Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі abai University силлабус пән туралы ақпарат



бет3/6
Дата29.09.2022
өлшемі37,88 Kb.
#151186
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
САӘ силлабус (1)
Каспий теңізінің құқықтық статусының ерекшелігі (копия)
3. Курстың академиялық тұсаукесері
Сауат ашу әдістемесі – студенттерді болашақ мамандығының қыр-сырымен таныстырып, оларды ғылыми-әдістемелік біліммен қаруландырып, өз бетімен кәсіби әрекетін іске асыруға мүмкіндік жасайтын бірден-бір пән. Бұл пән мектеп табалдырығын алғаш аттаған шәкірттерге оқу-жазуды, тілдік дағдыларды меңгерту жолдарын үйрететін маңызды пәннің бірі. Сондықтан «Сауат ашу әдістемесі» пәнінде қарастырылатын мәселелерді терең меңгеру Сіздің болашақ маман ретінде қалыптасуыңызда ерекше рөл атқарады.
Оқу курсының типі: ТК
«Сауат ашу әдістемесі» пәнінің мақсаты – болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне сауат ашу әдістемесінің теориясынан жүйелі білім беру, Әліппе сабақтарын жүргізудің әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Осы мақсатқа жетуде мынадай міндеттер көзделеді:
– студенттерді сауат ашу әдістемесінің даму тарихымен таныстыру;

  • сауат ашу кезеңдерін, әр кезеңнің мақсат-міндеттері мен ерекшеліктерін игерту;

  • сауат ашудың (бастапқы оқу-жазуға үйретудің) әдіс-тәсілдерін меңгерту.

– Әліппеге дейінгі және әліппе кезеңі сабақтарының құрылымы мен ондағы оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмысын жоспарлауды үйрету;
Әліппенің қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасатып көрсету;

– сауат ашу кезеңдерінде тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстыру.
Түлекте жалпы құзыреттіліктің болуымен сипатталады:
ПҚ1 – бастауыш білім берудің ерекшелігін түсінеді, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастықтарын жүзеге асыру құралдарын біледі;
ПҚ2 – бастауыш сыныптарда математика, тіл, әдебиет, музыка, жаратылыстану, көркем еңбек, дене шынықтыру, АКТ-ны оқытудың теориялық негіздері мен әдістерін меңгерген.
ПҚ3 – математика, ана тілі, әдебиет, музыка, жаратылыстану, көркем еңбек, дене шынықтыру, АКТ тұжырымдамалық және теориялық негіздерін, олардың ғылым мен құндылықтардың жалпы жүйесіндегі орнын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын біледі;
ПҚ4 бастауыш сынып оқушыларын ана тіліне оқытуда бастауыш тіл білімінің теориялық негіздері мен технологияларын меңгерген.
Оқыту нәтижелері мыналармен сипатталады және осы бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін түлек:
ОН1 – педагогикалық ғылымның мәнін, оның әдіснамалық негіздерін, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің педагогикалық үдерісін түсінеді; бастауыш мектепте оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдістерін жобалайды, іріктейді және қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет