Қазақстан аумағындағы қола және тайпалық
қауымдастықтарының мәдениеті
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
«Қазақстан тарихы» кафедрасының
оқытушысы
З.Н. Нұрлыгенова,
Қазіргі таңда қазақтардың нақты тарихы жаңаруды қажет етеді. Тарихи
естеліксіз ұлттық абырой мен патриоттық сезімдер болмайды. Қазақстан
тарихында тек тарихи ғана емес, ұлттық маңыздылығы бар оқиғалар бар.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Қазақ
жерінің жаңа еуразиялық масштабтағы - әскери технолгиялардан бастап,
баспаналарды құру әдістері мен мал шаруашылығымен айналысуға дейін,
металлургиядағы
ерекше
технолгиялардан
әдеби
шығармашылық
ескерткіштеріне дейін жететін мәдени зор жаңашылдықтардың аумағы
болғанын білмеу үшін адамның қаншалықты білімсіз болу керектігін елестету
қиын» екенін атап өтті.
Б.з.д. II мыңжылдықтың басында Қазақстан аумағында өзінің мал
шаруашылығы және жоғары дамыған металлургияны байланыстыратын
кешенді шаруашылығы қалыптасты. Қазақстан аумағының кең байтақ жеріне
қарамастан, қола дәуірінің тайпалары неолит дәуіріндегі тайпалық
айырмашылықты алмастыратын мәдени бірізділікті көрсетеді. Соңғы жылдары
тарихшылар арасынан Авестада жазылған ария, тура, хьон және басқа халықтар
андрон мәденитіне жататыны туралы ғылыми дәлелдемелер айтты.
Археологиялық-этнографиялық зерттеулер де зоорастризмнің ежелгі
мәтіндерінің
салыстырмалы
тарихи-лингвистикалық
дәлелдемелері
талдауының осы ғылыми болжамның пайдасына көрсететінін мәлімдейді.
Б.з.д. II мыңжылдықтың басында Қазақстан тайпалары қола заттарының
өндірісін меңгерді. Қола – мыс пен қалайының, сонымен қатар, кейде әр түрлі
сәйкестіктегі сүрме, қорғасын мен мырыштың қорытпасы. Қазақстан
тайпаларының шаруашылығы мен тұрмысындағы өзгерістер ауа-райының күрт
өзгерісімен байланысты болды. Өзен ағымдары азаяды, терассалар бірітіндеп
құрғайды, көлдердің деңгейлері төмендейді. Осыған байланысты, ол б.з.д. II
мыңжылдықтың соңына қарай жетекші орынға ие болады. Металлургия мен
мал шаруашылығының қарқынды дамуы қоғамдық еңбектің өнімділігі мен
күшейтіліп мамандандырылуына, қоғамдық өмірдің күрт өзгеруіне әкеліп
соқты.
Соңғысы қола дәуірінде шағын өзендер, көлдердің жағасында орналасты.
Орналастыру орнын таңдау принциптері біріншіден шаруашылық мүдделермен
байланысты болды. Себебі, малға бай шөп қорегі, егін шаруашылығына
8
құнарлы топырақ қажет болды. Әдетте елді мекендер 10-20 баспанадан
құралды, олар жалпы қорғаныс дуалдары немесе шұңқырлармен қоршалды.
Тұрғын үйлердің аудандары әр түрлі – 100 ш.м. бастап, 300 ш.м. дейін жетеді.
Әдетте жартылай жер үйлердің саны асады, тереңдігі 1-1,5 м дейін барады.
Ағаш кесінді екі қабат оралған шатырмен жабылды. Шатырды бірнеше
бағаналар тіреп тұрды. Орталық және Батыс Қазақстанда баспаналарды салуда
тас басты қызмет атқарды. Кеш салынған баспаналар төрт қабатпен оралған
шатыры бар, жер үстінде салынатын үйлер үлгісінде, шаршы тәрізді шағын
көлемді болды. Олар жеңіл жиналып, бөлшектелді. Елді мекеннің жанында
тайпалық молалар орналасқан.
Ежелгі тайпалардың көркемдік талғамы мен мәдениеті туралы олардың
әшекейлері мен шеберлік бұйымдарынан білуге болады. Құрбандыққа шалу
және гимннің шырқалған тау шатқалдарындағы керемет суретті галереясы -
Тамғалытас, Сынтас және т.б. табылды. Онда садақ тартқан батырлар, екі аяқты
күйме арбалар, салттық билерде шыр айналған бишілер бейнеленген. Және
барлық көріністерде «күн басты бейнелер» үстем болды.
Қола дәуіріндегі тайпаларда отқа табыну болды, бұл сол кездегі мәйітті
өртеу ырымының кең тарағанының дәлелі. Мәйіт көмілген орынның өзінде де
күл мен көмірдің қалдықтары кездеседі. Көптеген көмулерде мәйітке қызыл
бояулар себілген және қызыл бояудың кесегі тасталған. Ежелгі адамның
санасында қызыл түс отпен теңестірілді және сиқырлы күшке ие бола отырып,
жын-перілерден сақтайды деген ой қалыптасқан. Діншілдіктің басым түрі арғы
аталарының аруағына ғибадат ету болды. Бұл өлген адамның азық-түлікпен,
киіммен, еңбек құралдарымен, әшекей-бұйымдармен қамтамасыз етілумен
түсіндіріледі.
Біздің заманымызға дейін бірінші мыңжылдықта Орта Азия, Таяу және
Орталық Шығыс аумақтарында Ассирия және Мидия мемлекеттері
қалыптасты. VI ғасырда Мидия ірі мемлекетінің орнына Ахеменидтер
мемлекеті келеді. Оның негізін салушы 550 жылы Орталық Азияның оңтүстік
аймақтарын қамтыған ірі мемлекетті құра отырып, Мидияны талқандап, өзіне
бағындырған Кир II патшасы болды. Ахеменид мемлекетінің құрамына (б.з.д.
530 және 552 жылдар аралығында) Парфия, Хорезм, Бактрия, Соғды, Сақтар
кірді. Бактриялықтар, соғдылардан және хорезмдіктердің сол жағына қарай, ал
Қазақстанның жазық далаларында «жүйрік аттары бар» көшпенді турлар өмір
сүрді. Парсы дереккөздерінде турлар сақтар деп аталады, «құдіретті тұлғалар»
деген мағынаны білдіреді, ал грек авторларының шығармаларында
тайпалардың әдеттегі өмірінде синоним ретінде қолданылатын скифтердің
есімдерімен аталады.
Сақ тайпаларының тарихы, олардың материалды, рухани мәдениетінің
маңызды қайнар көзі археологиялық ескерткіштер – молалар, жартастарға
салынған суреттер, сақ заттарының қазыналары болып табылады.
Археологтардың зерттеулері Қазақстанның әр түрлі аймақтарындағы сақтардың
жарқын, өзіндік ерекше мәдениетін ашуға зор үлесін қосқанын көрсетеді. Сақ
тайпалары жартылай көшпенді және көшпенді мал шаруашылығымен
айналысты, ол табиғи-географиялық және әлеуметтік-экономикалық
9
жағдайлармен байланыстырылған. Көшпенді тұрмыс жағдайына байланысты
жылжымалы баспаналар, киізден, теріден, ағаштан, металдан жасалған
заттардың өндірісі қалыптасты [3, с. 11].
Ежелгі көшпенділердің көркемөнері бір жағынан, Ахеменидтік Иран мен
Бактрияның өнерімен, екінші жағынан, Чжоу және Хань дәуіріндегі Қытай
өнерімен тығыз байланысты болды. Сақ дәуіріндегі жартастарға салынған
суреттердің негізгі тақырыбы жануарлар әлемі мен адамдар болып табылады,
бірақ бейнелеудің жаңа тәсілдері де қолданылған. Ежелгі шеберлер материал
ретінде жылқылардың, қойлардың, маралдардың түтік тәрізді сүйектерін,
сонымен қатар, әшекей-бұйым әзірлейтін жануарлардың мүйіздерін аса зор
қызығушылықпен қолданды: шаншыма, белдіктің жапсырмалары, тоғалар,
қарсы ілгектер, шашқа арналаған тарақтар, шаш түйреуіштер. Жұмсақ
материалдан жасалған заттар, киізден жасалған бұйымдардың бөліктері
Жетісудағы Бесшатыр қорғанында табылды және тігіншілік өнерінің дамығаны
жөнінде мәлімдейді. Сонымен қатар, сақтар алтын құю, қалыптаумен таныс
болды және әсемдігімен таң қалдыратын адамның киімін алтын, күміс, көгілдір
ақықпен әшекейлейтін бұйымдарды, ат-саймандарын, тұрмыстық заттарды
жасай алды. Сақ зергерлік бұйымдарының көркемөнері Есік қорғанында атақты
сақтардың киген киімдері, бұйымдары, соғысқа аттанарда қолданған қарулары
туралы көрініс беретін материалдар бойынша табылды.
Егер атақты Есік қорғанының қазыналары туралы бүкіл дүние жүзіне
әйгілі болса, Жетісу өңірінде табылған сақтардың басқа да заттары туралы
дәлелдемелер көпшілікке мәлім емес. Бұл біріншіден, Алматы қаласынан 200
км қашықтықта, Кеген с. шағын ауылға жақын орналасқан Жалаулы
қазынасына қатысты айтылған. Табылған орынды зерттеген археологтар
барлық заттардың киізден жасалған қаптарда жатқанын, XX ғасырдың басында
«белгісіз аңшының» жерге көмгені туралы анықтады. Барлық алтын бұйымдар
сақтардың өмір сүру аясының бірі болып табылатын Кеген аңғарларындағы сақ
қорғандарынан тоналған. Екі жүзден астам заттардың ішінде жиынтық
белдіктерінің қаңылтыр белгілері, киім мен бас киім әшекейлері, сонымен
қатар, төс әшекейі пектораль ерекше көзге түседі. Ол шомбал сопақша түріндегі
пластинаны қамтиды, шеттері ширатылған алтын сым темірмен безендірілген.
Белдіктің қаңылтыр белгілері мен пекторальдар тау архар-қойларының
балқытылып жасалған пішіндерімен әшекейленген. Егер Алтайдағы, Сібірдегі,
Арал, Қара теңіз маңайындағы аймақтардағы сақ мәдениетінің басқа да
аудандарынан табылған бұйымдармен ұқсастығын алатын болсақ, Жалаулын
қазынасының алдын ала мерзімдеуі б.з.д. VII - V ғғ. Аралығында анықталады.
Сақтар басқа да халықтар сияқты табиғат күштері – құдайлар бейнесінде
елестейтін күнге, желге, найзағайға, күннің күркіреуіне табынды. Ал құдайлар
олардың түсінігінше қанатты аттар, грифтер сияқты қиял-ғажайып
жануарларына, құстарға және хайуанаттарға айналған. Мифология мен
фольклорда бұл бейнелердің танымалдылығы еуразия даласының «аң
стиліндегі» өнерінің өмірге деген ерекше қатынасын танытты. Қола және күміс
сауыттардағы жазбалар Қазақстан аумағында тұратын тайпалардың б.з.д. V
ғасырдың өзінде-ақ жаза білгенінің бір дәлелі.
10
Жетісу сақтарының жазбасы – аймақтағы мал шаруашылығы мен
егіншілікпен айналысатын тайпалар кірген мемлекеттің болғаны жөнінде
мәлімдейді. Кейін келе ол аймақ б.з.д. III ғ. басып алған юедждер мен
үйсіндердің соққысынан ыдырап кетті.
Б.з.д. 177 ж. Жетісу аумағының негізін үйсіндер салды. Қазіргі таңға
дейін үйсіндердің этникалық шығу тегі соңына дейін анықталмаған. Кейбір
зерттеушілер үйсіндерді Жетісудың бұрынғы тұрғындары «тиграхауд-
сақтардың» ұрпағы десе, басқалары үйсіндерді түркілердің арғы тегі ретінде
танып, оларды Орталық Азиядан келген деп санайды. Үйсіндердің алғаш
мекендері Шу алқабында, Қырғыз Алатауы шатқалының Луговое селосына
жақын жерде табылды. Қазба жұмыстарына дейін бұл саз балшықтан
тұрғызылған және едендері балшықпен сыланған баспаналардың қалдықтарын
жасырған төбе болды. Едендерде тағам дайындайтын ашық ошақтар болды.
Балшықтан жасалған ірі сауыттардың көп бөлігі, тастан жасалған дәнді
ұсақтауыш пен кетпен жаңа қоныстанушылардың үй жануарларын асыраумен
байланыстыра отырып, егін шаруашылығымен шұғылданғаны туралы
дәлелдейді. Тянь-Шаньнің таулы аймақтарында орналасқан көптеген мекендер
тау шатқалдарында кездеседі. Олардың бірі (Ақтас) Кеген ауылына жақын
жердегі Құрайлы өзенінің жағалауында орналасқан. Мұнда қабырғасы тастан
қаланған бес баспана мен шаруашылық құрылыстарының қалдықтары ашық
күйінде табылды. Кенттің жанында өзеннен шыққан арықтармен суарылған
ежелгі алқаптар табылды.
Үйсіндер отырықшылықпен айналысты. Олар тастан және кірпіштен
жасалған екі түрлі үй салды (шөппен араласқан және күннің көзіне кептірілген
балшықтан жасалған). Бұл үйлерге мал асырау үшін жалғастыра салынған
қашалар да, басқа да шаруашылық жүргізуге қажетті қосымша құрылыстар
салынды. Үйсіндер ошақтарын үйдің нақ ортасына жаққан, оның жанында
жылынып, тағам дайындайтын. Дегенмен, қоныс отбасы болып өмір сүретін 4-5
үйді қамтыды. Малды жазғы жайылымға айдау кезінде олар киіз үйлерде
тұрды, себебі олардың арасында жайылымды маусымды пайдалану кеңінен
тараған. Табиғи жағдайлар бір жайылымнан екінші жайылымға көшуге
мүмкіндік туғызды.
Үйсіндердің шаруашылығы кешенді болды: егіншілік - мал
шаруашылығы. Үйсіндер тұрмысында мал шаруашылығы басты роль атқарды.
Олар жылқылар мен анағұрлым ұсақ малды (қой, ешкі, есек) өсірді. XIX ғ.
дереккөзі Хэ Цю-Тао ежелгі дереккөздерге сүйене отырып, ежелгі үйсіндердің
«алқаптарды өңдеумен айналыспаса да», «ағаштарды отырғызғандары» туралы
жазғанын мәлімдейді. Осы жерден үйсіндерде егін шаруашылығымен
айналысудың өрістегені туралы болжауға болады. Бақшаларда көкөністер,
бақтарда жеміс-жидектер өсіріп, егін екті. Ежелгі үйсіндер тұратын үйлердің
жанында суару каналдары - егістіктер табылды. Мұны табылған бидайды
ұнтақтауға арналған диірменнің тасы дәлелдейді.
Үйсіндер тастарда, ағаштар мен сүйектерде қашап оюмен айналысты.
Оларда зергерлік өнер жоғары деңгейде дамыды, бұйымдар аң стилінде
орындалды, мұны сақ мәдениетінің әсер етуі жөніндегі дәлелдемелер
11
мәлімдейді. Сақтар сияқты үйсіндер әлем құрылымының идеясын аңдармен
байланыстырды. Құстар аспанды, аңдар жерді, ал қанатты аттар күнді білдірді.
Олар алтын мен асыл тастардан моншақ, сырға, киімге арналған әшекейлерді
жасады. Сонымен қатар, үйсіндер мыстың, қорғасынның, қалайының кен
орындарын өңдеді, садақ, пышақ, қанжарлардың ұштарын дайындауға арналған
темірді балқытты.
Үйсіндердің көрнекті өнер туындыларының бірі қоладан әшекей-бұйым
жасау болып табылады. Әдетте бұл бұйымдар кездейсоқ табылады. Бір кездері
осы заттарды қолданған адамдар оларды жасырды, содан соң, белгісіз бір
себептермен олар музей экспонаттары мен ғылыми зерттеулердің заттары
ретіндегі жаңа қолданысын «жандандыратын» сәтті жағдайдың түспегенінше
қажетсіз болып қала берді.
Әдетте қазыналардың көпшілігі көктемгі және күзгі жайылымға ыңғайлы,
шөбі шүйгін, су, орманға бай таулы аймақтардың жанынан табылды. Ол б.з.д.
VIII
ғ.-дан бастап б.з. IV ғ. дейін осы жерде мекендеген ежелгі тайпалар –
сақтар мен үйсіндердің қола дәуірімен белгіленеді. Бұлар дүниетанымға,
халықтың рухани мәдениетіне тікелей қатысы бар заттар деп есептеледі:
жоғарыдағы әлеммен байланыстыратын, тау шыңдарында өмір сүретін,
құдіретті күшті құдай мен адамдар арасындағы өзіндік ғарыштық байланыс
каналдары ретінде қолданылатын және отты тұтататын шырақтар; құрбандыққа
шалынған малдың еті пісірілетін қазандар, құрбандыққа шалу үстелдері. 1912
жылы Верный қ. Большая станица аумағында табылған «жетісу михрабы»
көпшілікке кеңінен танылды.
Б.з. аралығы мен б.з. I мыңжылдықтың бірінші жартысында
Қазақстаннның оңтүстігінде Шығыс тарихында маңызды роль атқарған ірі
қуатты мемлекеттік қауымдастық – Қаңлы мемлекеті пайда болып, дамыды.
Оның халқы егін егу мен мал шаруашылығымен, қолөнер кәсібі, саудамен
айналысты. Қаңлы саяси, экономикалық және мәдени қатынастар бойынша
Қытаймен, Парфиямен, Рим және Қошан империясымен байланыс орнатты [6].
Қаңлылар туралы ең алғаш (қытай тілінде айтылуы - канцзюй) б.з.д. II
ғасырдағы жазбаша дерекккөздерде айтылған. Олар үйсіндердің аумағынан
солтүстік-батыс аумақты алып жатқан жерді мекендеді. Олардың негізгі бөлігі
Қаратау және Сырдарияның ортаңғы ағысындағы аудандарда өмір сүрді.
Қаңлылардың біздің заманымыздың аралығындағы саяси тарихы толық
зерттелмеген. Оның билеушісінің Битянь қаласында (Түркістан қаласының
жанында орналасқан қаңлылар астанасы) тұрғаны, 120 мың отбасынан құралған
600 мың қол астындағылары болғаны мәлім. Қаңлылардың жалпы саяси даму
бағыты олардың жалпы жер бетінде өмір сүру кезеңінде Ферғана мен Аралдың
бойындағы аумақтарға дейінгі Сырдария арқылы өтетін Жібек жолы жерін өз
билігінде сақтап қалуға талпынумен байланысты болды. Жібек жолының
Сырдария арқылы Солтүстік-батысқа, Кавказға және Қара теңіз жағалауларына,
сонымен қатар Иран, Таяу Шығыс пен Үндістанға дейін жүрген жолы туралы
қалашықтарды және қаңлылардың сағаналарын, сонымен қатар, Яньцай-Аланья
тұрғындары қазбаларын қазу жұмыстарын жүргізу барысындағы табылған
заттар мәлімдейді: қытай ақшалары мен айналар, Үндістаннан келетін маржан
12
моншақтар, Еуропадан жеткізілетін қоладан жасалған қарсы ілгектер, Ираннан
келетін әр түрлі тастар. Сонымен қатар, қаңлылар Қытай, Парфия, Рим, Кавказ
мемлекеттерімен саяси, экономикалық және мәдени қатынастар бойынша
байланыс орнатты.
Қаңлылардың билеушісі елтебер, жабғу, қаған лауазымдарына ие болды.
Билік мирасқорлық арқылы беріліп отырды. Мемлекеттік басқаруда мемлекетті
билеуші үш көмекші уәзірге сүйенді.
Соңғы жылдардағы археологиялық зерттеулер қаңлылардың сырт
бейнелерін олардың замандастарының суреттері бойынша елестетуге мүмкіндік
берді. Олар осы кезге дейін теріден жасалған негізге тігілген сүйек
тілімшелерде оюланып салынған бейнелер түрінде жетті. Тілімшелер Самарқан
облысындағы Қорған-Тепе ескі қала орнының жанындағы қаңлылардың
қорғанын ең алғаш рет қазған кезде табылды. Оның бірінде салт атты және
жаяу уәзірлердің шайқастарының көрінісі бейнеленсе, екіншісінде жылқы
аулау бейнеленген. Шайқас пен аң аулауға қатысушылар бірыңғай этникалық
түрге жатады. Барлығының бастары созылыңқы, төбеге қарай сүйірленген
аласа маңдайлы болып келеді. Шаштары төбесіне қарай, самайларындағы
шаштары құлақтың артына таралған. Көздері ромб тәрізді, дөңес мұрынды,
мықты иекті. Кескінді иекке дейін жететін мұрт пен сақал толықтырады.
Жауынгерлердің үстіндегі шекпендерге тілімшелерден тігілген жартылай
сопақша тілімшелер киілген; бастарында сүйірленген дулыға бар, мойындары
қапталған жағалармен жабылған; табанының астына қарай тартылған денеге
жабысқан шалбарлар бар.
Қаңлылардың қару-жарақтары ланцет тәріздес ұштары бар ұзын
найзалар; ұзын екіжақты жүзі бар семсер, екі белдікше арқылы белдікке
жалғанатын пышақтар, күрделі құрылымды садақ, ұштары үш қырлы садақтар;
кең бөліктері бар садаққа арналған ұзын және жебеге арналған екі жіңішке үш
бөлікті қорамсақ түрінде беріледі. Сопақша қалқан тілімшелермен көмкерілген.
Жауынгерлердің бірінде соғысқа арналған балта болды. Қаруланған салт
аттылар сауыт-сайманмен қамтылмаған аттарда отырды. Аттың жалы
қырқылған, құлақтарының арасында жиналған кекілі бар.
Ертеде қаңлылар қоныстанған аудандарда археологтар ескерткіштердің
көп тобын тапты және оларды қауыншы және отырарлық-қаратау
мәдениеттеріне жатқызады. Біріншісі Ташкенттік алқаптарда, екіншісі
Сырдарияның ортаңғы ағысының аудандары мен Таласқа дейін жететін
Қаратау шатқалдары аудандарында кең өріс алды. Қауыншы мәдениетінің
түбегейлі зерттелген ескерткіші Сырдарияның оң жақ жағалауында орналасқан
Шардараға жақын жердегі Ақтөбе қонысы болып табылады. Қазба жұмысы
орнының бірі ауданы 28 х 18,5 м тең орда сарайын толығымен ашты. Сарай
крест тәрізді орналасқан бес бөлмеден, кіру кешені мен екі құрылысты
батыстан шығысқа қарай қиятын коридорлардан тұрды. Ортаңғы бөлігінде
шаршы зал болды, ол басқа бөлмелермен арка арқылы өтетін жерімен
байланыстырылды. Ол ертеде жазық шатырмен жабылған.
Залдың айналасында орналасқан бөлмелер қорап тәрізді күмбездермен, ал
бірі Орта Азия мен Қазақстандағы ежелгі күмбез шатырларының түрлері болып
13
табылады. Ғимарат құрылысында саты және күмбездегі люк арқылы өтуге
болатын шатыр басты рольді атқарды. Сарайдың қабырғалары, шатырлары,
арка арқылы өтетін жерлер тікбұрышты және төртбұрышты өңделмеген
кірпіштен орындалған.
Отырар-қаратау мәдениеті ескерткіштерінің ең ірі шоғырланған
орталықтарының бірі Отырар алқабы болып табылады. Арыс өзенінің сол жақ
жағалауында салыстырмалы шағын аумақта (100 ш.м. шамасында) екі жүз
төбенің қалдықтары сақталған, олардың көлемдері әр түрлі: Пұшық-Мардан,
Қостөбе, Чаштөбе, Сейітман-Төбе, Ахайтөбе, Шөлтөбе және т.б.
Қаңлылар темірді балқытып, олардан қолдану заттарын жасай алды.
Орақ, пышақ, садақтың ұштарын соғуға арналаған дөңгелек темірден жасалған
бұйымдар табылды. Сүйектен күрделі құрылымды садақтар, пышақтың сабы,
түйреуіштер, қарсы ілгектер, әр түрлі тұмарлар үшін жапсырмалар
дайындалды. Қасқырдың, бүркіттің, иттің қаптал жағынан қайралған тұмарлар
өте тартымды. Сүйектен жасалған пішінді ілгіші бар түйреуіштер өте ерекше
саналады.
Зергерлік бұйымдар мен әшекейлер алтыннан, қоладан жасалды. Мысалы,
жасанды түйіршікпен пішінделген қызыл тасы бар алтын қақтамадан жасалған
қаңылтыр белгі табылды. Моншақтар күрең-қызыл түсті асыл тастан, ақықтан,
көгілдір ақықтан, әр түрлі шыныдан жасалды. Қару-жарақтар темір үш қалақты
ұшты садақтардан, сүйектен жасалған жапсырмалары бар күрделі садақтардан,
қысқа темір семсерлер мен бір жүзді қанжарларды қамтиды. Теріден тігілген
белдіктерден қалған темір және қоладан жасалған тоғалар көп кездеседі.
Әшекейлердің арасынан – тас, металл, шыныдан жасалған моншақтар, түсті
металдан жасалған қола немесе алтын кішкене шарлары бар сырғалар мен
ілгіштер, сым найзалардан соқтырылған гривналар, шаш түйреуіштер табылған.
Б.з.д. I мыңжылдықтың ортасына қарай көшпенді Монғолия мен Ордос
тайпаларының негізінде сюнну және дунху тайпаларының одағы құрылды,
алғашқылары іргелес мемлекеттердің тарихына зор әсерін тигізе отыра, өз
дәуірінің тарихи оқиғаларында маңызды роль атқарды. Бұл топ тайпаларының
атауы әлі де болса белгісіз. Кейінгі «Хунналар» немесе «Ғұндар» этнонимдері
сюнну атауынан шыққан және көбінесе этникалық емес, саяси болған.
Ғұндардың этникалық шығу тегіне қатысты мәселе анықталмаған күйде
қалады. Зерттеушілердің көбі оларды түркілердің арғы тегі деп санайды.
Ғұндар Қытайлармен төрт ғасырдан астам уақытқа созылған қатал күрес
жүргізді, бұл соғыс бірнеше рет ғұн тайпаларын талқандауға әрекет тудырған.
Ғұн тайпаларының жоғары дәрежеге жетуі Мөденің билік жүргізуімен
байланысты болды. Ол ғұн тайпаларын қуатты мемлекетке айналдырған
реформаларды жүзеге асырды. Одан әрі ғұн билеушілерінің қол астында Байқал
жағалауларынан Тибетке дейінгі жер, Шығыс Түкістаннан Хауанхе өзенінің
ортаңғы ағысына дейінгі аумақ кірді.
Еуропалықтар үшін хунналар ғұн атауы арқылы мәлім және бұл мағына
батылдық, қаталдық және жабайылылық түсініктерімен байланыстырылады.
Ғұндар Аттиланың басшылығымен еуропа елдерін аяусыз талқандады. Олар
халықтардың ұлы қонысының негізі болды. Б.з. 93 ж. ғұндардың екінші рет
14
қоныстану легі басталды, бір тайпаны басып алып, екіншісін өзіне қаратып,
батысқа қарай бет ала отырып, Сырдария, Арал жағалаулары, Орталық және
Батыс Қазақстанға енді. Б.з. IV ғасырда хунналар мен басқа да көшпенді
тайпалар оңтүстік ресейліктер даласын басып алды, Дунайға дейін жетіп,
ғұндар атауымен Венгрияға қоныстанды. Осындай «Халықтардың ұлы
қонысы» Қазақстанның, Орталық Азияның, сонымен қатар, Еуропаның саяси
картасын едәуір өзгертті. Зерттеушілердің пайымдауынша, ғұндардың басып
алуы шығыс-иран тайпаларының түркіленуінің бастамасымен байланысты
болды. Б.з. I мыңжылдығының бірінші жартысынан бастап Жетісу мен
Оңтүстік Қазақстанның антропологиялық түрі өзгерді, монғолойдтық бет
келбеті пайда болды.
Хунну мәдениеті скифтік-сарматтық мәдениетпен ұқсастығы болды. Олар
киіз үйлерде өмір сүрді, алайда, археологтар жер едендері бар балшықтан
тұрғызылған үйлерді де тапты. Оларда үйлердің қабырғаларының жанында
орналасқан және үйді жылытатын ошақ түтіндігі - жылу жүйелері жүрді.
Табылған дәнді ұнтақтаушы еңбек құралдары оларда егін шаруашылығының
болғанын мәлімдейді. Ғұндарда қолөнер кәсібі – киіз үйлерге арналған ағаш
діңгектерінен жасалған заттар дамыды.
Киім негізінен өздері өсіретін малдың терісі мен жүнінен тігілген.
Сонымен қатар, оқтарды балқытып құюға арналған қалыптар, жартылай үрілген
ошақтар және ғұндардың жергілікті мыс кен орындары мен темір рудаларын
пайдалану негізінде металлургияның дамығанын анықтайтын басқа да
дәлелдемелер табылды. Сонымен қатар, «полихромдық үлгінің» дамуын
дәлелдейтін зергерлік әшекейлер – ілгіштер, алқалар табылды. Ғұндардың
басқа да қолөнерінің ішінен қыштан зат істеу ісін айта кеткен жөн: сапасы
жоғары, жылтыр, оюмен безендірілген алуан түрлі ыдыс-аяқ.
Осылайша, қола дәуірінің халқы, сақ тайпаларының одағы, үйсіндер,
қаңлылар мен ғұндардың ежелгі мемлекеттік қалыптасуы мемлекеттік
қоғамдық ұйымдастырылуымен, ерекше материалдық мәдениет және өнермен
сипатталатын көшпенді мәдениеттің жоғары дәрежесіне жеткендерін белгілеуге
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |