Әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақ рухының философиясы Әбжанов Т.Ы. Сағатова Ә.С. Рақымжанов Б.Қ.
Мұқыш Қ.С..-Қарағанды: 2003.
2.
Ай, заман-ай, заман-ай… (Бес ғасыр жырлайды) 2-томдық. Құрастырған
М. Мағауин, М. Байділдаев. –Алматы: Жазушы, 1989.
3.
Алдаспан. ХҮ-ХҮІІІ ғасыр қазақ ақын, жырауларының шығармалар
жинағы. Құрастырған М. Мағауин. –Алматы: Жазушы, 1971.
4.
Қазақ философиясының тарихы Ғ. Есім. – Алматы: 2006.
5.
Қазақ философиясы бірінші кітап Балшикеев С.Б. Рахымжанов Б.Қ.
Тусупбеков Ж.А.. - Қарағанды: 2011.
45
Қазақ эпосы – халық ауыз әдебиетінің негізгі
жанрларының бірі
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
«Қазақстан тарихы» кафедрасының
аға оқытушысы
К.С. Тілеугабылова
Қазақ халқының батырлар жыры халықтың рухани мәдениетінің
ажырамас бөлігі болып табылады, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан
асыл қазына. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты
қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік
күресін, ел ішіндегі әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді.
Батырлық жырлар байырғы көне эпостың жалғасы ретінде дами отырып,
қоғамдық қарым-қатынастың, саяси-әлеуметтік жағдайлардың өзгеруіне,
бұрынғы жекелеген рулар мен тайпалардың біртіндеп халық болып құрала
бастауына сәйкес қалыптасты. Қазақ батырлар жырының ең жарқын үлгілері
әлем мәдениетінің қазынасының құрамдас бір бөлігі ретінде енеді.
Қазақ халқының батырлық жыры қазіргі таңда да белсене
пайдаланылады, әлемдік мәдениет шеңберінде көне мұраның соншалықты
өміршеңдігі мен мүмкіндігін дәлелдегендей.
Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп
отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп
жырлап беру тән. Батырлар жырын зерттеушілердің пікірі бойынша тайпа-ру
құрылысының ыдырай бастаған кезінде пайда болды деп санайды. Орыс
эпосының ірі зерттеушісі В.Я.Пропптың пікірі бойынша қоғамдық даму заңына
сәйкес, эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде ғана көрінеді
деген пікірді алға тартады.
П.П.Грязновтың пікірі бойынша: «Егер эпостық жырлардың оқиғалары
бергі ғасырларда пайда болған деп саналып келсе, ал қазіргі кезде зерттеушілер
эпостық жырлардың бағзы замандарда пайда болған деген тұжырымға келуде,
біздің аумағымызда біздің дәуірімізге дейінгі алғашқы мыңжылдықтардың
екінші жартысына, ертедегі көшпенділер уақытына сәйкес келеді»1.
Ең бірінші қазақ эпосы қазақ халқы пайда болғанға дейін пайда болды, ал
екіншіден, батырлар жыры иерархиялық жүйенің жоғары реттегі бір тармағы
болып табылады, сондықтан оның әрбір деңгейімен тығыз байланысты. Бұл
иерархия жалпы алғанда мынандай: түркі тілдес халықтардың эпосы, Орта
Азия мен Қазақстан халықтарының эпосы, эпос және қазақ ауыз әдебиеті, эпос
және қазақтардың жергілікті дәстүрі, жыраулар мектебі, жыраулардың
батырлар жырын айтудағы әртүрлі жеке стильдері және т.б..
Эпостық жырлар адамзат қоғамының тарихи даму үрдістерімен бірге
жасап келеді. Осыдан болса керек, эпостық жырларды кейде тарихи кезеңдерге
46
қарай топтастыру орын алып келе жатыр. Эпостық жырларды іштей саралап,
жанрлық белгісіне, шығу дәуіріне қарай топтастырып отыру ғылымның жеткен
деңгейін танытады және мұндай жинақтаушылық сипаты бар ой-пікірлер
бұрын-соңды жүргізілген ізденістердің нәтижесіне сүйенеді.
Филологтар
мен
фольклористтердің,
әсіресе
қазақстандық
зерттеушілердің еңбектері эпостық жырларды танып-білудің бай көзі болып
табылады. Сөйтіп, батырлар жыры тарихтағы оқиғалардың халықтық тұрғыдан
бейнеленген, оның халық санасындағы көркем тілмен баяндалған шежіресі
қызметін атқарады. Батырлық жырлардың ғасырлар бойы қалыптасқан
көркемдік дәстүрі туралы ролі толық зерттелді. Қазақ филологиясының
көрнекті тұлғалары М.Әуезов, М.Ғабдуллин, Қ.Жұмалиев, Е.Исмайлов,
М.Қаратаев, Н.Смирнова, Л.Соболев, Т.Сыдықов т.б. ғалымдар қазақ эпосының
халықтық сипаты, идеясы, көркемдігі туралы зерттеулер жазып, қазір
көпшілікке таралып кеткен батырлық жырларды жариялады. "Қобыланды,
"Алпамыс", "Қыз Жібек" және т.б. сияқты батырлар жыры сюжеттік құрамы,
архитектоника, драматургиясы жағынан жан-жақты зерттеу құралына айналды.
Осылармен қатар қазақ эпостық жырларының поэтикасы да зерттелді. Соның
ішінде ең соңғысы Е.Жұбановтың "Эпос тілінің поэтикалық ерекшеліктері"
монографиясын атауға болады.
Қазақ эпосын, соның ішінде музыканы тану саласын зерттеуде
Қазақстандағы тарихи және теориялық музыка тану білімінің негізін қалаған
Б.Г.Ерзаковичтің еңбегі орасан зор. Оның "Қазақ халқының ән айту мәдениеті"
монографиясы бойынша қаза аңыздары мен батырлар жырының музыкалық бай
мұрасының принциптері алғашқы рет зерттелген. Б.Г.Ерзаковичтің жіктеуі
бойынша XX ғ. басында қазақ эпосы музыкалық жағынан үш түрде іске
асырылды: ойнақы, оңтайлы, еркін көсілуге мүмкіндік беретін жеті-сегіз
буынды жыр өлшемі,
музыкалық-иллюстрациялық (фрагментарлық) және
аяқталған музыкалық (программалық).
Қазақ эпосы – халық ауыз әдебиетінің негізгі жанрларының бірі. Ол
тарихтағы оқиғалардың халықтық тұрғыдан бейнеленген, оның халық
санасындағы көркем тілмен баяндалған шежіресі қызметін атқарады. Ежелгі
түрік ескерткіштерінде батырлар мен ру көсемдерінің жауынгерлік ерліктері
қашалған. "Қарабек", "Ер Көкше", "Қобыланды", "Қамбар" сияқты эпостық
жырлар XIII-XIV ғасырларға жатады. XVI-XVII ғасырларда негізгі идеясы өз
туған жерін басқа елдердің шабуылынан қорғаған батырлар туралы сюжеттік
поэма сияқты баяндайтын батырлар жырын дамытудың жаңа кезеңі басталады.
Соның қатар эпос үшін қажетті болып табылатын қиял-ғажайып элементтері
мен батырлы пен ерліктің тамаша үлгілерімен тарихи оқиғалармен
бейнеленген.
Эпоста барлық қиял-ғажайып элементтері нақты өмірде болғандай
суреттеледі. Болмыстың алғашқы негіздері – су, жер, ауа, от өлшемдері тұтас
күйде қабылданады, олар ғарыштық және табиғи тұтастықты тудырады, ал
әрбір табиғи құбылыс ғарыштың үйлесімділігі немесе үйлесімсіздігін
бейнелейді. Қазақ эпосында кеңістік пен уақытты бөлінбейді. Эпостық дүние
танымдық жөніндегі ерекшеліктер бейнелердің алыптығымен ашылады.
47
Ғарыштық салыстырулар өте күрделі. Эпостық жырларда адам мен осы әлемнің
қуат күші тең деп алынады. Қазақ халқының эпостық әсірелеуде қимыл-
қозғалыс пен ұзақ сапарға шығу сезімі тән. Қазақ эпосы көшпенді өмірдің,
халықтың тіршілік ету көріністерін, салт-дәстүрлерін ерекше бейнелейтін
энциклопедиясы ретінде қабылданады. Эпостық жырларда өмірдің алуан
қырлары, өмірді қабылдау көзқарастары бірдей типтік сипатқа ие болды.
Болмысты түсінудің шығармашылық қырлары, метафоралық, аллегориялық,
мифологиялық тәсілдері мен көп қырлы құрылымы пайдаланылған. Өмір мен
табиғат бейнеленген:
Аршындап бурыл гуледі,
Табаны жерге тимеді,
Тау мен тасты өрледі...
Көлденең жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай иледі.
Сеңгір, сеңгір таулардан
Секіріп бурыл жөнелді.
Эпостық жырларда табиғат адамның көңіл-күйіне әсер ететінін атап өту
қажет. Кейіпкердің көңіл-күйі және оның мінез-құлқының ерекшеліктері
табиғат құбылысы арқылы беріледі. Эмоция түзу сызықты, байланысты емес,
жалпы, абстрактілі. Психологизм болмайды, күйзеліс гаммалары жоқ.
Кейіпкердің ішкі көңіл-күйі заттық құбылыстарында ашылады. Табиғат
құбылыстары соншалықты айқын, кейіпкердің көңіл-күйі сұлу табиғат
көріністерімен беріледі.
Адам мен табиғаттың бірігуі эпостық кейіпкердің біз қуат алатын
Табиғат-анаға деген жақындығы, сонымен бірге өмір ағысында қосылуы
арқылы беріледі. Жарқырап шыққан Күннің өзі барлық тіршіліктің
жандануының көрінісі ретінде алынады. Алпамыс күн шығыстан арайлап атып
келе жатқан кезде туады, өлген Қозы Көрпештің басы күн жаңа шығып келе
жатқан кезде өсіп, ол үш күн ішінде тірілді. Өлім күн батар шаққа қарай таяу
болады. Қайғы қара бұлтпен, жамандық – түнгі қараңғылықпен, түн түнегімен
салыстырылады. Ертеде қазақтардың табиғатты эстетикалық қабылдауы күшті
дамыған, «Алпамыс», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр» жырлары бұған
дәлел бола алады. Поэтикалық салыстырулар тамаша, онда сұлулыққа,
табиғатқа деген мифологиялық көзқарас негізі, адамның жануарлар әлемімен
алғашқы қауымдық теңесу белгілері байқалады.
Эпостағы табиғат мифтік дәстүрлермен сипатталған, бірақ оны
қабылдаудағы өзгерістер байқалады. Табиғат құбылыстарын әсірелеу, дүниені
қабылдаудың жаңа әдістері, тұрмыстық қуаныштар, құштарлыққа толы өмірдің
барлығы эпостық жырларда айқын суреттеледі. Бұл әлемді танып-білудің
жаңаша көзқарас, табиғатқа деген қызығушылықты, үйреншікті және
қарапайым өмір қырларын білдіреді. Пейзаждық суреттеулер толық
баяндалады. Қоршаған дүние кеңістікте қарастырылады: көшпенділер әлемді,
48
далағы шеңбер ретінде қабылдаған. Қазақ эпосы тарихи жырлар қатарына
жатады. Осы дүниенің мифологиялық бейнесі оны алуан түрлі сәттерімен және
икемді қырларымен қабылдауы поэтикалық жағынан үйлеседі. Әлемді
эстетикалық көру эволюциясы оны жаңаша қабылдауға әкеледі. Демек, қазақ
эпосы үшін сипатты мотив — жануарлар әлемін қорғау — табиғатты танып
білуге деген жаңа қатынасты білдіреді.
Алайда табиғаттың тұтас бейнесін жасауда икемділік сақталады. Ертеден
бері пейзаж тұрмыстың жалпыға бірдейлігін жеткізудің маңызды түрі болып
табылады. Бұл жанрда мәңгілік табиғаттың адамның дәрменсіздігіне қатынасы
бойынша төзімділігі байқалады. Құшырлану, риясыз сүйіспеншілік, тұрмыстың
қуанышын сезіну мен көңіл толу, масаттану, қуанышқа бөлену, шаттық,
қанағаттану және осыларға керісінше қайғы, мұң, уайым, зарығу, қамығу,
ашулану, зығырданы қайнау – мұның барлығы адамның бойында кездесетін
сезімдердің, көңіл-күйлердің тоғысуы қазақ эпосында табиғаттың барлық
құбылыстарын өзіндік ерекшеліктерімен және қайталанбайтын көріністерімен
сүюді білдіреді. Мұның барлығы басында кеңістікте бағдар жасауға итермеледі,
жердегі табиғат құбылыстарын білуді, аспан әлеміндегі күштердің
қозғалыстарын зерттеуді талап етті.
Қазақ эпосында шексіздік ұғымы нені білдіреді? Адам табиғатты
пайымдап қараудан бастап шексіздік деген ұғымға терең үңілген жоқ. Ол
психологиялық жағынан тепе-тең шексіздікті ұғынды: аспанның шексіздігін,
даланың ұшан-қиыр шексіздігін, яғни әйтеуір бір шегі болатын кеңістікті
зерделеді. Бірақ осы алысқа жоғалатын пайымдап қарау шексіздік ұғымын
тудырды. Уақыт шексіз емес, бұл дүние мәңгілік емес, тек салыстырмалы алыс
болашақ. Шексіздіктің психологиялық әсері болмыстағы көрінетін шексіздіктің
қиылысуынан пайда болады. Ол даланың, аспанның, аспандағы жұлдыздардың
кеңістігін пайымдап қараудан туындайды.
Қазақтың ертегілерінен бастап, дау-шарларда сөйленетін қара сөздеріне
шейін тақпақ болып келетіндігі, ұйқасы берік сақталмаса да, ырғағы берік
сақталып, айтайын деген пікірдің образ арқылы берілетіндігі ауызша
шығарманың тез ойда қалу, біреуден біреудің тез ұғынып алу тілегінен туғаны
талассыз. Әрине, жырды ұзағынан айту, бір оқиғадан екіншісін тудыру,
әңгіменің жалпы желісін бұзбай молынан қамти жырлау асқан шеберлікті,
ақындық өнерді керек етеді. Эпостық кейіпкерлер, фольклорлық сюжеттер
қазақ халқының ұлттық өзін-өзі танудағы поэтикалық символикасына айналды.
Фольклордың органикалық байланысы, әдеби шығармашылығымен ұлттық
салт дәстүрі қазақ ұлттық менталитетінің мифологиялық және эпостық
нақыштағы хабар тарату мен шоғырлаудың айналасындағыларға өзіндік әсер
ету ықпалын тудырады. Батырлар жыры халқымыздың ертедегі ерлік рухын,
нені көксеп, нені арман еткенін бейнелейді.
Тарихи пейзаж тұрмысты пайымдау, әлемнің ұлылығын, уақыт
қозғалысын, ұрпақтар сабақтастығын білдіреді. Уақыт ағысының идеясы,
ұрпақтар жалғастығы, атадан балаға берілген тарихи жәдігерлерді мақтан тұту
және қастерлеу, адамзат тұрмысындағы тарихи перспективалардың қозғалысы
қазіргі ұлттық сана-сезімді қоректендіреді. «XX ғасырдағы адамзатқа ұрпақтан
49
ұрпаққа ауызша әңгімелердің, әндердің, аңыз әңгімелердің, этикалық
туындылардың үздіксіз тізбегі түрінде берілген көркем табиғатқа, оның
сұлулығы мен үйлесіміне деген орнықты көзқарас керек. Ол шығармаларда
құдайлар мен батырлар, салт-дәстүр мен нанымдар, бұл дүние мен адамның
өмірі туралы ойлар, сондай-ақ ғасырлардың рухани тәжірибесінен алынған ең
озық туындылар, көне дүние көзқарасының өзіндік ерекшеліктері, олардың
армандары мен үміттері айрықша дәріптеледі»
Ауызша көшпенді мәдениет арқылы берілген қазақтардың ұлттық
бейнесі, ұлттық менталитетке және психологияға барынша із қалдырған,
сөйлеу, бейнелеу, мінез-құлық стереотиптері қазіргі өмірдің көптеген
прагматизміне сәйкес келмейді.
Көшпенділердің асау мінезі, еркіндікті, бостандықты аңсауы, бір қалыпты
өмір сүруге деген құштарлық сезімдері байқалады. Жеке бастың пайдасы,
пайдакүнемдік, ашылмаған дарашылдық сезімдері мүлдем жоқ деуге болады.
Міне, осы кезде ішкі рухани мәдениет, кеңістіктегі өмірлік қажеттілік, өте
тығыз немесе тарлық түсінігін қабылдамауы, өзінің үйінен бүкіл әлемді, бүкіл
болмысты, жаратылысты көруге деген құштарлық өшпейтін үміт еді. Мұның
барлығы оның батыстық нұсқадағы индустриялық өркениеттің қазіргі заманғы
қарқынына сәйкес келмейді. Этнос болып құрылу жолындағы қолайсыздық пен
қобалжушылық, оның эмоциялық көңіл-күйі сезіледі.
Қазақ эпосы басқа халықтар сияқты халық ауыз әдебиетінің тамаша
үлгісі. Адамзаттың ой санасында бүкіл болмысты, ондағы сан түрлі
құбылыстың бәрін түсінгісі келетін ой-толғамдарды қамтиды. Мәңгілік пен
тәуелділік бастауларын аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен, табиғат
процестерінен іздей бастады. Табиғат әуелде жаратқан бір құдіретті күшінен
пайда болып, одан былай өз алдына дербес заңдылықтарымен өмір сүрді.
Жаратылыстың, болмыстың түп негізінде табиғат процестері жатыр. Ежелгі
діни ілімдер халықты қоршаған ортадан психологиялық қорғау функциясын
алға тартты, от, адам, су, жылқыны қадір тұтуға арналған діни рәсімдерді
мүлтіксіз орындай отырып, әрекет ету мүмкіндігін қамтамасыз етті. Бұл
шарттар адамзаттың бостандығын, жауапкершілігін, ұйымдастырушылығын,
құқығына сай игіліктерге ие болуды қалыптастырды. Аспан тәңірі – бұл
жаратылыстағы адам қызметінің үйлесімді бастауы.
Батырлар жырларының тікелей қалыптасуы ата-бабаларға табыну, яғни
аруақтарға табынумен байланысты, археологиялық деректер куә болғандай, бұл
әскери демократия кезеңіне жатады. Көшпенді тайпалар мен рулардың өмір
сүру дағдысына айналған соғыс қажеттіліктерімен, өткен заманның атақты
батырларының, олардың батырлар жырларындағы асқан ерліктерін суреттеу,
халық арасында батырларды дәріптеп құрметтеуі, сарбаздар аруағына
бағышталған жаңа әскери әдет-ғұрыптылықты орындауды талап етті. Бір сәтке
тоқтап қалған уақыт пен миф кеңістігі әрбір жаңа ұрпақ салттық әрекеттер
жасай отырып, жас ұрпаққа аруақтар түрінде қайтып келу үшін мифтік
тотемдерге бағынады.
Осындай ерліктер мен атақты оқиғаларға толы өткен кезеңдерді, өзінің
ата-бабаларын сыйлау мен құрметтеу орта ғасырдағы қазақ поэзиясының
50
оптимизмін анықтайды. Күшті тұлға идеалына ұмтылатын адамның бойында
аруақтар уақыты «тоқтап қалғандай» өткен заманның елесінде қазірші өмірді
қабылдау жүреді. Батырлар жыры кейіпкерлерді асыра мақтау, олардың
ерліктерін дәріптеу, сол батырларға ұқсауға тырысу, өткен мен болашақты
байланыстыру арқылы қазіргі өмірде халық арасында ер адамдар мен
әйелдердің белгілі бір типтерін қалыптастыра әрі тәрбиелей отырып, олардың
арасындағы этикалық және құқықтық нормаларды реттеп отырды. Идеалды
кейіпкер сияқты болу эпоспен тәрбиеленген адамға тән қасиет. Сондықтан
белгілі кейіпкерлер тыңдармандарына тұрмыста, қалыпты, күнделікті өмірде өз
орындарын табуға көмектеседі. Керісінше, әртүрлі күнделікті оқиғаларды шешу
қажеттілігі эпосқа, өзінің шыққан ата-тегіне деген тұрақты қызығушылық
тудырды. Ауызша әңгімелермен бірге ата-баба шежіресі атадан балаға ауызша
беріліп келді. Ата-баба аруағын құрметтеу мен қастерлеу қазақтарды өзінің
шыққан тегін жеті атасына дейін білуге міндеттейді. Өз руындағы, өз
тайпасындағы, өз жүзіндегі бабалар есімін атай отырып, қазақтар әсіресе, халық
жадында қалған батырлар мен ақындарға ерекше құрметпен қараған, олардың
бейнелері жастардың бойында батырлық, адалдық, ар-намыс сияқты
адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады. «Заманалардың үнін білдіретін
оқиғаларды, көрнекті тұлғалардың өмірін білу және еске сақтау, ұқпақтан
ұрпаққа халықтың поэтикалық тарихы арқылы берілген рухани мәдениетке
қатыстылығын білдіреді», -деп жазды К. Нұрланова. Қазақ эпосы, басқа
халықтардың эпосы сияқты рухани құндылықтарды топтастырады. Ә.Марғұлан
қазақ эпостық жырлары ертедегі ғұндар, үйсіндер, қаңлылар кезеңінен бастау
алады,
олар,
әрине,
Оғыздардың,
қыпшақтардың,
қарлықтардың,
наймандардың, керейлердің және т.б. жетістіктеріне айналды. Ғұндардың,
үйсіндердің, қаңлылардың ертедегі эпостық жырларына «Ер төстік», «Еділ»,
«Жайық» т.б. жатады.
XIII-
XIV ғасырдың соңында 1927 жылы Иран газан ханымен
қыпшақтардың соғысы туралы баяндайтын «Қобыланды батыр» батырлар
жыры пайда болды. Қыпшақтың ержүрек батырлары Қараман Сейілұлы,
Қарақозы, Аққозы, Қосдәулет және Қобыланды Сырлы мен Қырлы қалаларын
жаулап алған қызылбастарға (ирандықтар) қарсы қырық мыңдаған әскерді
басқарды. Олар жауды ойсырата жеңіп, туған жерді жаудан азат етті. «Едіге
батыр» эпосының негізгі сюжеті XIV ғасырдың соңында Едіге мен Тоқтамыс
хандарының арасында билікке таласудан пайда болған күрес еді. «Ерсайын»
эпосы халық батыры ретінде бейнеленген Бату ханның ерліктері туралы
баяндайды. «Алпамыс» жыры да халық арасында кеңінен таралған. Қазақ
қоғамы рухани жағынан толық жетілген және автономды еді, көшпенділердің
идеалы басқаларды өз ырқына бағындыру білуге негізделген биік беделге толы
көшбасшылық – сарбаз, патриот және шешен болу қалыптасқан.
Қазақ ақындық дәстүрінде жыршылардың-жыраулардың алатын орны
зор. Өйткені батырлар жырын орындаушыларға тән нәрсе оқиғаның жалпы
желісін ұғып өзінше жырлау, не жыр оқиғасындағы ерекше, елеулі саналған
жерлеріне ғана көңіл бөліп, қосымша оқиғаларды қара сөзбен ғана түсіндіріп,
қысқарта жырлау, не жырдың ұзын ырғағындағы оқиғаның ең қызықты, ең
51
көркем саналатын жерлеріне ғана тоқтап, көлденең оқиғаларды шегініс, не
экспозиция ретінде ғана баяндап, аттап түсу, қысқасы, әртүрлі әдістер болады.
Е. Д. Тұрсынов атап өткендей, «жырау қайтыс болғандардың рухын
қанағаттандыру үшін олардың тірі кезінде жасаған батырлық пен ерлікке толы
істерін мадақтайтын, баяндайтын – «мақтау» арнауын орындаған». Бұл ежелгі
тарихи арнау жырларында
сол тарихтық негіз барлығы байқалады. Алыс сарын
түрінде болса да, нақтылы тарихта болған замана бейнесі танылады. Сол
дәуірлердегі ерлік істердің көмескі болса да ізі көрінеді. Жыраулар уақыт
көшіне сай әскери жорықтарда ата-баба аруағына табынып, қолдауға шақыру
үрдісі азайып, тек әскери жорықтарда, батырлар жырлар орындауда,
қолбасшылардың ерліктері туарлы тарихи жырларды орындады. Орта
ғасырдағы көптеген қазақ жыраулары бір мезгілде тамаша сарбаздар немесе
қолбасшылар болған.
Қазіргі заманғы Қазақстан аумағында түркі тіліндегі атақты эпостар —
«Қоркыт ата» мен «Оғызнаме» белгілі. VIII-X ғғ. маңында Сырдария өзенінің
құйылысында қыпшақ-оғыз ортасында пайда болған, ұрпақтан ұрпаққа ауызша
тараған «Қоркыт ата» эпосы XIV-XVI ғғ. түрік жылнамашылараның «Қорқыт
ата туралы кітабы» түрінде жазылған. Шындығында Қоркыт ата — бұл өмірде
болған адам, қият оғыз-қыпшақ тайпасының бегі, эпикалық жанрдың және
қобызға арналған музыкалық шығармалардың негізін қалаушы. «Қоркыт ата»
эпосы оғыз батырлары мен қаһармандарынан тұратын 12 поэма мен
әңгімелерден тұрады. Онда түрік тайпалары, үйсіндер мен қаңлылар туралы
айтылады.
«Оғызнаме» поэмасы түрік қолбасшысы Оғыз ханның балалық шағына,
оның ерліктері мен жеңістеріне, ұлдарының тууы мен үйленулеріне арналған,
оларды Күн, Ай, Жұлдыз, Аспан, Тау мен Теңіз деп атаған. Ұйғыр қолбасшысы
болған соң Оғыз Алтынмен (Қытай) және Үріммен (Византия) соғысқан.
Сондай-ақ бұл шығармада славяндардың, қарлықтардың, қаңлылардың,
қыпшақтардың және т.б. басқалардың шыққан тегі туралы мәселе талқыланады.
Біздің қоғам эпикалық дәстүрдің үзілмеуіне, қазіргі кезде де шектеулі дамуына
мүдделі. Жыршылардың көне негіздерін қарқынды «ұстап тұр» көмегімен
жыршылардың өнерін сақтау мүмкін емес: біз қазіргі заманның жаңашылдығы
–
эпикалық орындаудағы жаңа кезеңге бет бұрдық.
Біздің көзқарасымыз бойынша халық ауыз әдебиетінің әртүрлі тарихи
типтері бар. Олардың бірі, жалпылап айтқанда, өнерді диалог пен қатынас
ретінде түсінуге байланысты: бұл нақты шығармашылық коммуникацияның
актісі. Қазақтың эпикалық дәстүрі осындай. Барлық диалогта, белгілі бір
формулаларды, "блоктарды" жинақтау кезінде және олардың үйлесімі кезінде
белгісіздік пен болжағыштықтың өз үлесі бар. Осылайша, қазіргі заманғы қазақ
этномузыка білімінің алдында ауқымды және жауапты міндеттер тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |