Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі



бет1/10
Дата22.03.2022
өлшемі185,5 Kb.
#136520
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
биологияғак кіріспе


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-16-13.1.68/02-2013



ПОӘК
Студенттерге арналған пәндердің оқу жұмыс бағдарламасы «Биологияға кіріспе»

«__»______2013 ж.


№ 3 басылым



ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

(СИЛЛАБУС)
«Биологияға кіріспе» пәні бойынша
5В011300 Биология мамандығы бойынша
1-ші курс студенттеріне арналған

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей- 2013ж


Құрастырушы, аға оқытушы___________Құнанбаева С.К.
Жалпы биология кафедра отырысында бекітілді
Хаттама № ___«___» ____________ 2011 ж
Кафедра меңгерушісі, доцент _____________ Калиева СК.
Жаратылыстық ғылымдары Факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді
Хаттама №____ «___» ____________ 2011 ж.
Факультеттің ОӘК төрайымы ______________ Абдишева З.В.

Пәннің оқу бағдарламасы – (SILLABUS)


Пән бойынша мәлімет
Атауы: «Биологияға кіріспе»
Кредит саны -3
Сабақ өтетін орын: № 3 ғимарат, күнтізбеге сәйкес аудитория.

Оқытушы туралы деректер.


Құнанбаева Сауле Кабидулловна.
Жалпы биология кафедрасының оқытушысы
Мекен-жайы: Жалпы биология кафедрасы, 3-ші ғимарат, 227 аудитория.
Оқу жоспарынан үзінді:

Курс

Семестр

Кредиттер

Дәріс сағ

прак
Сағ

СӨОЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау нысаны

1

1

3

30

15

22,5

67,5

135

емтихан

    1. Пәннің пререквизиті:

Курсты менгеру үшін , студенттердің орта мектептегі биология, химия пәндерінен алған білімдеріне сүйенеді.


-биология. Адам ататомиясы, генетика; гендер, хромосомалар,ДНК, РНК.
-химия. Көмірсулар, майлар, ақуыздар.
1.2. Курс постреквизиты:
Адам анатомиясы.
Жалпы физиология(адам және жануарлар)
Биохимия
Эволюциялық ілім
Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар.
Өсімдіктер физиологиясы.
Педагогика
Педагогикалық практика

1.3 Курстың тақырыптық жоспары:


Пәннің қысқаша мазмұны:
Биологияға кіріспе пәні –адам, жануарлар организміндегі жасушалар,ұлпалар,ағзалар және ағзалар жүйесінің дамуын, құрылысын, қызметін зерттейтін, олардын пайда болғанынан өлгенге дейінгі тіршілік әрекетін, іс-тәжірибе мүддесіне сай, дамуға бағытты ықпал жасау мүмкіндігі туралы ғылым. Биологиялық ғылымдар: ботаника, зоология, анатомия, физиология, бактериология, вирусология, молекулярлық биология, биохимия, генетика ғылымдар негізінде қуралды.
Бактерия, өсімдік және жануар клеткасындағы субклеткалы органеллалардың құрылысы мен функциясын оқудың қазіргі кездегі қадамдарын студенттерге таныстыру. Молекулярлық генетика мен биохимия аумағында жетістіктер иммунологтарға көптеген цитокиндердің ашуына мүмкіндік береді. Цитокиндердің әсері арнайы рецепторлар көмегімен жүзеге асады. Көптеген зерттеулер негізінде цитокин желі түсінігі қалыптасты және цитокиндердің бірқатар аурулар кезіңдегі әсер ету ерекшеліктері аңықталды. Биологияның басты заңдарын организмнің функционалды заңдылықтарын, оның біртекті жүйе екенін көрсет Цитология – клетка биологиясы жөніндегі ілімі. Клетка – ұлпаларының ең маңызды компоненті, тіршіліктің қарапайым негізі. Цитология биология мамандарын дайындау саласында іргелі пәндердің біреу болып саналады. Эволюциялық биология курсы педагогиқалық институтардың биология мамандығы негізі және қосымша болып келетін барлық факультеттердің оқу жоспарына еңгізілген. Қазіргі заман эволюция XXI –ғасырдан қалыптасқан және одан кейінгі ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмыстарында талданып дәлелденген эволюцияның синтетикалық теориясы болып табылады.. Дүниетану негізінде болашақта бастауыш сыныптарда сыныптан тыс жұмыстарға кірістіру және дүниетану негіздері пәнін оқытуда керекті практикалық білімін, іскерлігін және педагогтық дағдыларын қалыптастыру. Жертану және өлкетану материалдарын оқу нәтижесінде студенттер негізгі физикалық-географиялық ұғымдарды меңгеріп, географиялық қабықта өтетін басты процесстердің мәнін оку және географиялық объектілердің, процесстер мен құбылыстардың тығыз байланысының нақты дәлелін білу, сонымен қатар табиғатты қорғау шараларын танып біледі.
Өсімдіктерге жалпы сипаттама және ботаника ғылымы негіздері мен жануарлар әлеміне сипаттама және зоология ғылымы негіздері материалдарын оқыту кезінде - болашақта бастауыш сыныпта оқушыларды дүниетану негіздері пәнін оқытуда және табиғатты қорғау ісін, сондай-ақ ауылшаруашылык еңбегін, сыныптан тыс жұмыстарға енгізуде білімге, іскерлікке және дағдыға қалыптастыру; диалектикалық-материалдык көрсетілімдерді қалыптастыруда ботаника мен зоологияның маңыздылығын ұғындыру.
Курстың міндеттері - студенттерді биологиялық ғылымдар саларымен таныстырып жаратылыстық бағытта білімдерін бағыттап, аталған салалар бойынша мәліметтерді және өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланыстылығын аша отырып, өсімдік, жануар формаларының көптүрлілігімен таныстыру, өсімдік пен жануарлар мүшелеріндегі өзгерістерді оқыту, шаруашылық маңызын көрсету жэне өсімдік пен жануарлар ресурстарын сақтауда қолдану болып табылады.
Биология мамандарын дайындау саласында ботаника, зоология, анатомия, цитология, гистология, эмбриология, молекулярлық биология, генетика, бихимия, іргелі пәндері болып саналады. Жалпы гистология курсын оқыту барысында: эмбриология негіздері хордалылар типінің өкілдері ланцетник, балықтар, амфибийлер, рептилийлер, сүт қоректілер адам эмбриогензінің негізгі кезендерімен таныстырады. Екінші бөлімде гистология ғылымы ұлпаның құрылысын зерттейді.
Пәннің мақсаты:
Организм тіршілігінің әр деңгейіндегі құрылым жүйесі мәнің айқындау; бактерия, өсімдік және жануар клеткасындағы субклеткалы органеллалардың құрылысы мен функциясын оқудың қазіргі кездегі қадамдарын студенттерге таныстыру. Биологияның басты заңдарын, организмнің функционалды заңдылықтарын, оның біртекті жүйе екенін көрсетү.
Биологияның негізгі мақсаты: ұлпаларының құрылымдарын, олардың өзара тіршілік байланыстарын, күрделі қатынастығы жеке жүйе екендігін түсіндіреді.Гистология, және эмбриология негіздерін оқып игеруде студенттер ұрықтың дамуын ұлпалардың құрлымын барлық денгейде зерттеп практикалық және теориялық негіздерімен танысады.

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ:


Студенттердің біліміне қойылатын талаптар:
Тіршіліктері түрлі жүйелердің құрылымы(жасушалар, ұлпалар, ағзалар,жүйелер және организм) денгейін анықтау; философияның диалектикалық материализм тұрғысынан организмның жеке даму зандылықтарын зерттеу, тіршілік әрекеттерін (заттек алмасу, қуат және хабар) басқаруды менгеру; маманды іс тәжірибеде организм, ағзалар, улпалар, жасушалар, субмикроскоптық құрылымдарды зерттеудің курделі, кешенді өдістерді қолдана білуге үйрету және дағдысын дамыту.
Гистология, және эмбриология негіздерін оқып игеруде студенттер ұрықтың дамуын ұлпалардың құрлымын барлық денгейде зерттеп практикалық және теориялық негіздерімен танысады.
- тіршіліктегі түрлі жүйелердің құрылымы деңгейін анықтау;
- биотехнология әдістерін кеңінен қолдану, оның табыстарын медицина, ветеринария, мал шаруашылығының әр саласында пайдалана білу.
Жарық және ЭЛЕКТРОНДЫ микроскопиялық әдістерді қолданып, морфологиялық, цитохимиялық, иммуноцитохимиялық, авторадиографиялық, будандастыру басқа да зерттеу әдістерін қолдануға мүмкіндік туғызады.
Студенттерді зерттеу жұмысына баулу:
-тәжірибелік және зерттеу жұмысында цитологиялық және гистологиялық әдістерді менгеру;
-оқып білген материалға талдау жасау ;
-оқыған материалды дурыс бағалау;
-студент өздігінен ізденіп жаңа және сапалы мәліметтермен танысу тиісті.
Гистология және цитология пәнінен сабақты уйымдастыру ерекшелігі:
Білім беру жұйесінің ерекшелігі –өзін-өзі оқыту, бақылау жөне басқару.Әр практикалық сабақ алдында дәріс оқылады.Практикалық сабақтын мақсаты –студенттер препараттармен өздігінен еркін жұмыс істеуіне, яғни микроскоппен қарап, көргенін талдап, суретке салуына жетісу. Гистологиялық құрылымдарды қалай табуға болатынын менгеру.
Пәнді менгеру нәтижесінде студент білуі керек:
-жарық микроскопты қолдану акқылы ағзалар мен ұлпалар және жасушаларды зерделеу әдістерін менгеру;
-гистологиялық препараттарды дайындау және негізгі өндеу жолдарын білу;
-электронды микроскопты қолдана білу;
-өсімдік пен жануарлар жасушалар құрылысын білу:
-организмның онтогенезі, филогенезінде әртүрлі улпалардың дамуын;
-микроскопиялық құрылысын, тіршілік әрекетін, орналасу орнын, жіктелуін;
-қазырғы гистология, цитология улпалар мен жасушалардың өсу, даму, қарқынды, томен белсенділігін, қайтадан қалпына келу, қартаю басқа да құрылым зандылықтарын, ерекшеліктерін, тіршілік әрекеттерін анықтай білу.
«Биологияға кіріспе» пәнінен2011– 2012 оқу жылында 1 курс студенттерінің оку-әдістемелік әдебиеттермен қамтылу


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет