22-сурет. Microsoft Equation 3.0командасы.
2)Курсор тұрған орынға формула енгiзу мүмкiндiгi берiледi және формулалар саймандар тақтасы пайда болады (23-сурет);
23-сурет.Формулалар саймандар тақтасы.
3)Қажеттi элементтi осы саймандар тақтасынан таңдап аламыз да, енгiзуге тиiстi мәндердi терiп жазамыз. Бұл программа енгiзiлген формулаларды автоматты түрде форматтайды.
3. Құжатты баспаға шығару.
Құжатты баспаға жiбермес бұрын, алдымен оның қағаз бетiнде қалай орналасатынын арнаулы алдын ала мәтiн көру режимi арқылы қарап шығуға болады. Бұл бiраз уақытты және қағазды үнемдеуге мүмкiндiк бередi.
Word редакторында бiрден мәтiннiң бiрнеше дана көшiрмесiн немесе құжаттың тек кейбiр беттерiн ғана баспаға шығаруға болады.
Баспаға шығарылатын мәтiндi көру үшiн келесi бес режимнiң кез келгенiн қолдана аламыз, олар: қалыпты (обычный), электрондық құжат (электронный документ), беттердi белгiлеу (разметка страницы), құжат құрылымы (структура документа) және баспаға шығару алдында мәтiндi көру (предварительный просмотр). Егер құжат құрамында арнайы элементтер (кестелер, кадрлар, графикалық объектiлер т.с.с.) болса, тек беттердi белгiлеу және баспаға шығару алдында мәтiндi көру екi режимi ғана баспаға шығарылатын құжат жайлы алдын-ала толық көрiнiс бере алады.
Ағымдағы Құжатты баспаға шығару үшiн:
1.Қажеттi құжатты ашамыз;
2. ФайлБаспаға шығару командасын орындаймыз немесе Ctrl+Shift+F12 пернелер комбинациясын басамыз, сонда “Баспаға шығару” сұхбат терезесi ашылады (24-сурет).
3.Егер ешқандай параметрлер өзгертiлмейтiндей болса, ОК батырмасын шертемiз.
Мұндай сәтте құжаттың басынан аяғына дейiнгi барлық беттерi бiр дана болып басылып шығады, оның параметрлерi алдын ала келiсiлген мәндердi қабылдап тұрады немесе баспаға шығарудың осының алдындағы “Баспаға шығару” сұхбат терезесiнде анықталған параметрлер арқылы орындалады.
24-сурет.ФайлБаспаға шығару командасы.
Ашық тұрған құжатты баспаға стандартты саймандар тақтасындағы батырмасын шерту арқылы да орындауға болады. Құжатты баспаға шығаруды болдырмау үшiн Esc пернесiн басамыз.
Баспаға шығару барысында Windows жүйесiнiң Есептер тақтасындағы принтердiң шартбелгiсi көрсетiлiп тұрады. Баспаға шығаруды болдыртпау үшiн, тышқанды принтер шартбелгiсiне жеткiзiп, оны екi рет шерту керек. Шыққан сұхбаттық терезеде ҚұжатБаспаға шығаруды болдырмау (ДокументОтменить печать) командасы арқылы баспаға шығаруды болдырмауға мүмкiндiк бар. Баспаға шығару терезесiн жабу үшiн ПринтерЖабу (ПринтерЗакрыть) командасын орындаймыз.
Алдын ала келiсiм бойынша құжаттың барлық беттерi бiр дана болып қана басып шығарылады. Бiрақ оны бiрнеше дана етiп те шығару мүмкiндiгi бар, ол үшiн:
1)Баспаға шығаруға арналған құжатты ашу қажет;
2)ФайлБаспаға шығару командасын орындап немесе Ctrl+Shift+F12 пернелер комбинациясын басып “Баспаға шығару” (Печать) сұхбаттық терезесiн шығарамыз;
3)Осы терезенiң “Көшiрмелер” (Копии) бөлiмiндегi Көшiрмелер саны (Число копии) өрiсiне құжаттың қажеттi көшiрмелер санын тiкелей енгiземiз (немесе өрiстiң оң жағында орналасқан тiлсызық батырманы басып қажеттi санды шығарып орнату керек);
4)Алдын ала келiсiм бойынша “Көшiрмелер” бөлiмiнде Көшiрмелердi бөлiп қою (Разобрать по копиям) қасиеті таңдалған, соның нәтижесiнде бiрiншi дананың барлық беттерi толық басылады, одан кейiн екiншi дананың беттерi басылып шығады т.с.с. Ал егер барлық даналарды қатар алу қажет болса, онда Көшiрмелердi бөлiп қою (Разобрать по копиям) қанатбелгісін алып тастау қажет, сонда ең алдымен барлық бiрiншi беттер, сосын барлық екiншi беттер т.с.с. болып басылып шығады. Бұл тәсiл баспаға шығару уақытын бiршама қысқартуға мүмкiндiк бередi, бiрақ мұнда құжаттың барлық даналарын реттеудi әркiм өзi орындауына тура келедi;
5)Қажетті қасиеттерін белгілеп болған соң ОК батырмасын шертемiз.
Құжатты толығымен емес, оның тек бiр немесе бiрнеше беттерiн ғана баспаға шығару қажеттiлiгi жиi кездеседi. Құжатты баспаға бөлiп шығарудың екi жолы бар, олар:
1)«Баспаға шығару» (Печать) сұхбат терезесiнде жеке беттер нөмiрлерiн (немесе беттер диапазонын) нақты көрсету;
2)Сұхбаттық терезені ашудан бұрын қажеттi беттердi белгiлеп алу. Сондай-ақ, құжаттың курсор тұрған ағымдағы беттi ғана басып шығаруға болады.
Құжаттың жеке беттерiн баспаға шығару үшiн мынадай әрекеттер орындалады:
1. Баспаға шығаруға арналған құжатты ашып, одан кейiн “Баспаға шығару” сұхбат терезесiн экранға шығару керек;
2. “Беттер” (Страницы) бөлiмiнде Нөмiрлер қатарын таңдап алу қажет;
3. Енгiзу өрiсiне басып шығарылуға тиiс беттер нөмiрлерiн үтiр арқылы ажырата көрсетiп жазып шығамыз. Егер қажеттi беттер бiрiнiң артынан бiрi жалғасып тұрса, дефис арқылы бастапқы және соңғы беттер ғана көрсетiледi. Ал тiзбек түрiнде бiрнеше диапазон болса, оларды да үтiрмен бөлемiз, мысалы: 1-3,9,20-21,44,47-51,57-62. Егер құжат бiрнеше iрi бөлiмдерден тұрса, әр бөлiмдегi қатар орналасқан беттердi баспаға шығару үшiн енгiзу өрiсiне беттер нөмiрлерiн және олардың бөлiмдерiн дефис арқылы көрсетемiз. Мұндайда беттердi белгiлеу үшiн р латын әрпi, ал бөлiмдердi белгiлеуде – s әрпi қолданылады. Мысалы: р28s3-p12s5.
4. Егер тек курсор орналасқан ағымдағы бiр беттi баспаға шығару қажет болса, онда “Беттер” бөлiмiнен Ағымдағы (Текущая) деген қатарды белгiлеп алу қажет.
5. Соңында ОК батырмасын шертемiз.
6.Құжаттың ерекшеленген бөлiгiн баспаға шығару үшiн, қажеттi фрагменттi ерекшелеп алған соң “Баспаға шығару” сұхбат терезесiн ашып, оның “Беттер” бөлiмiнде Ерекшеленген фрагмент (Выделенный фрагмент) қатарын таңдап, соңында ОК батырмасын шерту жеткiлiктi. Бiрақ құжат колонтитулдары (тұрақты тарау аттары) басып шығарылмайды. Оның үстiне құжаттағы нақты ерекшеленген бөлімге қоса сол қағаз бетiнiң жоғарғы бөлiгi де басылып шығарылады.
Көлемдi құжаттарды баспаға шығаруда қағаздың екi жақ бетiн де пайдалану арқылы қағазды үнемдеуге болады. Кейбiр принтерлерде қағаздың екi бетiне де мәтiн басып шығару режимi бар, ал егер ондай мүмкiндiк болмай қалса, төмендегiдей етiп қағаздың екi бетiн де пайдалануға болады: алдымен Құжаттын тек тақ беттерiн парақтын бiр жағына, ал екiншi жолы тек жұп беттердi парақтың келесi бетiне басып шығарамыз.
Құжаттың тек тақ (жұп) беттерiн баспаға шығару үшiн келесi әрекеттер орындалады:
1. Баспаға шығару (Печать) сұхбат терезесiн ашамыз;
2. Баспаға шығарып алу (Вывести на печать) деген ашылатын тiзiмнен Тақ беттер (Нечетные страницы) қатарын таңдап алу керек;
3. Оны баспаға шығарып болған соң қағазды оның таза жағына басатындай етiп принтерге орналастырамыз;
4. Одан кейiн жұп беттердi таңдап алып қағазға шығарамыз;
5. Құжаттың барлық жұп (немесе тақ) беттерiн баспаға шығарудан басқа, көрсетiлген бөлімнің (диапазонның) де жұп немесе тақ беттерiн басып шығара аламыз. Мысалға, Тақ беттердi таңдау барысында Нөмiрлер өрiсiнде 15-20 цифрларын енгiзсек, 15-, 17- және 19-беттердi басып шығарамыз;
6. Соңында ОК батырмасын шерту керек.
Егер кітапша түрде құжатты баспаға шығарғымыз келсе, онда:
1)ФайлБаспаға шығару (ФайлПечать) командасын шақырамыз;
2)Баспаға шығаруҚасиеттері (Свойства) батырмасын басамыз. Сонда 25-суреттегідей сұхбат терезесі шығады.
3)Шыққан сұхбаттық терезеде Парақтағы бет саны (Страниц на листе) қасиеттері бөлімінде 2 санын таңдаймыз;
4)Баспаға жіберілетін құжаттың бет сандарын 4-ке қалдықсыз бөлінетіндей етіп толықтырамыз – 4, 8, 12 және т.б.;
5)Әр бет нөмірлерін бір-бірінен нүкте арқылы ажырата көрсетеміз, яғни егер құжат 8 беттен тұратын болса – 8,1,6,3 – бет нөмірлерін бірінші жібереміз;
6)Принтерден осы парақтарды – бірінші тұрған парақты соңына, екіншісін оның бетіне қойып аламыз;
7)Екінші рет баспаға жіберу барысында Беттер бөлімінде – 2,7, 4, 5 – бет нөмірлерін көрсетеміз;
8)Баспадан шыққан парақтарды бет нөмірлеріне сәйкестендіре қайта қойып шығамыз, сонда – бірінші парақта – 1,2,7,8-ші беттер, ал екінші парақта – 3,4,5,6-шы беттер орналасқан.