Тәрбие жұмысы – толық өзіндік дамуы мен өзін-өзі табысты көрсету
мақсатында ересектер мен жасөспірімдердің бірлескен тіршілік әрекеттерін
ұйымдастыру жөнінде мақсатты бағытталған қызмет.
Тәрбие жүйесінің мазмұны – ғылыми білімдер, әртүрлі ақпараттар, құнды
бағдарламалар және мәдениет жетістіктерінің жиынтығы.
Тәрбие технологиясы – нақты тәрбиелік нәтижеге жетуде белгілі бір
қабілетті және бірізділікті жүзеге асыратын операциялардың жиынтығы.
Толеранттық (лат. tolerantia – төзім) – қайсыбір жағымсыз факторға жауап
әрекеттің болмауы не бәсеңсуі; оның әсеріне сезгіштіктің төмендеуінің
нәтижесі.
Тәртіптілік – адамдардың қоғамдық ортада белгілі бір тәртіп жүйесін және
олардың игеруге міндетті нормаларды (құқықтық, моральдық, саяси-этностық
және т.б.) берік сақтауын талап ететін жүйе.
Ұжым (лат. collectivus – жинақталған) – бір мақсатқа жұмылдырылған,
жалпы құнарлы бағдары бар, бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынасқа
негізделген адамдардың әлеуметтік қоғамдық бірлестігі.
Ұжым – қоғамдық мәні бар, ортақ мақсаттар негізінде жалпы маңызды
бағыттарға байланысты қарым-қатынас жасайтын адамдардың әлеуметтік
бірлестігі.