Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Mинистірлігі



бет2/4
Дата09.03.2023
өлшемі71,4 Kb.
#171643
1   2   3   4
Байланысты:
Психологияның даму тарихы

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Психологияның даму тарихы.


Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып білумен бірге, өз денесінің, ішкі дүниесінің, ақыл ойы мен іс-әрекетінің, тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына орай өндіріс күштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлекет құрылды.Қоғамда адамдардың әрқилы наным-сенімдерге негізделген көзқарасы қалыптасты. Мұндай көзқарастар тек діни нанымдарға ғана негіз болып қоймай, адамның жан дүниесі туралы табиғи-ғылыми көзқарастардың туындауына себепші болды. Ежелгі Шығыс елдерінде, сонан соң Ежелгі Грекияда адамның тәні мен жанының сырын білуге ден қойылды.Адам тіршілігінің негізі-қан айналысына ерекшке мән берілді.Тіршіліктің негізі-қан айналымындағы сұйықтық және ондағы құрам деген түсінік қалыптасты. Ертедегі Қытай медицинасында б.з.д.XIII ғасырда денені басқарушы жүрек қызметі санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған еді. Ондай нәрселер организмде тегі бөлек заттармен қосылып, адамның физиологиялық тіршілігімен бірге психикалық қызметін де реттеп отырады, мұндай тіршілік адамның сөйлеу қабілетін оятып, ойын дамытады деген тұжырым жасалды. Адамның ойын жүрегі билесе, ал оның сезімдік қызметін бауыры атқарады деп түсінілді.
Ежелгі Үндістан дірңгерлері адамның психикалық әрекетінің негізгі органы- жүрек, оның атқаратын қызметі біртіндеп миға ауысады деген тұжырым жасады. Темперамент жайындағы ілім іргесінің қалануы, әрбір адам өзінің даралық ерекшеліктері мен сипатталады деген ұғым ғылым тарихындағы алғашқы материалистік қарапайым түсінікткерді тудырды. Ертедегі Қытай мен Үндістан дәрігерлері темперамент үш бөліктен тұрады, олар: бастапқыда ауа тектес нәрселерден- өттен және қан мен шырыннан құралған, осы үш түрлі нәрселердің дене құрамындағы мөлшеріне орай адамдар бірнеше типке ажыратылады деп санаған.
Осы негіздерге сүйене отырып, Қытай дәрігерлері адамдарды мынадай типтерге жіктеген:1)адамның бойында өттің не қан құрамының басым болуы. Мұндай адамдар күшті, батыр келеді. Олардың мінезі жолбарыс тәрізді өжет те шапшаң; 2) ауа тектес нәрселердің көптігі. Ондай адам ұстамсыз, қозғалғыш болады, маймылдың әрекетіндей әрекеттер жасайды; 3)шырынның басымдылығы-қимыл-қозғалыстың баяулығын, сабырлылықты білдіреді деп санайды.
Адам организмі жайындағы мұндай пайымдаулар сол дәуірлерде, бір жағынан, табиғи-ғылыми түсініктерге жол ашқанымен, екінші жағынан, әр түрлі діни наным-сенімдер тарапынан қарсылық тудырған көзқарастарға душар болды. Дегенмен, психологиялық және физиологиялық құбылыстар жайындағы ақылға қонымды көзқарастар өзіне жол тауып, одан әрі дами берді.
Психология-сан салалы ғылым. Бұл тақырыпта адам психикасының көріністері жан-жақты қарастырылып, олар өзара байланысты, біріне-бірі әсер етіп отыратын бірыңғай тұтас жан салалары екендігі айтылады. Мәселен кітапты оқу көру мүшесі арқылы, ал қабылдау арқылы текстіні толық түсініп, ол туралы ойлауға, ұғынуға мүмкіндік туады. Ол үшін зейінді шоғырландыру керек болады. Фактілерді еске түсіріп, олар қалай болар екен дегендей адамның қиялы шарықтайды.Адам психологиясын нақтылы әрекет үстінде зерттеу-психологияның негізгі принципі болып табылады.
Психология ғылымының даму тарихы біріне бірі қарама-қарсы ғылыми бағыттардың күресіне толы. Ол Аристотельден басталатын жан дүниесінің тарихы. Бұл ғылымның тарихи кезеңдері әйгілі оқымыстылардың ғылыми пікірлері арқылы зерттеліп, олардың мән-жайы баяндалған.
Бұдан соң психология деген сөздің төркіні, яғни шығу тегі түсіндіріліп, ол грек тіліндегі “псюхе”-жан, “логос ”-ғылым деген мағынаны білдіреді. Психология жан туралы ілім. Мұндай түсінік ерте замандардан XYIII ғасырдың басына дейін өктем болып келді. Психологияның өз алдына дербес эксперименттік ғылым болып бөлініп шығуы, В.Вундтың 1879 жылы Лейпцигте Тұңғыш лаборатория ұйымдастыруы. Сонымен қатар психология- сана туралы ілім. Ағылшын философы Джон Локктың “ сана- сыртқы заттық дүниенің бейнесі ” дейтін қағидасына орай пайда болды. Психологияның басқа ғылымдардан бөлініп дербес білім бола бастауы-Гартли бастаған ағылшынның эмпирикалық ассоциациялық психологиясы (XYIII ғ. Ортасы)
XIXғ.60ж,-XIXғ.аяғында психология жеке ғылым ретінде пайда болды.
Дербес ғылым ретінде психология аймағында өзара байланысты сырт көзге байқала бермейтін біршама ерекше білім салалары ұштасып жатады, мысалы,психофизиология мен әлеуметтік психология. Бұлар, сырттай қарағанға “сыйыспайтындай” болғанымен, бір ғылым саласынан, себебі олардың түпкі де түбегейлі міндеті бір - психикалық құбылыстың мәнін зерттеу. Психология қай ғылым саласымен байланысса да, оның зерттеу объектісі жалғыз-ақ: ол- адам, оның психикалық процестері, қалыптары және қасиеттері.
Психология ғылымының қолданбалық мәнін қоғам түсініп, қабылдауынан халыққа білім беру мекемелерінде кең психологиялық қызмет тармақтарын іске қосу идеясы өз қолдауын тапты. Қазіргі күнде бұл қызмет қалыптасып, дамуда, ол келешекте ғылым мен оның нәтижелерін практикаға ендіруде дәнекер жүйе болуы кәміл.


2. Ежелгі психология


Адамдар өздері тіршілік ететін орта мен айналадағы әрқилы заттарда, құбылыстарда өзіндік жан болады деп ұғынған. Мұндай ұғым анемизм (Лат «анима» жан деген сөзден шыққан) деп аталады.
Ежелгі дүние тарихында айрықша орын алатын эециклопедист ғалым Аристотель психологиялық ой пікірді табиғи негізге сүйеніп, биология мен медицина саласына бағыттады. Ол психика туралы ілімді одан әрі тереңірек зерттеп «Жан туралы» деген еңбек жазды. Аристотель бұл шығармасында жан дүниесінің әрекетін шындық әдіс арқылы зерттеп, оның тәжірбиеге негіздеп құруды мақсат етті. Писхология Арестотель заманында ақ дербечс сипаттағы ғылым саласына айналған – ды. Ол психиканың тәнмсен бірге өмір сүретіндінгін айта келіп, психикалық әрекеттердің басым көпшілігін материолистік тұрғыдан шешті, Платонның психитка жайындағы дуалимтік көзқарасын обьективтік шындыққа, материалистік бағытқа қарай бұрды. Сонымен, Гераклит пен Демокриттің, Платон мен Аристотельдің жан жайындағы көзқарастары психологиялық ілімнің келешектеіг дамуына ғылыми негіз болып қаланды.
Жан жүйесі жайындағы ертедегі ілім көптеген ойшылдар мен ғұламалардың шығармаларында өзіндік орнын тапты. Ежелгі Римнің көрнекті ойшылдары Лукреци, Гален психологияның жан дүниесінің сыры мен байланысты табиғи негіздерін іздестірді. Ал ұлы Грек ойшылы Сократ «өзіңді – өзің тани біл» деген ұлағатты пікірін адамның жан дүниесі мен, сыры мен ұщтастырды. Сондай ақ, адамның жаны тәніне тән деп санап, ол ақыл ой арқылы реттеліп отырады деді. Ежелгі дүние ғұламаларының жан дүниесі жайындағыой пікірлерінің философиялық және әлеуметтік негіздері сол заманның экономикалық саяси құрлысына орай түрлі идеялық бағытта материялистік идеолистік болуытаңданарлықжайт емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет