Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы «Білім туралы»



бет10/15
Дата25.06.2017
өлшемі2,49 Mb.
#19994
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», заңдарды және басқа білім беру және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді; педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру-басқару талаптарын шешуге қажетті пәндердің жалпы теориялық негіздерін; педагогика теориясын, психологияны, жас ерекшелік физиологияны, мектеп гигиенасын пәнді оқытудың әдістемесін; тәжірибелік жұмысты, тәрбие жұмысының әдістемесін, дарынды балалармен жұмыс жүргізуді; бағдарламалар мен оқулықтар, оқыту әдістері мен олардың дидактикалық мүмкіндіктерін; педагогикалық ғылымның негізгі даму бағыттары мен қазіргі жетістіктерін, еңбек заңының негіздерін, еңбекті қорғау нормалары және техника қауіпсіздігі; санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз маман:

жоғары педагогикалық білімі және педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

жоғары педагогикалық білімі және педагог-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

жоғары педагогикалық білімі және педагог-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

жоғары педагогикалық білімі және педагог-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.

 

 

Әлеуметтік педагог

 

Лауазымдық міндеттері: Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке психолого-медико-педагогикалық ерекшеліктерін және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын зерделейді және мүдделілігі мен қажеттілігін, даудамайлық жағдайларды, тәртібіндегі ауытқуларды анықтайды, уақытында әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді.

Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістерін, түрлерін, міндеттерін анықтайды, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, балалардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылдайды. Білім алушылар, тәрбиешілер, балалар мен әкімшілік органдар, ведомстволар, әртүрлі әлеуметтік қызметтің мамандары, қоғам, жанұя, білім беру ұйымдары арасында байланыс орнатады. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, әдістерін, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу жолдарын, анықтайды. Тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдары мен тұрғылықты мекен-жайы бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) білім алуы, тәрбиеленуі, дамуы және әлеуметтік қорғалуы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек балаларды мүліктік және мүліктік емес құқықтары бойынша патронат бойынша тұрғын үймен, жәрдемақымен, зейнетақымен қаматамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді. Балалар мен мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасында байланыс орнатады. Мұғалімдермен, ата-аналармен басқа заңды өкілдермен өзара қарым-қатынас жасайды. Білім беру ұйымындағы оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарды және басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді; әлеуметтік саясат негіздерін, жалпы және әлеуметтік педагогиканы; педагогикалық, әлеуметтік, жас ерекшелік және баланың психологиясын; валеология және әлеуметтік гигиена негіздерін; әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістерді; тәрбие жұмысы әдістерін, педагогикалық ғылымның негізгі бағыттарын; әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жоспарлау және талдау; еңбек туралы заңнамалар негізін; еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын; санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілік талаптары:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз маман:

жоғары педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары білім.

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

Жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман әлеуметтік педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруге, сонымен қатар: озық іс-тәжірибелерді зерттеп оны практикада қолдана білуі, оқу-тәрбие жұмысына талдау жасау дағдыларын, білім беру ұйымдарындағы әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары педагогикалық білім, әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе бейіні бойынша жоғары білім және әлеуметтік педагог лауазымында еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

екінші санатты әлеуметтік педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысына талдау жасау әдістемесін, шығармашылық семинарларды басқара білуі; озық тәжірбиелерді енгізуі тиіс.

біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары педагогикалық білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем емес немесе бейіні бойынша жоғары білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.

біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғары санатты маман:

бірінші санатты әлеуметтік педагогқа қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды білуі; әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалардың, педагогикалық технологиялардың құрастыра білуі және олардың жұмысы бойынша апробация жүргізуі, әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерімен айналысатын шығармашылық топтың жұмысын басқаруы тиіс.

біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары педагогикалық білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес бейіні бойынша жоғары білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 6 жылдан кем емес.

 

 

Вожатый, аға вожатый

 

Лауазымдық міндеттері: Балалар қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің қызметінің дамуына ықпал жасайды. Балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің бағдарламаларын жасауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен түрлерін жаңартуға ықпал етеді. Балалар мен жеткіншектердің бастамасын, жас ерекшеліктеріне сәйкес қызығушылықтарымен қажеттілігін ескере отырып, жұмысын жоспарлайды. Ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады. Балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп жатқан ұйымдар, бірлестіктер туралы кең көлемде ақпараттандыруға жағдай жасайды. Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын арттырады, өздерінің қызығушылықтары мен қажеттілігін іске асыру үшін қажетті жағдай жасайды. Білім беру ұйымдарында жалпы мәдени-бұқаралық, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын ұйымдастыру, балалардың танымдық демалысын олардың бос уақыттарын қызықты да пайдалы өткізуге ұйымдастыруға ықпал етеді. Өзіне сеніп тапсырылған білім алушылармен тәрбиеленушілер, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқоршылық жасайды. Демалыс кезінде олардың демалуын ұйымдастырады. Балалар мен жасөспірімдермен жүргізілетін алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибені зерделейді және қолданады.

Балалардың ұйымдары мен бірлестіктері алғашқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушыны) дайындау және іріктеу бойынша жұмыстар жүргізеді.

Білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымының өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен, оқушылардың ата-аналарымен немесе оларды ауыстырушылармен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы» заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілерді; педагогиканың, психологияның теориясын; жас ерекшелік физиологияны, мектеп гигиенасын, тәрбие беру жұмысының әдістемесін, педагогика ғылымының даму бағыттары; еңбек туралы заңнамаларының негізін; санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз маман: жоғары педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары білім және балалар мен жеткіншектермен жұмыс істеу қызметіндегі еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.

біліктілігі орта деңгейдегі санатсыз маман: техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) мамандығына сәйкес техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) және балалармен, жасөспірімдермен еңбек тәжірибесінің 2 жылдан кем болмауы тиіс.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз вожатыйға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балалармен жеке жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ұсынымдамаларына әзірлей білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары педагогикалық білімі, вожатый мамандығы бойынша қызметтегі еңбек өтілі 2 жылдан кем емес немесе жоғары білімі, вожатый мамандығы бойынша қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес;

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

екінші санатты вожатыйға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балалармен диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуі, балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеу жұмысының проблемалары бойынша зерделеу дағдыларын білуі, тәрбие бойынша жүргізілетін іс-шараларды талдау әдістерін білуі, өз жұмысында алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибесін қолданауы тиіс.

біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары педагогикалық білім, аға вожатый мамандығы бойынша қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе жоғары білім және вожатый лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

бірінші санатты вожатыйға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ұйымдастыру-әдістемелік қызметінінің талдау әдістемесін білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және вожатый лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем емес немесе жоғары білім және вожатый лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты аға маман:

біліктіліктігі орта деңгейдегі санатсыз вожатыйға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балалармен жеке жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ұсынымдарды өз алдына әзірлей білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: мамандығына сәйкестехникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және вожатый лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем.

Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты аға маман:

Вожатыйға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар; балалармен диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру нысанын білуі, балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеу ісіндегі проблемаларды зерттеу дағдыларының болуы, өткізілетін тәрбиелік іс-шараларды талдау әдістерін меңгеруі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) мамандығына сәйкес және вожатый қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.

Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты аға маман:

Біліктілігі орта деңгейдегі жоғарғы санатты вожатыйға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ұйымдастыру-әдістемелік қызметінің талдау әдістемелерін білуі, өз жұмысында алдыңғы қатарлы педагогикалық озық өткізілетін іс-тәжірбие жұмыстарын пайдалануы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) жәневожатый лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.

 

 

Тәрбиеші, аға тәрбиеші

 

Лауазымдық міндеттері: Тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) отбасылық жай-күйін зерделейді және баспаналық-тұрмыстық жағдайын, жеке қабілеттілігін, балалардың қызығушылығы мен баланың жеке тұлға болып қалыптасуын психологтардың нұсқаулары бойынша (топтық және жекелей) дамыту-түзету жұмыстарын жоспарлайды және ұйымдастырады. Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімделу жағдайларын жасау үшін күнделікті жұмыстар жасайды.

Білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) күн тәртібінің, үй тапсырмаларының орындалуын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын ұйымдастырады. Қосымша білім алуда және демалысты ұйымдастыруда, оқытуда көмек көрсетеді, оларды қызығушылықтары бойынша біріктіретін көркем және ғылыми-техникалық шығармашылыққа, спорт секцияларына, үйірмелерге тартады. Сабақтан тыс уақытта білім алушылармен (тәрбиеленушілермен) тәрбие жұмыстарын жүргізеді.

Тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) жас ерекшелігін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөнінде жұмысты ұйымдастырады.

Медицина қызметкерлермен оқушылардың (тәрбиеленушілердің) денсаулығын жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық жетілуін қалыптастыратын іс-шаралар ұйымдастырады, балалардың оқу беру ұйымында сабақтан тыс уақыттағы өмірі мен денсаулығына жауапкершілік артады. Дәрігер келгенге дейінгі алғашқы медициналық көмекті көрсетеді. Ата-аналарымен және тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) басқа да заңды өкілдерімен қарым-қатынаста болады.

Топтарға бөлінген мүліктердің, әдістемелік әдебиеттердің, құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді, мүліктердің, оқу құрал-жабдықтары мен ойыншықтардың есебін жүргізеді. Тәрбиешінің көмекшісінің жұмысын басқарады.

Білім беру ұйымының аға тәрбиешісінің лауазымдық міндеттері: Тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетеді, озық педагогикалық тәжірибелерді жалпылауға, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға және олардың бастамаларын дамытуға ықпал етеді. Білім беру ұйымының кеңесімен және балалар ұйымдарымен тығыз байланыста бола отырып, тәрбиеленушілермен (білім алушылармен) жалпы-мәдени жұмыстар жүргізеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы» Заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасының негіздерін; тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін; еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім, бейіні бойынша жоғары білім және балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 2 жылдан кем емес;

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта және кәсіптік орта) және балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 2 жылдан кем емес.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: жеке оқыту мен тәрбие берудің технологиясын меңгеруі, балалардың тәрбиелі болуын қамтамасыз етуі, жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалану арқылы әдістемелік бірлестіктердің, алдыңғы қатарлы мектептердің жұмысына қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және тәрбиеші лауазымындағы педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес немесе жоғары білім және тәрбиеші лауазымындағы педагогикалық жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс;

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) жас ерекшеліктеріне қарай тәрбие беру әдістемесін әзірлей білуі, тәрбие жұмысын талдаудың әдістерін және диагностикалық жұмыстың ұйымдастырылған формаларын меңгеруі; шығармашылық семинарларды басқара білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және тәрбиеші лауазымындағы педагогикалық жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс немесе жоғары білімі және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс;

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологияларды, тәрбие беру әдістемесін әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі; педагогикалық озық тәжірибелерді әдістемелік немесе ғылыми жарияланымдар шығару арқылы жалпылауы, тәрбие саласының өзекті проблемалары жөніндегі шығармашылық топты басқара білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес немесе жоғары білімі және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес;

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: жеке оқыту мен тәрбие берудің технологиясын меңгеруі, балалардың тәрбиелі болуын қамтамасыз етуі, білім беру ұйымдары шеңберінде озық педагогикалық тәжірибені пайдалану арқылы әдістемелік бірлестіктердің, алдыңғы қатарлы мектептердің жұмысына қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті педагогикалық мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс;

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысына талдау жасаудың әдістерін меңгеруі, білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) жас ерекшеліктеріне қарай және оларға сараланған тұрғыдан тәрбие беру әдістемесін әзірлей білуі, шығармашылық семинарларды басқара білуі, диагностикалық жұмыстың ұйымдастырылған нысандарын меңгеруі; өз жұмысында педагогикалық озық тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті педагогикалық мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс;

біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологияларды, тәрбие әдістемесін әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі; педагогикалық озық тәжірибелерді әдістемелік ұсынымдамалар немесе ғылыми жарияланымдар шығару арқылы жалпылауы, тәрбие саласының өзекті проблемалары жөніндегі шығармашылық топты басқара білуі тиіс;

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті педагогикалық мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес.

 

 


Каталог: Files
Files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
Files -> Астрономия Мазмұны
Files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
Files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
Files -> Расул гамзатов
Files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
Files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
Files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
Files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет