ІІІ
Жаңа сабақ
Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай үшке бөлінеді
Жанғыш пайдалы қазбалар
Кенді пайдалы қазбалар
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Түсіндіру:
Пайдалы қазбаларды кімдер зерттейді? Геологтар
-
Қазақтың тұңғыш геологі кім еді? Қаныш Сәтбаев
Қаныш Сәтбаев туралы әңгімелеу
- Отанымызға, елімізге, халқымызға, табиғи байлықтарымызға тіреу де, сүйеу де, қорған да бола білген академик,
ғалым, қоғам қайраткері, Жезқазған мыс рудасын ашуға көп еңбек сіңірген осы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болатын.
Пайдалы қазбалар суреті бойынша әңгімелеу.
-
Қазақстанның кең байтақ жерінде пайдалы қазбаның барлық түрі кездеседі. Солардың кейбірі мыналар:мұнай, көмір,
газ, қорғасын, алюминий, күміс, алтын т.б. Осының ішінде біздің Ақтөбе өңірінде Жем, Кеңқияқ, Жанажол
аймақтарында мұнай және газ өндіріледі. Алтынды елді мекені аймағында алтын өндірілсе, Хромтауды хромның кен
орны деп мақтан етеміз.
(слайд бойынша түсіндіру)
Оқулықпен жұмыс:
Мәтінді оқыту (3 минут)
І топ: Жанғыш пайдалы қазбалар.
ІІ топ: Кен пайдалы қазбалар.
ІІІ топ: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.
Мәтіндегі оқығаны бойынша әңгімелеу
Сурет бойынша жұмыс
Суретті толықтыру, қандай қазбадан жасалғанын айту.
Пайдалы қазбалардың шартты белгілерімен таныстыру:
- Әрбір пайдалы қазбаның өзіне тән мынадай шартты белгілері бар.
Тас көмір - Мұнай- Газ- Темір - Алтын -
Мыс - Тұз - Әктас - Саз - Алюминий - А
Дәптермен жұмыс:
Пайдалы қазбалардың атын жазу, шартты белгілердің суретін салу
Қимылды сергіту сәті:
Шахтер келді шахтаға,
Көмір қазып халқына.
Дайын болған көмірді,
Ұсынады халқына.
Ойын: «Бұл не?»
Ауыр, қатты, соғуға жарамды, ұсақ және тығыз байланысқан бөлшектерден тұрады, машина жасауда қолданылады. Бұл не?
(Темір кені)
Қара түсті, аздап жалтырайды, қатты, суға батпайды, жанады. Қарағанды, Екібастұзда өндіріледі. Бұл не?
(Таскөмір)
Мықты, ауыр, сұр, қызғылт, қызыл түсті болуы мүмкін.
Құрылыс жабдығы ретінде қолданылады. Бұл не?
(Гранит)
Қошқыл түсті сұйықтық, жанады, одан керосин, газ, бензин мен мазут алынады.
(Мұнай)
Ақ, қызғылт, сұрғылт, көкшіл түстес келеді. Ол оңай үгіледі. Суды өткізбейді. Созылмалы қасиеті бар. Біз оны үй
жөндегенде, кірпіш соққанда құмыра жасауда пайдаланамыз. Бұл не? (Саз)
Гранит ыдыраған кезде пайда болады, құрылыста және әйнек шығаруда пайдаланылады. (Құм)
Достарыңызбен бөлісу: |