Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы



Pdf көрінісі
бет8/20
Дата02.10.2022
өлшемі1,13 Mb.
#151388
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
4 книга проверенная

 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Акинер Ш. Формирование казахского самосознания. От племени к 
национальному государству. - Алматы: Гылым, 1998. 
2. Арнольдов А.И. Введение в культуру. - Москва: Народная Академия 
культуры и общечеловеческих ценностей,1993.
3. Жайдаров О. Тенгрианство: мифы и легенды древних тюрков. - Алматы: 
Рауан, 2004. 
4. Государственная программа «Культурное наследие» // Казахстанская правда. 
– 2004. – 
13 января. 
5. Закон Республики Казахстан «Об охране и использовании объектов 
историко-культурного наследия» // Казахстанская правда. – 1992. – 2 июля; 
Закон Республики Казахстан «О Национальном архивном фонде и архивах» // 


36 
Казахстанская правда. – 1998. – 22 декабря; Закон Республики Казахстан «О 
культуре» // Казахстанская правда. – 2006. – 15 декабря. 
6. Ибраимов Т. Белые горы // Кинофорум. - 2003. - №1. 
7. История Казахстана с древнейших времён до наших дней. Том 1./ Под ред. 
К.А. Акишева, К.М. Байпакова. - Алматы: Атамура, 1997. 
8. Кшибеков Д. Кочевое общество. – Алма-Ата: Атамура, 1984. 
9. 
Масанов А. Кочевая цивилизация казахов. – Москва: Эксмо-Пресс, 1995. 
10. Марголит С. Кинематограф оттепели. - М., 1992. 
11. Шаханова Н. Мир традиционной культуры казахов (этнографические 
очерки). – Алматы: Мектеп, 1998. 


37 
Қазақ мәдениетіндегі жыраулар шығармашылығы 
 
 
 
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер»
кафедрасының аға оқытушысы 
 
Қарағанды мемлекеттік 

техникалық университеті
Ж.А. Түсүпбеков
 
 
 
Қазақ философиясындағы екінші кезең, қазақ хандығы құрылған 
заманнан басталады. Бұл кезеңнің өкілдері: Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, 
Ақтамберді, Доспамбет, Бұқар т.б., жыраулар. 
Ел, жер, халық тағдыры мен болашағы толғандырған жыршылардың 
насихат (дидактикалық), арнау, толғау, мадақ, мағыналы жырлары ел аузында 
сақталып, ұрпақтан ұрпаққа мирас болды. Ғасырлар бойы өзінің отан сүйгіштік 
өршіл рухымен, имандылық ғибратымен, таным тағылымымен көпшіліктің 
көкейіне жол тапты. Толғауларға тән сипат — олар халықпен етене жақын, 
солардың мұң-мұқтажын жоқтады, елге танымал тарихи оқиға, келелі кеңес 
жайлы баяндайды. Жыршы көпке белгілі әңгіме желісін шешен тілмен
тереңнен толғап, қисынмен сомдап, ғасырлар бойы қасиетін жоғалтпайтын 
асыл мұраға айналдырады. Нақыл – өсиет сөздерден түзілген бұл жырлардан 
жыраулардың ұшқыр қиял, алғыр ой, сыншыл ақыл, қара қылды қақ жарар әділ 
көңіліне куә боламыз.
Хан қысылып, қара тоқырағанда, көкірек көзі ашық дала данагөйлері — 
жырауларға жүгінген. «Өнер алды-қызыл тіл» деп білген халық суырылып 
шығып сөз бастаған ерлердің уәжіне тоқтаған. Ел өміріндегі елеулі оқиғалар 
кезінде әркез хан қасынан, іс басынан табылатын осынау жыраулар бірде хан 
мен батырды жарастырған ақылмандығымен дараланса, енді бірде ел толқуын 
басып, бірлікке үндеген данышпандығымен көзге түскен. 
«Анығында өсиетшіл қария, толғаушыл жыраудың негізгі міндеті 
өлеңшілік емес, елге басалқы айтып, басшылық жасау болатын. Бұл екеуі де ең 
алдымен ақылшы кемеңгері, заманның сыншысы, қырағысы болады. 
Сондықтан әрқайсысы өз елі, өз табының не биі, не батагөйі болады. Екеуі де 
жалғыз ел ақылшысы емес, елді меңгерген хан мен бектің ақылшысы, уәзірі 
есебінде болған... Көп елге хан жарлығын орнату керек болса, айтқан сөзі ем 
болатын дуалы ауыз да осылар... Бұл адамдар ең алдымен ел меңгеру 
жолындағы саясат адамдары болғандықтан, көпке айтқан сөздерінің барлығы ел 
мұңына ел қамына арналған сөздер болады. Бұлар өз заманындағы казақтың 
жоғары табынан: билер, басшылар ортасынан шыққан, өздері әкім. Сондықтан 
ел тізгінін ұстаудың бір шарты, көптің қамын жеу болғандықтан, артында 
қалған сөздерінің барлығы әлеуметшілдік сарынымен айтылады», – деп жазды 
Мұхтар Әуезов. 


38 
Әр ханның тұсында ел мен хан арасын жақындастыратын, ханның 
арынын басып, ел тізгінін тежейтін жыраулар болғаны тарихтан белгілі. 
Мәселен, әрқашан ханға кеңес берер ақылгөй жырау, абыз ретінде Қорқыт 
бабаның Дерсе хан, Асан Қайғының Жәнібек хан, Шалкиіздің Би Темір, 
Жиембеттің Есім хан, Бұқардың Абылай хан жанынан табылуы осының дәлелі. 
Бұл хандардың әрқайсысы — ел басына күн туып, ханның біліктілігіне, 
халықтың бірлігіне, ердің батырлығына сын болған шақтарда жалпақ жұртқа 
тұтқа болған тарихи тұлғалар. Ал, осы хандардың қасында адамгершілік, 
имандылық, отансүйгіштік қағидаларына берік, ақылгөй ұстаз, қауымды 
бірлікке шақырушы рухани көсемдердің болуы, олардың ел басшысымен 
мақсат-мұраттарының бір арнада тоғысуы халық мүддесіне сай келген.
Қалыптасқан пікірлерге сүйенер болсақ, қазақ халқының дана, шешен, 
дүниенің, болмыстың, өмірдің, адамның мән – жайын жете түсінген философ 
халық екендігіне көзіміз жетеді. Бірақ қазақ халқының тарихынан, мәдениеті 
мен әдебиетінен, өмірі мен көзқарасынан біз кез келген философияны немесе 
философиялық бағыттар мен мектептерді таба алмаймыз. Тіпті 19 ғасырдың 
орта шеніне дейінгі әдебиеттен билердің, ақын – жыраулардың ел аузында 
сақталған мұраларынан «философ немесе пәлсапа» деген сөздерде 
кездестірілмейді. Мүмкін қазақ даналарынан шыққан ой дүниетанымы 
философияның жоғарғы деңгейі болар. 
Француздың ұлы ғалымы Рене Декарттың ойынша, «философтарға 
қарағанда ақындардың еңбектерінде небір ұлы ойлар жиі кездесетініне 
таңқалмасқа шара жоқ. Мұның өзі ақындардың шын шабыттанған шақта, қыран 
қанатты қиялынан уытты ойлар туатынынан болар. Оттың шақпақ тастан 
шығатыны сияқты, ойдың түп негізі де білімде жатыр емес пе? Философтар 
ақылға арқа сүйесе, ақындар ой – қиялдарымен жүректі жалынға орайды, 
сондықтан да ақын жырлары жаныңды баурап, тез жалындап жана бастайды 
ғой...». Мұндай даналық ой – сөздің қадір қасиетін, мән – жайын тереңірек 
ұғынып, оны жоғары бағалаған жыраулардың ең алғашқы өкілі Асан қайғы 
болатын.
Жыраулар ұлттық сана-сезімнің жанашырлары ұлттық болмыстың 
жаршылары. Олар үшін қазақтың сана-сезімін жетілдіру, қазақты халық ретінде 
сақтау және мемлекетті қалыптастырудың тірегі. Сондықтан ұлттық сана – 
сезімнің салтанаты үшін күресті ұлттық қауымдастықтың табиғатын тұтастауға 
қызмет етті. Ел жұртқа іріткі салатын әрекеттерді сынады. 
Олар қазақтың атамекендігі бірлігі мен бүтіндігін, басқалығы мен 
басымдығын құптады, елдің есін жиғызатын азаттық пен адамгершілікті 
жақтады және де ұрпақты тәрбиелеудін тәсілдерін баптады. 
Қазақ мемлекеті құрыла бастаған заманда хандар мен сұлтандар 
жырауларды қастарына топтап іріктеді. Жыраулар ел билеудің елді бірлікке 
шақырудың басты ұраншысы болды. Сондай-ақ жыраулар талантымен, 
шеберлігімен, батылдығымен көптің көңілінен шыққандар. Асан қайғы мен 
Қазтуғаннан басталатын жыраулардың қайсысы болса да дүниетанымындағы 
басты бағыты болып жерді – елді сақтап қалу болатын. Жыраулар 
дүниетанымындағы «жер» мәселесі арқылы философия ғылымындағы барлық 


39 
бағыттар ашылмақ. Жыраулар үшін басты мақсаты мен асыл арманы – жерін 
сақтап қалу болатын. Ол үшін бастысы не қажет? Ол халықты, жерді сақтап 
қалатындай саясат қажет. Қоғамдағы ғылымдардың ішінде саясаттану 
ғылымының орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл 
атқарды. Оның дұрыс – бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардың, халықтардың 
тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агресиялық, яғни 
басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға 
созылатын қайғы – қасіретке соқтыратыны даусыз. Ал егерде мемлекет ғылыми 
дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы 
болары да белгілі. Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы құбылысын 
өте ерте заманнан түсініп білгісі келді.
Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдің ойшылдары мемлекеттің, саяси 
биліктің мән – мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстың 
қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы 
деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Кейінірек адамзаттың іс – 
тәжірибесінің, ақыл – ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың 
ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастайды. Қоғамдық – 
әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастары жылдан – жылға күрделене 
бастайды. Әлемнің алғашқы саясаттанушылары Конфуций, Платон, Аристотель 
ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен 
тығыз байланыста қарастырды. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне 
сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты. Ал жырауларды 
саясаттанушылар – мен салыстырсақ, зерттеушілердің анықтауынша, «жырау» 
термині «жыр» сөзінен шыққан. Сонымен Жырау – ең алдымен жасампаз тұлға. 
Жырау болу – жаны да, тәні де күшті адамдардың үлесі. Олар батырлар, ру, 
тайпа және ұлыстардың басшылары болды, хандар, сұлтандар жыраулардың 
қолдауы арқылы дәурен сүрді, соғыстарға қатысты, жауынгер серіктерін жыр 
етті, тарих пен оқиғаларды өлеңдерде, жырларда және ұлағатты толғауларда 
баяндады. Олардың толғауларындағы тармақтар мақалдар мен мәтелдерге 
айналды. Көптеген жыраулар бір мезгілдің ішінде әулие, би, абыз рөлдерін де 
атқарды. 
М. Мағауин атап көрсеткендей, жырау сөйлесе нақты сөйлейді және 
күнделікті істерге араласпайды, ұсақ-түйекке бола дауыс көтермейді. Олар өз 
бауырларының алдында тек соғыс уақытында ғана, ұлы жиындар мен 
мерекелерде немесе аймақаралық жанжалдар мен үлкен лаңдардың күндерінде, 
оларға өзінің құнды білімінің күшімен және поэтикалық сөзінің рухымен әсер 
ете отырып тіл қатады. Олар тыңдаушыларға магиялық ықпал жасай алатын.
Ал қазақ философиясындағы хандық дәуірдің алғашқы ойшылы Асан 
қайғы – ұлттық идеяның тарихи негізін салған. Сондай-ақ Асан қайғыны Қазақ 
мемлекетінің алғашқы ханы Жәнібектің маңынан көреміз. Асанның қайғы 
атануы бахиді, ахиретті ойлағаннан туған қайғы емес. Асан мұңының тамыры 
тереңде жатыр. Оның негізінде, халықтың сол кездегі тұрмыс – халіне жаны 
ашығандықтан, өмірге көңілі толмауынан болса керек. Асан бабамыздың 
қайғысы – бүгінгі тіршіліктің, ертеңгі болашақтың қамын ойлағандықтан туған 
қайғы. Асан қайғының философиясындағы өзекті мәселе жер болса, ол жер 


40 
туралы айтып қана қоймай, жаңа ұғым қалыптастырған, ол Жер – ұйық ұғымы. 
Жер – ұйық дегеніміз халыққа ортақ идея ұсыну, оларды бірлікке, туыстыққа 
шақыру. Сондай-ақ, Жер – ұйық – ол ұлттық идеяның алғашқы формасы. 
Мемлекеттің негізін салушы Асан атамыз болса оның жолын 
жалғастырушылар, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, 
Ақтамберді, Бұқар жыраулар.
Кез – келген қоғамға талдау жасай отырып, оның 
өмір сүруі идеологиясымен тығыз байланыста екенін, сол арқылы басқарылып, 
сол арқылы өмір сүре алатынын байқаймыз. Сондықтан тарих сахнасының 
(өткенде де, болашақта да) саяси мәселелерсіз дамуы мүмкін емес. Жыраулар 
көрсеткен саяси бағыттар арқылы қоғамда қозғалыстар мен дамулар, 
жаңғырулармен жаңа мағыналар пайда болады, әлсін-әлсін құңдылықтар жаңа 
қырларымен пайымдалып отырады. Осындай сапалы өзгерістер, іргелі 
тұжырымдар бұқара халық үшін бағдар, жол сілтер алау сияқты рөлдерді 
атқарады. 
Қазақстанның көптеген ғалымдары Асан бабамыздың «Жер – ұйық» 
идеясын Кампанелланың «Күн қаласы» сияқты трактаттармен салыстыра 
отырып утопиялық жағынан қарастырады. Асан бабамыздың идеясын утопияға 
жатқызу шындыққа жанаспайды, неге? – өйткені утопия дегеніміз ол – батыс 
ойшылдарының қиялы іске аспаған еді, ал Асан бабамыздың жер ұйығы бүгінгі 
Қазақстан деп айтуға болады, себебі 130-дан астам ұлттың мекеніне айналған, 
бүгінгі таңдағы қазақстандықтардың менталитеті, жер астындағы қазба 
байлықтары, Менделеев кестесіндегі бүкіл элементтердің біздің жерде, әлемнің 
Қазақстан жеріне қызығып қарауы – бұның барлығы Асан бабамыздың ойы 
шындыққа айналған процесс екенін дәлелдейтіндей.
Бабамыздың Жерұйықты іздеуінің басты себебі неде? Өйткені оның ойы 
тереңде жатыр. Заман оның ойынша, көптеген өзгерістер әкелуде. Баяғы емін – 
еркін кең даланың бойында көшіп жүріп, бірде соғысып, бірде бейбітшілікке ат 
тіреп өмір сүре беретін заман келмеске кетті. Ендігі жерде тұрақты, бір 
қалыпты мал бағып егін егіп, жазда жайлау, қыста қыстау қажет болады. Оған 
қазақ жері әбден лайықты еді. Бірақ мұндай жайбарақат өмір сүру үшін, ең 
алдымен, жайлы мекен, қаптаған жаулардан іргені қашығырақ салатын жер 
керек. Осыған сәйкес Асан бабаның Жерұйық іздеуі, ол үшін бүкіл қазақтың 
кең байтақ даласын жылдар бойы аралауы міне сондықтан. 
ХV-ХVІ ғасырларда өмір сүрген Шалкиіз Тіленшіұлы – жыраулар 
поэзиясының дамуына зор үлес қосқан ойшылдардың бірі. Ол – өз заманында 
хас батыр, данышпан жырау, әділ кеңесші бола білген адам. Ол жайында 
М.Мағауин «Шалкиіз-новатор еді. Ол қазақ поэзиясындағы философиялық 
бағыттың негізін салды. Бұл тұрғыдан Шалкиізді қазақтың барлық жырауының
атасы деуге болады» – деп жазды (Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі 
әдебиет. – Алматы: Ана тілі, 1992.-55 б). 
Шалкиіздің шығармашылығына философиялық тұрғыдан көз жүгіртсек, 
оның шығармаларының қазақ халқының ерлік, батырлық және адамгершілік 
рухының дамуына ерекше үлес қосқандығын аңғарамыз. Оның 
шығармаларында батырлық пен ерліктің, ерліктің болмыс бітімі былайша 
суреттеледі: 


41 
«Жапырағы жасыл жаутерек 
Жайқалмағы желден-дүр, 
Шалулығы белден-дүр, 
Төренің кежігуі елден-дүр, 
Байлардың мақтанбағы малдан-дүр, 
Ақ киіктің шабар жері майдан-дүр, 
Кешу кешмек сайдан-дүр, 
Батыр болмақ сойдан-дүр, 
Жалаңаш барып жауға ти, 
Тәңір өзі біледі, 
Ажалымыз қайдан дүр!» 
Бұл ретте Шалкиіз батыр қыл шашақты найза өңгерген жауынгерлерді 
қаптаған қалың жаудан именбеуге, тайсалмай ұрысқа кіруге шақырады. 
Жыраудың мұндай шумақтары өр ұранға толы. Мына бір жыр шумақтары да 
Шалкиіздің батырлығын суреттейді. Шалкиіз өзінің адамгершілік тағылымға 
толы жырларында жақсылықты үнемі жоғары бағалап, жамандықты сынға алып 
отырады. Адамды жамандыққа ұрындыратын көбінесе оның пиғылы. 
Сондықтан адам өз-өзіне үнемі: «Қайтпек керек?» – деп жүруі қажет. 
«Жапалақ ұшпас жасыл тау, 
Жақсылардың өзі өлсе де, сөзі сау. 
Ойлап тұрсам, жаманның 
Жалаңдаған өз басына тілі жау. 
Дүбір-дүбір шу көрген 
Түлкішек түлкің жетер басыңа-ай, 
Түлкідей құйрық тастаған 
Жаман фиғылың жетер басыңа-ай». 
Дүниеде жамандар мен жақсылардың орны бөлек. Шалкиіздің 
жырларының ұрпақ тәрбиесіне ерекше қызмет атқаратындығында сөз жоқ. Бұл 
жырлар үнемі адамгершілікке шақырады. Жырлардың астарындағы даналық 
кеңестер адамгершіліктің биік рухын көрсетеді. Сондай-ақ осы жыр 
жолдарында, тілдің адам дүниетанымында орны қаншалықты екенін көрсетіп 
отыр. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с., айтқан екен «Аллаға сенсеңдер, 
ақиретке бой ұсынған болсаңыздар, жақсы сөйлеңдер немесе үндемеңдер» 
деген екен. Он күнәнің тоғызы тілден деп бекер айтпаған болар дана 
бабаларымыз. 
Жыраулардың келесі өкілі ол Ақтамберді жырау

Ақтамберді жырау елдің 
елдігін, адамгершілікті жоғары бағалап үнемі оны өз жырларында алға тартып 
отырады. Адамгершілікке адам өз-өзін тану арқылы жетпек. Алдымен ата-
ананы сыйлау, халқына қайырымды болу, өз мінін біліп түзеу тәрізді адамға тән 
қасиеттерді Ақтамберді жырау өте жоғары бағалайды. Жыраудың 


42 
философиялық ой-толғамдары және адамгершілік рух оның терең тағылымға 
толы толғауларында ерекше көрініс табады. 
Мінезді болса жолдасың 
Күнде сонар қызбен тең, 
Жаман болса жолдасың 
Астыңнан өткен сызбен тең. 
Мінезді болса алғаның, 
Одан артық жар бар ма, 
Екі жаман қосылса, 
Күнде жанжал, күнде шу, 
Ұяларлық ар бар ма. 
Білімді туған жақсыға 
Залал қылмас мың қарға, 
Жаман туған жігітке 
Рақатты күн бар ма. 
Өз мінін білген жігіттің 
Тәлімінде мін бар ма. 
Жыраудың ойынша, дүние үнемі өзгеріс үстінде. Болашақ та болмай 
қоймас. Болашақта біздің орнымызға жаңа ұрпақ келер. Олар сенің ісіңді 
жалғастырар, орныңды басар. Міне, бұның барлығы да жыраудың жан 
дүниесінен шыққан жан айқайы, тіршілік пен бетпе-бет тілдесуі арқылы, одан 
түйген толғамы. Сондай-ақ қоғамдағы жақсы адамның образы немесе азшылық 
пен көпшілік мәселелері жыраудың шығармаларында қарастырылған. Ол 
жайында яғни азшылық пен көпшілік мәселелерін Батыстағы Хосе Ортега – 
Гассет «Востание масс» еңбегінде азшылық пен көпшіліктің қоғамдағы орнын 
талқылаған еді. Ал одан ерте өмір сүрген Ақтамберді жырау мына жыр 
жолдарында қоғамдағы негізгі мәселелерді қалай және қандай деңгейде айтып 
кеткенін қарап көрсек: 
Жақсысы кеткен ауылдың, 
Артынан жақсы шықпаса, 
Өртеніп кеткен шөппен тең. 
Жыраулардың келесі өкілі, Бұқар жырау Қалқаманұлы – XVII ғасырдың 
соңғы ширегінде дүниеге келген қазақ ойшылдарының бірі. Оның туған жері – 
Жиделі Байсын. Бұқардың әкесі Қалқаман батыр болған адам. Жыраудың өмір 
сүрген уақыты әз Тәуке, Қазыбек би, атақты батырлар Қабанбай, Бөгенбай, 
Жәнібек, Абылай сияқты елге танымал ел қорғандары мен билеушілердің 
заманымен тұспа-тұс келеді. 
Шамамен 1683 жылдары болуы керек қалмаққа қазақтан қырық шамалы 
адам елшілікке баруға дайындалады. Бұның ішінде атақты Қазыбек би де бар. 
Яғни бұл кезде ол небәрі жиырма жасқа толмаған жаста еді. Міне осы сапар 
алдында атақты Қалқаман батырдың бәйбішесі босанып ұл туады. Қариялар 
бұны жақсы ырымға жорып, әз Тәуке жөргектегі нәрестеге бата беріп, оның 
атын Бұқар қояды. Бұқара қамын ойлайтын азамат болсын деп ырымдайды. 


43 
Осылайша қазақ елінің жаугершілік заманында, қоғамның әлеуметтік жағдайы 
қарама-қайшылыққа толы кезеңде дүниеге келген және оны басынан өткерген 
Бұқар жыраудың дүниетанымына өзі өмір сүрген заманындағы қазақ елінің 
маңызды мәселелері әсер етпей қойған жоқ. 
XVII ғасырдың аяғында қазақ елшілігі қалмақтарға барып келелі 
мәселелерді шешеді. Сол сапарда Қазыбек би «Қаз дауысты Қазыбек» атанып 
атағы елге жайылады. Елшіліктің негізгі мақсаты екі елді бітімге келтіру. 
Атадан ұл туса, 
Құл боламын деп тумайды. 
Анадан қыз туса, 
Күң боламын деп тумайды. 
Ұл мен қызды қаматып, 
Отыра алмайтын елміз. 
Сен қалмақ болсаң, 
Біз-қазақ, қарпысқалы келгенбіз. 
Сен темір болсаң, 
Біз көмір, балқытқалы келгенбіз. 
Қазақ-қалмақ баласы, 
Табысқалы келгенбіз. 
Танымайтын жат елге 
Танысқалы келгенбіз. 
Танысуға көнбесең, 
Шабысқалы келгенбіз – 
деп өр рухты шешендігі арқылы үлкен сес танытады. Бұның бәрі жас Бұқардың 
болашақта танымал қоғам қайраткері болуына, уақыт пен дүниені тануына әсер 
етпей қойған жоқ. Бұқар осындай заманда өмір сүрген еді. 
Артур Шопенгауэр ақсүйектікті үшке бөліп қарайды: Біріншісі – ата-
бабадан жалғасып келе жатқан генетивті тектілік. Екіншісі – байлық арқылы 
жасалған ақсүйектік. Үшіншісі – ақыл-ой талант арқылы жалғастық тапқан 
ақсүйектік. Ол өзі оның соңғысын жоғары бағалайды. Бұқардың ойынша, осы 
ақыл-ой таланттың өзі, адамның қандай болмағы оның шыққан тегіне 
байланысты. Ол: «қатын алма қарадан, арты кетпес жаладан». «Қарадан хан 
қойсаң, босамас ауызы парадан», – деп Абылайға үнемі кеңес те айтып отырған. 
Бұқар жырау адамның қандай болмағы көбінесе оның тегіне байланысты деп 
таниды. Бұқар жыраудың этикалық дүниетанымы өте терең. Мына бір өлеңде 
жастарды адамгершілік жолға шақырады. 
Алла деген ар болмас, 
Ақтың жолы тар болмас. 
Тар пейілді кеңімес, 
Кең пейілді кемімес. 
Берем деген құтылмас, 
Берік байлаған шешілмес. 


44 
Қазулы жолдар көмілмес, 
Қартайған қарт бабаңды сыйлай бер, 
Күндердің күні болғанда, 
Кімдер де кімнің дейсің белі бүгілмес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет