Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі аймақтық Әлеуметтік инновациялық



бет112/130
Дата06.02.2022
өлшемі18,61 Mb.
#55921
түріЛекция
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   130
Байланысты:
6. leksia
ОП Энергетика каз, ОП Энергетика каз, портфолио, 15.02.19, 15.02.19, 111, 6575b84a-6758-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Гигиена преп каз, 16 5, 6. leksia, Мақала образец, қаз т оқу бағд дұрысы, озгерис сырттай Акпар Стан послед темы дипломных работ 2019 - 2020 - копия, БББ каз МФ 1 06.02 (2), БББ каз МФ 1 06.02 (2)
Дәріс жоспары:
1. Локалдық және бүкіләлемдік желі.
2. Желілік топологиялар.



  1. Локалдық және бүкіләлемдік желі.

Сіздер дербес компьютерлердің желілері (торабы) туралы естіген де шығарсыздар. Олардың ауқымды жалпы және жергілікті желілерге бөлінетінінен де хабардар боларсыздар. Бұқаралық ақпараттық жүйеде "Еthеrnеt... 100-мегабитті технология... Желілік технологиялар... Интернеттегі жанжал... Интражелілер..." деген сөздер жиі естіліп жатады. Бірақ біз бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылар желілермен таныс емес, тек компьютер құрамын біледі деп есептейміз.
Егер сіздің бір-ақ компьютеріңіз болса және модеміңіз болмаса, онда сіз компьютерлік желінің артықшылықтарын сезіне де алмайсыз. "Атыңыз егер болмаса, жорғасын қайдан білесіз", - деп өленде айтылатын сияқты ... Бірақ сіздің бірнеше компьютеріңіз болса немесе мәліметті қашықтағы компьютерге жәнелту керек болса онда желілік технология мүмкіндіктері сіз үшін өте қажет болып табылады. Желілік технологиялар орасан зор қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді.
Компьютерлік желі дегеніміз - бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат еңдеудің тармақталған жүйесі.
Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға. қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:
- желімен қатынас кұруды үйымдастыру;
- олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;
- желі тұтынушыларьша есептеу құрылғьшарьш пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.
Екі және одан да көп компьютерлердің физикалық байланысынан компьютерлік желі туындайды. Компьютерлік желі – компьютерлер арасындағы өзара мәліметтер алмасу жүйесі. Екі компьютердің қарапайым байланысы тікелей байланыс деп аталады.
Компьютерлік желіні орнату үшін арнайы аппараттық жабдықтар (желілік құрылғылар) және арнайы бағдарламалық жабдықтар (желілік программалық жабдықтар) қажет.
Компьютерлік желінің негізгі мақсаты – компьютерлік желідегі барлық ресурстарды қолданушының пайдалануына мүмкіндік беру.
Ресурс – қолданушыға бөлінетін есептеу жүйесінің физикалық немесе логикалық бөлігі. Мысалы: орталық процессордың уақыты, оперативті немесе тұрақты жады облысы, логикалық немесе физикалық сыртқы құрылғылар. Ресурстар 3 түрлі болады: аппараттық, программалық және ақпараттық. Мысалы, принтер, қатты дискі мөлшері – бұлар аппараттық ресурстар. Егер желідегі бір принтерді барлық қолданушылар пайдаланса, онда олар ортақ аппараттық ресурсты бөліседі.
Қашықтықтағы компьтерлердегі мәліметтерді қолдану – ақпараттық ресурсты қолдану болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет