Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі



Pdf көрінісі
бет98/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

 «Ойын элементтері арқылы оқыту
» оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, 
белсенділігін арттырады. Оларға тоқталар болсақ: «Домино», «Кім жылдам», «Алтын балық», «Ойлан, тап», «Мақал 
сайысы», «Сөзжұмбақтар», қызықты грамматикалық тапсырмалар, «Әрі ойын, әрі оқу», «Тізбек», «Лото», «Брейнг- 
ринг» т.б.
Осылардың бір-екеуіне тоқтала кетейін. 5 - сыныптарда сөзік жұмысын немесе жаңа сөздерді тексеру кезінде 
«Жұлдызды жол» ойынын ойнаттым. Балалардың қызығушылығы артып, кім алға шығып жұлдыз атанады деген оймен 
жарыса орындады. «
Тізбек» ойыны. 
Берілген зат есімнің соңғы дыбысынан басталатын басқа зат есім тауып айту 
тапсырылады. Мысалы,әр топтан бірінші бала 
«ата»
десе, келесі 
«алақан
» деп жалғастырып алып кетеді. 
СТО 
технологиясының топтастыру, кластер, кубизм, Венн диаграммасы, сейнквейн сияқты әдістерін де қолданамын.
Мысалы, «Қожа мектепте», «Қожа –әдепті бала», «Жанар-ақылды қыз» тақырыбындағы сабақтарда қолдандым. 
Онда оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «Жанар» 
сөзіне ассоциограмма құрғыздым. Оқушылар тақтада ілулі тұрған плакатқа маркермен өз ойын жазды.Ой толғаныс 
стратегиясында оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін «Автор орындығы» тәсілін пайдаландым. Қатар бойынша 3 топқа 
бөлінді. Топтық жұмысты орындаттым. «Автор орындығы» тәсілі бойынша топтың әр мүшесі кезекпен алдында 
айтылған сөзге сөз қосып жалғастыра береді. Соңында әр топ тақырыпқа қатысты толық бір мәтін құрап айтады.1 топ 
– мектеп, 2 топ – Қожа, 3 топ – Жанар. 
«Дүкенге бару» рөлдік ойыны сабағымның «Мағынаны тану» кезеңінде 
 
«10 сұрақ» әдісі бойынша өзім
 
әр топқа 
алдын ала дайындаған сұрақтарын қойып, жауап аламын. Оқушылар сұраққа «Ия», «Жоқ» деп қана жауап берді.Осы 
кезеңде
«Жұптас-ойлан-бөліс» 
әдісі арқылы
 
сөздер жазылған парақшалар таратамын. Рөлдік ойынға мүмкіндік 
туғызамын. Сұрақтар бердім:
- Сізде нелер бар? 
- Нан жұмсақ па?
- Сіздің іздегеніңіз не?
- Мынау саған ұнай ма? 
- Сіз қандай сүт тағамын тұтынасыз?
- Мына ойыншық сыйға жарайды ма?
Әр топ өзінше топта жұптасып жұмыс жасайды. Топта талқылайды. Орталарынан кейіпкерлерді рөлдік ойынға 
шығарады.Тірек сұрақтардың көмегімен жауаптар дайындайды. Жауаптарын қағаз бетінен оқуына да рұқсат бердім, 
өйткені жаттап үлгермейді. 
Жалпы, оқушылардың ауызша- жазбаша тілін дамытуда менің қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерім мен жұмыс 
түрлерім мынадай: 
А) шығармашылық тапсырмалар 
ә) Комплексті түрдегі үй тапсырмалары 
Б) Проблемалық сұрақтар. 
В) ситуациялық тапсырмалар 
Г) ойын элементтері 
ғ) деңгейлік тапсырмалар 
д) СТО технологиясы элементтері. 


127 
Деңгейлік тапсырамаларды әр тақырыпты өткен кейінгі жұмыстарда, бекіту сәттерінде де пайдалануға болады. 
Оқушының жаңа сабақты меңгеру деңгейін анықтай аламыз.
1 деңгей. Барлығына бірдей міндетті деңгей. Мұнда жаңа сабақ бойынша жеңіл, қарапайым сұрақтар беріледі. 
Мысалы: «Отбасы» тақырыбы бойынша 1-деңгей 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет