4 сыныпта — 15 минут. Одан ұзақ жазу баланы шаршатады. Арасында 
балаларды демалдырып, сергіту жаттығуларын жасаған дұрыс. 
Мектепке алғаш келген баланың жетекші әрекеті ойын, ал штрихтау ойын түрінде жүргізіледі. Әртүрлі зат бейнесін, 
геометриялық фигураларды штрихтау, баланың қолын жаттықтырмайды, оның сөйлеуі мен ойлауын дамытады. 
Штрихтар арқылы сурет салу жаттығуларын сурет альбомына орындатқан жөн. Штрихтарды өзара қосып сурет салу 
кезінде балалар заттардың пішінін, құрылысын жазықтықта орналасу қалпын еркін қабылдап, оң, сол, шеті, жоғары, 
төмен, түзу, қисық, дөңгелек т.б. ұғымдарды меңгереді. 
Көркем жазу үрдісін жүзеге асыру үшін жазу құралдарының (қаламсап, қарындаш, бор) көмегі керек. Бұл заттардың 
қолданылу жолдарын білу міндетті. Көркем жазу ережесі: 
Жазудың құралдарын пайдалана білу; 
2. Дәптердің дұрыс орналасуы; 
3. Дұрыс отыра білу; 
4. Қолдың дұрыс қозғалысы; 
5. Үлгі мен жазудың нәтижесін салыстыра білу; 
6. Баспа әріпті жазбаша түрде жаза білу; 
7. Әріптің дұрыс жазылуын білу; 
8. Әріпті байланыстыра білу (үзіліссіз, жоғарғы жағынан, төменгі жағынан ); 
9. Әріптің біркелкілігін сақтау; 
10. Сызықтар арасында және бір сызықта жаза білу; 
11. Жазудың басталуы және бір жолды дұрыс толтыра білу; 
12. Жазудың бағытының дұрыстығы. 
Бұл ережелерге оқушылар бірден емес, біртіндеп 2-3 жылда барып қалыптасады. Жазу барысыында оқушы көптеген 
талаптарды орындауы қажет. Көп жағдайда оқушы жазуды үйрене бастағанда дәптердің дұрыс орналасуы, дұрыс отыру, 
қаламсапты дұрыс ұстау ситяқты ережелерді ұмытып кетеді: қаламсапты бар күшімен ұстайды, жазуы түзу болу үшін 
өзіне қарай тік сызуға тырысады, бірақ көлбеу жазу керек екендігін ұмытып кетеді. Мұндай қателіктерден қашу мүмкін 
емес. Қатені түзеу яғни, әр оқушыға ескерту ұзақ уақытқа созылады. Тек берілген жаттығуларды орындау оқушыға 
жеңіл болға кезде ғана түзетеді. Оқушылардан орфаграфиялық жазуды талап ете бастағанда оқушылар тақтадан немесе 


132 
мұғалім айтуы бойынша жазады да, жазудың графикалық сауаттылығын бақылау баяулайды. Тіпті мұғалім айтқан 
дыбыс таңбаларының формасын ұмытып кетеді. 
Жазу сабағында ми ғана емес, сондай-ақ көптеген бұлшықеттер де жұмыла жұмыс істейді. Сондықтан оған мынадай 
бірқатар гигиеналық талаптар қойылады: партада дұрыс отыру (бұл бұлшық еттердің қалыпты жұмыс істеуін 
қамтамасыз етеді),жарықтың түсуі, қағаздың сапалы болуы, қарама-қарсы түсті сияны пайдалану, жазу құралдарының 
баланың жасына сәйкестігі, жетілдірілген жазу техникасы ( әріптердің көлбеу немесе түзу кескіні) қажет. 
Жазу жұмысы, әсіресе үздіксіз жазу жұмысы (диктант) барынша қажытатын жұмыс деп есептелінеді. Қолдың басын 
бүгілдіретін және жазылдыратын бұлшық еттердің жұмысы білек, желке және бастың ауырлығын көтеріп, дұрыс 
отыруы қамтамасыз ететін арқа бұлшық еттерінің жұмысымен ұштасады. Демек, басқа да сабақтағыдай, жазба сабағы 
үстінде дұрыс отыруы талап етіледі, ұзақ уақыт жазу үстінде бұлшық еттердің қажуы салдарынан оқушының отыруы 
бұзылады. Мұнда организм рефлекторлы жолмен қосымша тірек нүктесін іздеп, кеуде қуысын партаның жиегіне 
тірейді, бұл тыныс алу мен қан айналымын бұзады. 
Жазу жұмыс кезінде көзге көп күш түседі, өйткені әріптерді дәптер парағындағы сызықтардың арасына дәлме – дәл 
келтіріп жазу талап етіледі: зейінді жұмылдыру қажеттігі және қол басы бұлшық еттерінің дәл жұмыс істеуі жұмыс 
істеп тұрған орталықтарды ғана емес, сонымен бірге тұтас алғанда бүкіл организмді қажытады. Жазу жұмысы тез 
қажытпауы үшін қалам мен оның ұшын тисінше тандай білу қажет. Сонымен қатар, қолдың, қол басы мен саусақтардың 
дұрыс қалпын сақтау дағдыларын қалыптастыруы керек. Парта оқушының бойы сай келмейінше, оның бетінің керекті 
көлбеулігі (12-150) сақталмайынша жазу ережесін сақтау мүмкін емес. 
Қиғаш жазу кезінде дәптер денеге қарама-қарсы, оның парта қақпағының жиегіне көлбеулік бұрышы 30-400 болып 
орналасуы тиіс. Сонда қиғаш сызықтар мен штрихтар стол жиегімен тік бұрыш түзеді. Оқушы әріп сызықтарын бір- 
біріне параллель түсіреді немес қағаздың қиғаш сызықтарының үстіне жүргізеді. Оқушы денесінің екі иық буынын 
байланыс- тыратын көлденең осі және көздің негізгі сызығы өзара, сондай-ақ партаның оқушы жақ жиегіне параллель 
болуы тиіс. Бұл талапты сақтамау дұрыс отыру қалпын, келе-келе мүсінді бұзып, омыртқа жотасынның бір жағына 
қарай қисаюы — сколиозға және алыстан көрмеушілікке әкеліп соғады. 
Көркем жазуға үйретудің негізгі әдістері: 
Мұғалім жазу үлгісін өзі тақтаға қайта-қайта жазып көрсетуі тиіс. 
Ауада жазу. Ұстаз әріпті ауада жазып көрсетеді. Бала қолдың қозғалысынан әріптің дұрыс формасын ұғады. Бұл әдіс 
оқу процесін жандандырады. 
Көшірмесін түсіру әдісі. Жазылған әріптің үстінен басу. 
Дайын үлгіден көшіру әдісі. Бұл еліктеу. Оқушы өз жазғанын ұстаздың жазғанымен салыстырады. 
Әріпке анализ жасау әдісі. Мысалы: а әріпі бір дөңгелектен және бір ілмешектен тұрады. 
Балалардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру үшін мынадай жаттығуларды пайдаланған дұрыс: 
Ғажайып алаң. Тақтаға әріп жасырылады. Мұғалім жасырылған әріптің әрбір элементтері бойынша сипаттап айтады 
да, ал оқушылар қандай әріп екенін айтады. Мысалы: Түйе өркешін қарайық, ұқсайды оған қай әріп? Жаңа әріпті өту 
үшін 2 сағат беріледі. Бұл жаттығуды 2-ші сағатында өткен өте тиімді. 
Әріпті тап. Әріптің бір немесе екі элементі жазылады оқушылар қалған элементін тауып жазып көрсетеді. Барлық 
әріпті өткеннен кейін, сабағымыздың басында көркем жазу болады. Сол кезде пайдаланған тиімді. Бұл жаттығудың 
мақсаты білген білімдерін әрі қарай төселдіру дағдыларын қалыптастыру. 
Орнын белгіле. Тақтаға немесе дәптерге алдын ала сөздер жазылады. Оқушылар әріп элементтерінің және әріптердің 
байланысу орнын белгілейді. Бұл жатттығуды қазақ тілі сабағында пайдаланған дұрыс.Мұндай жаттығулар жас 
жеткіншектің ойлауын дамытып, қызығушылығын арттырады. 
Жалпы оқушының каллиграфиялық дағдысының қалыптасуына алғашқы рет қаламсап ұстап, әріп жазған кезіндегі 
әдіс-тәсілдер көп әсер береді. Әдемі, сұлу жазудың негізгі дағдылары 1-2 сыныптарда қалыптасады. Сол кезде көркем 
жазуын жөндемесе сол қалпында қалып қоюы мүмкін. Кейіннен жазу дағдыларын жөндеу мұғалімге де оқушыға да 
қиындық келтіреді. Сондықтан оқушылардың көркем жазу дағдыларын қалыптастырудың тиімді тәсілдерін ерте жастан 
бастап пайдалану оң нәтиже беретіні тәжірибеде дәлелденіп келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет