Әдебиеттер тізімі:
1. Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и
Семиречья (6 – начала 13 вв). Алма-Ата, 1986, с.20-23.
2
. Байпаков К.М. Гончарное ремесло в г. Отраре. Алма-Ата, 1983, с. 17-37.
3
. Байпаков К.М. По следам древних городов Казахстана. Алма-Ата, 1990, с.
157-159.
30
Ортағасырлық Қазақстанның материалды мәдениеті
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
«Қазақстан тарихы» кафедрасының
доценті, т.ғ.к.
А.Е. Дәниярова
Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуі қазіргі таңға дейін даму
үстіндегі бірқатар процестердің бастамасы болды. Олар мемлекет пен
халықтың өмірінің әр түрлі жағын қарастырады. Қазақстанның мәдениеті
қазіргі заманда ата-бабаларымыздың дәстүрін ары қарай дамыту мен сақтау,
тарихи және мәдени жаңа ескерткіштердің ашылуымен, мазарларды, көне
замандағы мешіттерді, ескі қалашықтарды қайтадан қалпына келтірумен,
олардың негізінде жаңа тарихи-мәдени мұражай-қорықтарды құрумен
сипатталады. Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұралы
нысандарды қорғау және пайдалану туралы», «Ұлттық мұрағат қоры мен
мұрағаттар туралы», «Мәдениет туралы» Заңы қабылданып, жүзеге асырылуда.
[5].
Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 13 қаңтарындағы №1277
Бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының мәдениет Министрлігімен
әзірленген «Мәдени мұра» атты 2004-2006 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарламаның мақсаты – рухани және білім беру
саласын дамыту, мемлекеттің мәдени мұрасын тиімді пайдалану және қорғауды
қамтамасыз ету. Бағдарламаның міндеттері: мемлекеттің аса маңызды тарихи-
мәдени және сәулет ескерткіштерін жандандыру; мәдени мұраның, сонымен
қатар, қазіргі заманның ұлттық мәдениет, фольклор, дәстүрлер мен әдет-
ғұрыптарды зерттеудің біртұтас жүйесін құру; ұлттық және жазба әдебиетінің
санғасырлық тәжірибесін толық көркемөнер және ғылыми серияларын құру
арқылы біріктіру; дүниежүзінің ең үздік ғылыми ойлары, мәдениеті мен
әдебиетінің жетістіктері негізінде мемлекеттік тілде гуманитарлы білім берудің
толық қорын құрастыру; мемлекеттік қорларда, мұрағаттар мен қоймаларда
сақталған ауызекі тілінің дәстүрлі кәсіби дәстүрінің атақты орындаушы-
музыканттарының фоножазбаларын қазіргі заманғы аудиожазбаларға көшіру
және қайтадан қалпына келтіру [4].
Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің басты басымдылығы мәдениетті
қолдау болып табылады, себебі, мәдениет – бұл моральдық-адамгершілік
құндылықтардың, адамның әлеуметтенуі, оның азаматтық міндеттерге
қатыстырылуы жүйесіндегі негізгі элемент болып табылады. «Мәдени мұра»
бағдарламасының жүзеге асырылуының 2004-2006 жж. бірінші кезеңдері оның
гүлденуінің негіз болды. Бағдарлама ТМД мемлекеттерінің ішінде теңдесі жоқ
ерекше болып табылады. Сондықтан да, оның жалпы дүниежүзілік бірлестікте
31
зор резонансқа ие болуы заңды болып табылады және 2006 жылдың сәуір
айында ЮНЕСКО штаб-пәтерінде табысты түрде тұсауы кесілді.
«Мәдени мұра» бағдарламасының нәтижелі түрде жүзеге асырылуы оның
2007-2009
жж. дейін жалғасуына мүмкіндік туғызды. Аталмыш бағдарламаның
одан әрі табысты жоспарлануы үшін Қазақстан халықтарының рухани даму
Қоры құрылды.
Республиканың мәдениет Министрлігінің статистикалық талдауы қазіргі
таңда Қазақстанда 25 мыңнан астам жылжымайтын тарихи, археологиялық,
сәулет және монументалды өнердің ескерткіштері, 11 мың кітапхана, 147
мұражай, 8 тарихи-мәдени қорық-мұражайы, 215 мұрағат барын көрсетеді [4].
Қазақстан тарихындағы есте қаларлық оқиғаларға арналған
мемориалдардың, этнографиялық және тарихи бағыттағы республикалық
мемлекеттік мұражайлардың жүйесі қызмет атқаруда.
Мәдениет – бұл әрбір этносқа тән өмір сүруді ұйымдастырудың тәсілі.
Қоғамның қай түріне жататынына қарамастан, адамдар әрқашанда даму
процесіндегі алға жылжушылыққа ұмтылды.
Қазақ халқының ұзақ уақыт бойы қалыптасу процесіне көптеген тайпалар
мен халықтардың қатысуы Еуразия тарихындағы маңызды орынға ие және ең
ежелгі этностардың бірі болып табылады. Ол барлық халықтардың мәдени
мұраларының мирасқоры болып табылады, сондықтан да қазақ халқы мәдени
жағынан ең бай халықтардың біріне айналған. Көшпенді қазақтар Шығыс пен
батыстың танымдық түрлерінің синтезі болып табылатын өзінің ойлау мен
қоғамдық ұйымның тәсілін тапты. Осының нәтижесінде, дәстүрлер, әдет-ғұрып
пен салттар көбірек дамыған.
Қазақстан аумағында VI ғ.-дан XIII ғ. басына дейін бірін-бірі кезектесе
алмастыра отырып, монғол басқыншылығына дейін Батыс-Түрік, Түргеш,
Қарлұқ қағанаттары, оғыз, қарахандықтар, қимақтар, қыпшақтар мемлекеті өмір
сүрді. Монғол шапқыншылығынан кейін, XIII ғ. басында Жошы мен Шағатай
ұлыстары қалыптасты, содан кейін Ақ Орда, Моғолстан мемлекеті, ал XV
ғасырда Қазақ хандығы құрылды. Барлық мемлекеттерде аралас экономика
болды. Мал шаруашылығымен айналысатын тайпалар егіншілермен көршілес
өмір сүрді, жазық дала мен қала бірін-бірі толықтырды.
Тараз, Отырар, Испиджаб қалалары ежелгі заман мен ортағасырдағы
Шығыс пен батысты байланыстыратын Ұлы Жібек жолында орналасты. Ұлы
Жібек жолы арқылы би және сурет өнері, сәулетшілік пен музыка өнерлері
таралды. Оның бойымен келесі діндер таралды: манихейлік және буддизм,
христиандық және VIII ғ. бастап қазақтардың басым және кейіннен жалғыз діні
болып саналатын ислам діні. Қазақстан аумағында тұратын халық өзінің
жетістіктерін шаруашылық пен мәдениеттегі әлемдік мәдениетке енгізе
отырып, әр түрлі өркениеттің барлық идеялары мен жетістіктерін өзіне сіңіріп,
өңдеп отырды: қозғалмалы баспана – киіз үй, аттың ер тоқымы мен үзеңгісі,
салт атты жарыстың әскери өнері, кілемнің өрнектері мен күміс әшекейлер,
әуендік саздар және даладағы жылқылардың шабысын елестететін әуендер.
Мұның барлығы ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихының тұтастығы
мен сабақтастығын анықтады.
32
Материалды мәдениеттің дамуы қару-жарақты дайындауда көрініс тапты.
VI –
VIII ғасырларда қару-жарақтың негізгі түрлері темірден жасалды. Ежелгі
металлургияның дамуы ұсталық істің дамуының маңызды бөлшегі болды.
Қарастырылып отырған кезеңде, яғни, VI – XII ғғ., қалаларда ұсталық іс үлкен
жетістіктерге жетті. Қару-жарақты, металл аспаптары мен әшекейлерді өндіру
сол кезеңде қолөнер кәсібі сипатында болды. VI – XII ғғ. жазғы баспаналар екі
түрлі болды: кигізбен қапталған киіз үй және жылжымалы дөңгелектері бар
баспана. Олардың құрылысы жағынан айырмашылықтары болды. Киіз үй
дөңгелек тәрізді болды, негізі кереге мен домалақ күмбезден құралды.
Дөңгелегі бар жылжымалы баспана әдетте қымбат материалдардан жасалды,
жібек пен өрнектелген кигізбен қапталды. Жылжымалы баспаналарда бай
адамдар тұрды. Қысқы баспаналарды балшықтан, шымнан, қамыстан, ал,
орманды жерлерде кесілген ағаштардан салды. Ортағасырлық Қазақстан
тайпаларының үй керек-жарақтары болып келесілері саналды: ағаш төсек
(тосағаш), сандықтар, сырылған көрпелер, үлкен дөңгелек үстел, бесік.
Феодалдық қатынастардың дамуы ауылдарда тұратын қауымның табиғи
шаруашылығының бірітіндеп құлдырауына әкелді. Қышшылардың, шыны
үрлеушілердің, зергерлердің, қаруды жасаушылардың, ұсталардың, ағаш, сүйек,
тасты оюшылардың қолөнер кәсібінің өнімдеріне сұраныс артты. Қышты
дайындау пештерінде балқытылатын балшықтан жасалатын заттар кеңінен
тарала бастады. Материал ретінде сүйек пен мүйіз кеңінен қолданылды.
Сүйектен бойтұмарлар, пышақтың тұтқалары, ойынға арналған сүйектер, шаш
қыстыратын түйреуіштер, түйреуіштер, түймелер жасалды. Металлдан, асыл
тастардан жасалған жоғары көркемөнер бұйымдары, седептен, коралл мен көк
тастан жасалған моншақтар, нефрит пен айнадан жасалған бұйымдар
мемлекеттер арасындағы транзитті сауданың бұйымдары болып табылды.
Мәдениет көп қырлы әлеуметтік рольді атқарады. Мәдени жетістіктерді
халық пен болашақ буынның мүддесі үшін қолдану көптеген саяси, әлеуметтік-
экономикалық факторларға байланысты. Мәдениеттің әлеуметтік ролі
өндірістің, әлеуметтік процестің нәтижелілігін арттырады.
Түркілер Ұлы жібек жолының маңайында орналаса отырып, VI - IX ғғ.
керуен өтетін жолдардың бойында «сардобтар» - құдықтардың үстіндегі күмбез
құрылыстарды салды. Түркілердің Қазақстан аумағына келгеннен бастап,
«балбал» тас мүсіндері пайда бола бастады, олар түркілердің ауқатты
адамдарының жерленген жерінен табылды. VI - IX ғғ. түркілер «дын»
үлгісіндегі ескерткіштерді – киіз үй түріндегі тастан жасалған құрылысты
адамдардың жерленген жерінде орнатты. Бұл «дын» және «балбал» үлгісіндегі
түркі ескерткіштері исламға дейінгі кезеңге жатады.
Ерте ортағасырлық кезеңдерде кейбір қалалар тұрақты қыстақтар
орналасқан мекендерде пайда бола бастады. Қазақстан аумағында қалалар
санының өсуі, отырықшылық мәдениетінің дамуы Х – ХП ғғ. байқалады. Қала
аумақтарының рабадтың (қаланың ішкі бөлігі) қалыптасуы мен дамуына
байланысты артуы Х - ХП ғғ. байқалады. Осы кезеңде қала тұрғындарының
саны көшпенділердің отырықшылықпен айналысуының арқасында артады.
33
Түркілердің ортасына ислам дінінің жеткеніне дейін тек тәңірге табыну
емес, сонымен қатар, басқа да діндердің болғанына қала орындарында табылған
VII -
VIII ғғ. жататын Суяб будда шіркеулері дәлел бола алады. Х - ХП ғғ.
Қазақстан аумағында қоғамдық және діни ғимараттардың сәулеттері ислам
қағидаларына сәйкес дами бастады. Ислам дінінің таралуына байланысты
Қазақстан аумағында Х - ХП ғғ. қала құрылысының жаңа элементтері
мешіттердің құрылысы болып табылды.
Ортағасырлық Қазақстанда қалалар мен көшпенді өмір қатынастарының
кеңеюі мен нығайтылуына ең бастысы, өзара саудамен айналысуға байланысты
ортақ мүдделері әсерін тигізді. Бұл екі әлемнің өзара қарым-қатынастарының
даму кезеңі ортағасырлық Қазақстанның Х-ХП ғғ. тең келеді.
Х – ХП ғғ. сәулет өнерінің дамуын Тараз қаласы маңына жақын
орналасқан Бабаджа-хатун (X-XI ғғ.) және Айша-Бибі (ХI-ХП ғғ.) мазарлары
дәлел бола алады. Отырар қаласында қазба жұмыстарын жүргізу кезінде XI -
XII ғғ. шығыс үлгісіндегі екі монша табылды. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік
мәдени мұрасы тізіміне 2003 ж. маусым айында ортағасырлық Қазақстан
тарихы мен мәдениетінің ерекше ескерткіші - XV ғғ. Әмір Темір бұйрығымен
орнатылған Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі кірді.
Х—XII ғғ. Орта Азия мен Қазақстанда қалалар мен қала қоныстарының
күрт өсуі басталды. Олар егіншілік алқаптары негізінде және көшпенді,
жартылай көшпенді мал шаруашылығының өзара қарым-қатынасы бар
аудандарда пайда болды және дами бастады. Қала орталықтарының
экономикалық
және
шаруашылық
аймақтарындағы
кейбір
айырмашылықтарымен қатар, басты сипаттамаларында (әлеуметтік-
экономикалық қатынастар, топография, сәулет, материалдық мәдениет) өзара
ұқсастықтар болды. Қарашоқ, Қарнақ, Қиялық, Яки-Оғыз, Ашнас,
Баршынлықкент сияқты жаңа қалалардың қатары пайда бола бастады.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалалары ортағасырлар бойы қалалық
мәдениеттің орталықтары болды. Бұл жерде қалалар қанғар және үйсіндердің
өмір сүрген уақытында пайда болған, алайда, олардың одан әрі көркеюі VII-
XIII ғғ. тең келеді. Бұл кезеңде қала мәдениетінің дамуының бірнеше негізгі
орталықтарын бөліп қарастыруға болады: 1) Сырдарияның ортаңғы ағысы –
қала мәдениеті дамуының ең ежелгі орталықтарының бірі. Арыс өзенінің
бастауларында Испиджаб өңірі, ал Арыс пен Сырдария өзендерінің
қосылысқан жерінде Фараб немесе Отырар өңірлері орналасты. Төменгі ағысқа
қарай Ясы-Түркістан өңірі; 2) Сырдария ағысының төменгі ағысына қарай –
көшпенділер үшін зор экономикалық және мәдени маңызы бар Янгикент,
Сығанақ, Жент, Баршынлықкент қалалары болды.
3) Оңтүстік-батыс Жетісу – Талас пен Шудың өзенаралық аймағы. Талас
өзенінің бастауларында халқы металлургиямен айналысқан Шелжі өңірі
орналасқан. Талас алқаптарында Тараз өңірі, ал Шу алқаптарында – Суяб және
Баласағұн өңірлері орналасты; 4) Солтүстік-шығыс Жетісуға Яки-Оғыз,
Қаялық, Алмалық және басқа да Ұлы жібек жолындағы ірі сауда орталықтары
кірді; 5) Ертіс аңғарында араб және парсы дереккөздеріне қарағанда 16 қимақ
34
қалалары, соның ішінде, қағанат астанасы – Хақан және Хақан-Қимақ
орналасты; 6) Орталық Қазақстан – Нұра аңғарында, Сарысу жағалауларында –
Торғай сағасындағы Жұбаныш және Ұлыбағыр қалалары болды.
«Қала» түсінігі әр түрлі кезеңде және әр түрлі қоғамда әр түрлі мағынаны
білдірді. «Қала» жиі елді мекен деп аталды, оның тұрғындары ауыл
адамдарымен салыстырғанда қолөнер кәсібі мен саудамен айналысты.
Мұсылман Шығысындағы қала мәртебесін анықтаудың маңызды белгісі – оның
әкімшілік ролі болып табылды. Қалалар «кент» терминімен белгіленді. Қаланы
белгілеу үшін «балық» термині қолданылды. Бұл сөздерге қандай материалдан
құрастырылғаны және қандай географиялық ортада болатынын көрсететін
«таш» - тас, «шим» - шым, «кум» - құм терминдері қосылды. Қала аттары тайпа
немесе ақсүйек өкілдерінің атауына байланысты жиі атала бастады. Жазба
деректеріне қарағанда, ірі қалашықтардың қираған орындарын сипаттайтын
қалалар санының қатарына Испиджаб, Отырар, Тараз, Құлан және басқалары
жатқызылды. Испиджаб (қазіргі замандағы Сайрам ауылы) оңтүстік
Қазақстандағы ең басты қала және сауда орталықтарының бірі болды, оның
облыстарына Жетісу қалалары да жатқызылды.
Өз кезеңі үшін қалалар абаттандырудың жоғары деңгейімен ерекшеленді.
Тұрғын үйлерде канализациялық және жылыту жүйелері болды. Ірі
қалалалардың тұрмысы үшін су құбырларының болуы үйреншікті құбылысқа
айналды. Қыш құбырлармен төселген жер асты күмбезді туннельдер салынған.
Қалада көпшілік моншасы болды. Археологтар қала тұрғындарының монша
құрылысындағы жоғары мәдениетін белгілейді. Осылайша, Тараздағы
моншаның жалпы ауданы 152 ш.м. тең болды. Олар күйдірілген кірпіштерден
орнатылды, едендерге кірпіш тақташалар төселді. Жылыту үшін еденнің
астында орналасқан ыстықты өткізуші каналдар жүйесі қолданылды. Моншада
шешінетін бөлмелер, ванналар мен бассейндер, бу шығарылатын бөлмелер
болды. Оларға күмбездердің люктарына орнатылған шыны дискілер арқылы
жарық түсті. Қабырғалары өсімдіктен жасалған оюлармен безендірілді.
Мұсылман дәрігерлері IX - XI ғғ. гигиеналық қасиеттері бар заттардың тізімін
жазып отырды. Ежелгі заманның дәрігерлері адамға моншаның тынықтыру,
босаңдату әсерін тигізетінін біле отырып, қабырғаларға адамның өмірлік күш-
қуатын нығайтуды сипаттайтын көріністерді салу қажет деп санаған. Ибн-
Синаның (980-1037 гг.) пікірінше, жақсы моншада қалыпты температура,
жарық шам, кең бөлме, саябақтар мен бақшада серуендеп жүрген ғашықтардың
суреті сияқты көркем, керемет жұмыстардың болуы қажет еді.
Ортағасырлық қала бірнеше бөліктерден тұрды. Әдетте қаланың
ортасында үкімет резиденциясы орналасқан қамал немесе қорғандар болды.
Қамалдарды қаланың атақты адамдары, бай саудагерлер мен егіншілер, діни
қызметшілер, әскерилер мекендеген аудан – шахристан қоршады.
Шахристанның айналасында қаланың негізгі бөлігі қоныстанған сауда-қолөнер
ісі дамыған қала маңындағы тұрақтар орналасты. Қаланың өзінен басқа,
өңірлерде шағын қоныстар тұрақтады. Археологтар көбінесе қала маңында, тау
шатқалдарында салынған қамалдардың қалдықтарын тапты. Қамалдар
қарапайым елді мекендерден «қорған» (қорғаныс) деп аталатын күрделі
35
құрылыстармен ерекшеленді. Сол кезеңдегі қаланың дамуын Тараз қаласынан
табылған Айша-бибі, Қарахан, Бабаджа-хатын, Орталық Қазақстандағы
Домбауыл сияқты монументтік құрылыстар кесенелерінің пайда болуы
дәлелдейді. Қазақстан қалаларының сәулеті өткен кезеңнің сәулетшілік
өнерімен тығыз байланысты. Ортағасырлық Қазақстанның ерекшеліктеріне
мыналар жатады: біріншіден, қазақстандық қалалар көшпенді өмірмен тығыз
байланысты болды; екіншіден, қала тұрғындарының бір бөлігі жаз мезгілінде
мал шаруашылығымен қала сыртында айналысты; үшіншіден, қалалар Еуропа-
дағындай саудагерлік-қолөнер емес, ең бастысы, әкімшілік-сауда орталықтары
ретінде пайда бола бастады. Қаланың аумағы мен маңызы тек шұрайлы жерде
орналасуымен ғана емес, сонымен қатар, әкімшілік ролімен де анықталды.
Осылайша, ортағасырлардағы Қазақстан бір жағынан, Соғды мен
Мәуереннахрдың әскерімен, екінші жағынан, көшпенділер мәдениетіне
байланысты дамыған, қала өмірінің мәдениеті жетілген, өркениеті кең
аймақтардың бірі болды.
Мәдениет адамзат өмірін ұйымдастырады. Әр кезеңнің ұрпағы мәдениетті
жандандырып, келесі ұрпаққа аманат ретінде таратады, себебі, ол биологиялық
тәсілмен пайда болмайды. Құндылықтарды, нанымдарды, нормаларды,
ережелер мен мақсаттарды меңгерудің нәтижесінде тұлғаның қалыптасуымен
оның іс-әрекетінің реттелуі пайда болады. Бұл процесс - әлеуметтену процесі
атауын иеленді. Ғалымдар мәдениет деп іс-әрекетті басқаруға үлес қосатын
жоспарларды,
рецептілерді,
ережелерді,
нұсқаулықтарды
қамтитын
механизмдерді реттеуші жүйелерді атайды. Мәдениет жеке топтардың
нормалары арқылы құрылған құндылықтарды қамтиды. Мәдениет адамның
өмірлік жолын бойлап өтеді. Мәдениет субьектісі – адаммен тығыз
байланысты. Адам өзін іс-әрекет процесінде мәдени-тарихи болмыс ретінде
қалыптастырады. Мәдениет адаммен өзінің іске асырылған сыртқы сипатымен
байланыса отырып, үнемі қарым-қатынаста болады. Бұл қарым-қатынастардың
мәні – адамның ертеде қалыптасқан мәдениетті жаңа мәдениетті құра отырып,
өз білімі мен құндылықтарын, қабілетін, ең бастысы, өзінің адамзаттық
болмысын заттандыру арқылы меңгеруінде.
Достарыңызбен бөлісу: |