Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



Pdf көрінісі
бет18/33
Дата16.04.2020
өлшемі1,08 Mb.
#62782
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
Байланысты:
bilimdi akparattandyru


184
·   ұсынылатын білім деңгейі;
·   ұсынылатын білім беру үрдісінің типі;
·   білім беру үрдісінің ұсынылатын формасы;
·   аудиторияның ерекшелігі. 
Осындай тараулардың негізіне алыс-жақын шетелдік 
жəне отандық еңбектер мен тұжырымдар, білім беру жүйе-
сінде, телекомуникациялық ортада ақпараттық ресурстарды 
жариялау тəжірибесінде қабылданған маңызды құжаттар алынуы 
мүмкін.
Ары қарай жарияланатын электрондық білім беру басылым-
дары мен ресурстарының тарау типтері, жоғарыда көрсетілген та-
рауларда қарастырылған, барлық ықтимал ақпараттық білім беру 
ресурстарының бірлесуі түрінде болады. 
Электрондық білім беру басылымдарының түрі
Электрондық ақпараттық өнімдер
Мəліметтер қоры
Көрмелер
Электрондық журнал
Электрондық газет
Мультимедиялық жазбалар
Қағаз басылымдар мен ақпараттық материалдардың 
электрондық ұсынылуы
Ғылыми енбектер, мақалар жинағы
Газет/журнал жарияланымдар
Нұсқау
Стандарт
Оқу құралы
Практикалық оқу құралы
Практикалық жетекшілік
Оқулық 
Оқулық құралы
Хрестоматия
Оқу-əдістемелік құралы
Оқу программасы (курс, тəртіп)
Оқу жоспары (курс, тəртіп)

185
Практика
Библиографиялық анықтама
Даңғыл
Каталог
Альбом, атлас
Көркем сурет басылымдары
Альманах
Антология
Рефераттар жинағы
Экспресс-ақпарат
Əдістемелік нұсқау
Тест жинағы
Білім беру стандарты
Дəріс конспектілері
Жарнама-техникалық жазбалар
ҒЗЖЕ есебі
Реферат
Бағдарламалық өнімдер
Оқу мекемесін басқару жүйесін автоматтандыру
Ақпараттық-кітапханалық жүйені автоматтандыру
Əр түрлі оқу технологиясының қолдауымен қамтылған 
бағдарламалық құрал (тақта, хабарландырулар, қашықтықтан кеңес 
беру) 
Желілік бағдарламалық қамту
Қолданбалы бағдарламалық қамту
Қолданбалы бағдарламалар бумасы
Электрондық оқу құралын жасауға қажетті аспаптық 
жабдықтар
Бағдарламалық-ақпараттық өнімдер
Электрондық сөздік
Электрондық анықтама
Электрондық энциклопедия
Ақпараттық-іздеу жүйесі
Ақпараттық-шешуші жүйе
Эксперттік жүйе

186
Электрондық-оқу құралдары
Теориялық жəне тақырыптық даярлау құралдары
Электрондық оқулық 
Электрондық оқыту жүйесі
Электрондық білімді бақылау жүйесі
Тəжірбиелік даярлау құралы
Электрондық есептер жинағы 
Электрондық жаттықтырушы
Кешендік жəне көмек құралдары
Электрондық оқу курсы
Электрондық қалпына келтіру курсы
Электрондық зертханалық тəжірбие
Компьютерлік дамушы ойындар
Психофизиологиялық тестік құралдар
Интернет желісіндегі арнайы ақпараттық ресурстар
Виртуальді кітапхана
Іздеу жүйесі
Интерне-каталог
Ақпарат құралдарына сілтеме
Интернет-трансляция
Əрбір электрондық білім беру басылым жəне ресурс 
үшін бекітілген пəндік оқыту саласының əмбебап жіктелуін 
анықтау, бір сөзбен айтқанда, мүмкін емес. Бірінші кезекте, бұл 
əртүрлі басылымдардың көпнұсқадағы тақырыптық бағытты 
қамтитындығымен байланысты. Тəжірибеде пəндік (білім беретін) 
салаларды жіктеудің бірнеше тəсілін пайдалануы мүмкін. Пəндік 
(білім беру) саланы жіктеудің тəжірибелік тұрғыдан қарағанда 
жалпыға ортақ, əмбебап жəне барынша көп таралған түрінің бірі 
жалпыға бірдей орта білімнің тақырыптық бағыттары бойынша 
жасалған жіктеулер болып табылады. 
Жалпыға бірдей орта білімде қолданылатын білім беру үрдісінің 
ықтимал типтері мен формаларының жіктелуі жеткілікті түрде 
нақты белгіленген, яғни соларға арналған электрондық білім беру 
басылымдары əзірленуі мүмкін. Электрондық білім беру басы-
лымдары  үшін білім беру типін немесе формасын таңдау төменде 
келтірілген жіктемеге сəйкес орындалуы қажет. 

187
Білім беру қызметінің түрі
Лекция-сабақ
Семинар-сабақ
Тəжірбие сабағы
Зертханалық сабақ
Оқу ойындары
Мектепшілік іздену жұмыстары (МІЖ)
Педагогикалық өлшеулер жəне бақылаулар
Мектептегі өздік оқу қызметі
Келесі жəйттарды атап өткен жөн болар, яғни, электрондық 
білім беру басылымды немесе ресурсты автор бекіткен жағдайда 
білім берудің түрі мен формасы ұсынылатын сипатқа ие болады, 
себебі, бір типке немесе формаға сай əзірленген нақты электрондық 
білім беру басылымдарды осындай параметрлердің басқа 
жиынтығымен сипатталатын оқу үрдісінде тиімді қолдану ғажап 
емес. 
Электрондық білім беру басылымдарды əзірлеу жəне пайдала-
ну кезінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланудың 
артықшылығы мұндай басылымдар немесе ресурстарды оқу үрдісінің 
тек əрбір қатысушысының тұлғалық ерекшелігіне ғана емес, соны-
мен қатар мектеп оқушыларының (немесе тұтынушылардың) тұтас 
тобына сай ерекшеліктерге максималды бейімделіп жұмыс жасауы-
на мүмкіндік береді. Ал бұл болса, электрондық білім беру басы-
лымдары  əзірлеушілерге топтау жəне жіктеу бойынша қосымша 
мүмкіншіліктер береді. Осыған байланысты электрондық білім беру 
басылымдары  параметрлерінің жүйесі топтық типтің қандай да 
бір ықтимал мəні арқылы кеңейтілуі қажет: 
-   мектеп оқушылары; 
-   талапкерлер;
-   оқу орындарының əкімшіліктері;
-   оқытушылар; 
-   ата-аналар.
Жоғарыда келтірілген ықтимал параметр-критерийлерді ескере 
отырып, электрондық білім беретін басылымдар мен ресурстардың 
көпдеңгейлі жіктемесін құруға болады.  
Оқу жүйесінде пайдалануға қатысты, жалпы, электрондық 
білім беру басылымдарын жəне ресурстарын мына түрлерге бөлуге 
болады:

188
·   жалпыға бірдей орта білімде көрсетілген оқу пəні бойынша 
(пəндік сала) Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым 
министрлігінің стандарттарына жəне бағдарламаларына сəйкес 
дəстүрлі оқу жүйесінде пайдалануға арналған электрондық 
білім беру басылымдары;
·   мектеп пəні бойынша білімін тереңдету үшін қосымша сабақ 
беру жұмыстарына арналған электрондық білім беру басылым-
дары;
· 
 оқушылардың сабақ үлгерімін бақылауға жəне бағалауға 
арналған электрондық білім беру басылымдары;
·   анықтамалық жəне энциклопедиялық сипаттағы электрондық 
білім беру басылымдары.
Дəстүрлі оқу жүйесінде пайдалануға арналған электрондық 
білім беру басылымдары мен ресурстары құрамына бағдарламалық 
құралдардың барлық типтері кіруі мүмкін. Осылайша дəстүрлі 
оқу жүйесінде білім алушылардың өзіндік жұмыстарына элек-
трондық білім беру басылымдарды қолдану үшін кең мүмкіндіктер 
береді. 
Пəн бойынша білімді тереңдетуге жəне қосымша сабақ беру 
жұмыстарына арналған электрондық білім беру басылымдары мен 
ресурстары көп жағдайда дəстүрлі оқу жүйесінде пайдалануға 
арналған электрондық білім беру басылымдарымен ұқсас келеді. Бас-
ты айырмашылығы құрамындағы оқу материалының өзгешілігімен 
сипатталады, яғни, ол жалпы орта білім жүйесіндегі стандарттар 
мен бағдарламаларға сай келмеуі мүмкін. 
Өзіне сай əдістемелік тұрғыдан электрондық білім беру басы-
лымдары мен ресурстарды жəне олардың компоненттерін мына 
түрде жіктеуге болады: 
-   білім беретін (білім, іскерлік, оқу немесе тəжірибелік 
қызметтің шеберлігін түзу барысында оқу жүйесінің талапта-
рын қанағаттандыратын электрондық білім беру басылымдары, 
яғни оқу материалдарын қажетті деңгейде игеруді қамтамасыз 
етеді),
-   жаттықтырушылар  (əр түрлі іскерлік жəне шеберлік 
өнерін өңдеу жəне қайталау немесе өткен материал-
дарды жадына сақтау бойынша оқу жүйесінің қажеттілік-
терін қанағаттандыратын электрондық білім беру басылым-
дары);

189
-   бақылауыш  (оқу материалдарын игеру деңгейін бақылау, 
өлшеу немесе өзіндік бақылау бойынша оқу жүйесінің 
қажеттіліктерін қанағаттандыратын электрондық білім беру 
басылымдары);
-   ақпараттық іздеуіш жəне ақпараттық-анықтамалық (ақ-
паратты жүйелендіру шеберлігі жəне іскерлік тəжірибелері 
туралы мəліметтерді баяндау бойынша оқу жүйесінің талапта-
рын орындайтын электрондық білім беру басылымдары);
-   демонстрациялық (объектілерді зерттеу жəне игеру мақсатымен 
құбылыстарды, үрдістерді көрнекілеу бойынша оқу жүйесінің 
талаптарын қанағаттандыратын электрондық білім беру басы-
лымдары );
-   имитациондық (шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін елес-
тету кезінде олардың құрылымдық немесе қызметтік сипатта-
маларын оқып білу бойынша оқу жүйесінің талаптарын орын-
дайтын электрондық білім беру басылымдары);
-   зертханалық  (шынайы қондырғыда қашықтықтан сынақ 
жүргізу бойынша оқу жүйесінің талаптарын қанағаттандыратын 
электрондық білім беру басылымдары);
-   моделдеуші (объектілерді, құбылыстарды, үрдістерді зерт-
теу жəне игеру мақсатымен моделдеудегі оқу жүйесінің 
қажеттіліктерін қанағаттандыратын электрондық білім беру 
басылымдары);
-   есептік  (əр түрлі есептерді жəне басқа ағындық операция-
ларды автоматтандырудың оқу жүйесіне қажетті талаптарды 
орындайтын электрондық білім беру басылымдары);
-   оқу барысындағы ойындар (білім алушылардың қызметі ойын 
түрінде іске асатын оқу жағдайларын жасаудағы оқу жүйесінің 
талаптарын қанағаттандыратын электрондық білім беру басы-
лымдары);
-   ойындық  (білім алушылардың бос уақыттарын, есте сақтау 
қабілетін дамыту, олардың іс-əрекетін, көңіл аударуларын жəне 
басқа да ерекшеліктерін ұйымдастыру бойынша оқу жүйесінің 
қажеттіліктерін орындайтын электрондық білім беру басылым-
дары);
-   қатынастық (мұғалімдер, əкімшілік, білім алушылар, ата-ана-
лар, мамандар, қоғам арасындағы тұлғалық қатынаста жəне 
мұғалімдер мен білім алушыларды талап етілетін ақпараттық 
ресурстарға қолжеткізуді ұйымдастыру бойынша оқу жүйесінің 

190
қажеттіліктерін қанағаттандыратын электрондық білім беру 
басылымдары);
-   интегралданған (оқу жүйесінің кең аспектілік қажеттіліктерін 
қанағаттандыратын интегралданған құралдардың кешенінен 
құралатын электрондық білім беру басылымдары).
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын мей-
лінше мақсатқа сай басылым немесе ресурс түрлерін қолдануға 
болатын сабақты ұйымдастыру формасына байланысты топтарға 
бөлуге болады. Дəріс сабақтарын, зертханалық сабақтарды, 
тəжірибелік сабақтарды, оқу-зерттеу жұмыс, өзбетіндік дайындық, 
сынақ жəне оқушылардың емтихандарын өткізу барысында 
пайдалануға арналған электрондық білім беру басылымдары  түрлері 
бар.
Жоғарыда аталған дидактикалық басымдықтарға сəйкес 
электрондық білім беру басылымдар мен ресурстарды олардың 
дидактикалық мақсаттарына байланысты мына түрде жіктеуге 
болады: білімді қалыптастыру, мəліметті баяндау, іскерлікті 
қалыптастыру, білімді жадына сақтау, оқып игерудің деңгейін 
бақылау, жалпыландыру, білімдерін, іскерлік пен дағдыны жетілдіру. 
Мұндай құжатты электрондық басылмдарды жəне ресурстарды 
өңдеу кезінде таным қызметін психологиялық тізбекті кезеңдерін 
есепке алу барысында толықтырылуы мүмкін. Олардың қатарына 
мыналар жатады:
-   қабылдау;
-   пайымдау жəне білімді бекіту;
-  тұлғалық тəжірибені қалыптастыру (іскерлік, дағды, кəсіби- 
бағытталған интуиция);
-   жобалық зерттеу жəне іздеу қызметі.
Ақпарат сақтауыштарда орналастырылған электрондық білім 
беру басылымдары мен ресурстарын сипатына қарай мына түрлерге 
бөлеміз:
-   біртомдық электрондық білім беру басылымдары  – бір 
ғана ақпарат сақтауыш құралын оқитын машинада жасалған 
электрондық басылым;
-   көптомдық электрондық білім беру басылымдары  – екі немесе 
одан да көп нөмірленген бөліктерден құралатын электрондық 
басылым. Мұндағы əрбір бөлім машинаның жеке ақпарат 
сақтайтын құралында орналасқан;

191
·   электрондық сериялар – ортақ мағынасы, тақырыбы, мақсаттық 
бағыты бойынша біріктірілген томдардың жиынтығынан 
құралған электрондық білім беру басылымдары сериялары. 
Олар бір типте рəсімделеді.
Материалдың баяндау формасына байланысты электрондық 
білім беру басылымдарын жəне ресурстарды конвекциялық, 
бағдарланған, мəселе туғызғыш жəне аралас (əмбебап) деп бөлуге 
болады.
Конвекциялық электрондық білім беру басылымда-
ры – классикалық педогогика дəстүріне сəйкес келеді жəне 
энциклопедиялық немесе монографиялық сипатқа ие. Бұл секілді 
электрондық білім беру басылымдары оқытудың ақпараттық 
қызметін атқарады.
Бағдарланған электрондық білім беру басылымдары  «реак-
циялық ынталандыру» жүйесі бойынша оқытуға негізделген. 
Мұндай басылымның тармақталған немесе сызықты бағдар-
ламасының формалары бар. Жəне ең алдымен білім алушының 
өзіндік жұмысына бағытталған, осылайша ол алынған білімнің 
негізімен əдістерін ашады жəне оларды кəсіби шеберлікпен байла-
ныстыруды үйренеді.
Мəселелік электрондық білім беру басылымдары  проблемалы 
оқу теорияға шоғырланған жəне логикалық ойлау жүйесін дамытуға, 
білімді қабылдау құраушысын шығармашылық ынталандыруға 
бағытталған.
Аралас (əмбебап) электрондық білім беру басылымдары 
 
құрамына аталған электрондық білім беру басылымдары  түрлерінің 
жеке элементтері кіреді.
Технологиялық таралуына байланысты электрондық білім беру 
басылымдарын жəне ресурстарды былайша жіктеуге болады:
-   жергілікті электрондық білім беру басылымдары  – жергілікті 
пайдалануға арналған электрондық басылымдар. Олар 
белгілі бір мөлшерде жекедара дана (тираж) түрінде ақпарат 
тасығыштарда шығарылады;
-   желілік электрондық білім беру басылымдары – байла-
ныс желісі арқылы шексіз тұтынушыларға рұқсат берілген 
электрондық басылым;
-   аралас таралған электрондық білім беру басылымдары  – 
жергілікті жəне желілік электрондық білім беру басылымдары  
түрінде қолдануға болатын электрондық басылым.

192
Тұтынушы мен электрондық білім беру басылымдары 
 
арасындағы өзара сипатты ескере отырып, электрондық білім беру 
басылымдары мен ресурстарды детерминерленген жəне детерми-
нерленбеген деп бөледі.
Детерминерленген  электрондық білім беру басылымдары  – 
параметрлерін, мазмұнын жəне өзара əрекеттесу тəсілдерін баспагер 
анықтайтын жəне тұтынушы өзгерте алмайтын электрондық басы-
лым.
Детерминерленбеген электрондық білім беру басылымдары   –
параметрлерін, мазмұнын жəне өзара əрекеттесу тəсілдерін тікелей 
немесе балама түрде өзіндік қызығушылығы, мақсаттары, дайында-
лу деңгейі жəне т.б. сəйкес тұтынушы орнататын электрондық ба-
сылым. Барлық өзгертулерді баспагер анықтаған алгоритимдердің 
көмегімен жəне ақпараттың негізінде іске асады.
Дидактикалық потенциалының деңгейіне қарай электрондық 
білім беру басылымдары мен оларды өңдуге арналған материал-
дардың бірнеше түрлерін төрт негізгі топқа біріктіруге болады.
Бірінші топқа мəлімдемелік типтегі басылымдар жатады. Олар: 
баспа материалдары жəне олардың электрондық көшірмелері, аудио- 
жəне бейне таспалар. Əдетте баспа басылымдары оқу мəтіні жəне 
оған арналған графикалық көрнекілік, мұғалімдер мен оқушыларға 
арналған ұсыныстар, есеп жинақтары түрінде тақырыпқа сай 
теориялық материалдардан құралады. Аудио-бейне таспаларда 
сабақта оқушыларға түсіндірілген жаңа материалдар жазылады. 
Осындай басылымдардың дидактикалық мақсаты – оқу материалын 
бастапқы таныстыру жəне оны қабылдау. Ережеге сəйкес, бірінші 
топтың басылымдары түпнұсқа материалының сипатына ие болады. 
Яғни, осының салдарынан толыққанды электрондық білім беру ба-
сылымдары  əзірленеді.
Электрондық білім беру басылымдары мен ресурстарының екінші 
тобы  да мəлімдемелік типке жатады. Екінші топқа электрондық 
оқулықтар, виртуалды оқу бөлмелері жəне компьютерлік тест 
жүйелері жатқызылуы мүмкін. Бұлардың негізгі дидактикалық 
қызметі – ұғыну, білімді жадыда сақтау жəне бақылау.
Электрондық білім беру басылымдары мен ресурстарының 
үшінші тобына виртуалды жаттықтырушылар, виртуалды оқу 
зертханалары, қашықтықтан кіруге мүмкіндік беретін зертханалар 
жəне басқа да осы тектес компьютерлік жүйелер жатады. Мұндай 
жүйелердің ерекше артықшылығы олардың жұмысына зерттелетін 

193
объектілердің немесе үрдістердің математикалық моделін жəне 
зерттеуді басқару режімінде оқу тапсырмасын орындау кезінде 
білім алушыларды қолдайтын мамандандырылған интерфейсті пай-
далану болып табылады. Үшінші топтағы электрондық білім беру 
басылымдарның негізгі дидактикалық тағайындалуы – зерттелетін 
объектілердің немесе үрдістердің зерттеу қасиеттерін, іскерлігін 
жəне дағдысын, білімнің артикулярлық емес бөлігін қалыптастыру 
жəне дамыту. 
Электрондық білім беру басылымдарның төртінші то-
бын кəсіби қызметті немесе олардың оқу баламасын қолданбалы 
программа пакеті түрінде автоматтандыратын компьютерлік 
жүйелер құрайды. Оларды білім алушылар үйренетін тақырыпқа 
сай əртүрлі есептерді шешу үшін немесе білім алу барысында 
пайдалана алады. Бұл топтағы электрондық білім беру басылым-
дарды қолданған жағдайда оқу үдерісінің жұмысы еркін зерт-
теу режімінде жүреді жəне сипаты бойынша кəсіби маманның 
қызметіне ұқсайды.
Мектеп оқушыларының зерттеу жұмысы кезіндегі қашықта-
тылған бірегей стендтерде жүргізілетін тəжірибелері дəл осындай 
режімде жүзеге асады. 
Барлық электрондық білім беру басылымдар жəне ресурстар 
сапалы болуы қажет. Бұл бəрімізге де мəлім. Сонымен бірге, сапа 
ұғымы міндетті түрде талдап тексеруді талап етеді. Сапалы атағына 
ие болу үшін, ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары 
қандай талаптарға сəйкес болу керектігін нақты белгілеу керек. Көріп 
отырғанымыздай, осындай талаптарды анықтау арқылы электрондық 
білім беру басылымдары мен ресурстарының осы немесе басқа 
түрінің сапалылық деңгейін анықтау барысында сарапшылардың 
жəне қарапайым мұғалімдердің жұмысы жеңілдейді.
Басылымдар мен ресурстар сияқты оларға қойылатын талап-
тарды да бірнеше түрлі критерийлерге қатысты жіктеуге болады. 
Əдетте, барлық талаптарды басты екі топқа бөледі: электрондық 
білім беру басылымдарын қоса алғанда, білімнің деңгейіне байла-
нысты бəріне қатысы бар талаптар жəне жалпыға бірдей орта білімді 
ақпараттандыру құралдарына қойылатын ерекше талаптар. 
Бəрінен бұрын, электрондық білім беру басылымдары жəне ре-
сурстары стандартты дидактикалық талаптарға сай болуы қажет. Бұл 
талаптар оқулық, оқу жəне əдістемелік құралдар тəріздес дəстүрлі 
оқу басылымдарынан да талап етіледі. Дидактикалық талаптар оқу 

194
жүйесінің ерекше заңдылықтарына сəйкес келеді жəне сəйкесінше, 
оқудың дидактикалық принциптеріне де жауап береді. Ары қарай, 
талаптардың бірінші тобына жататын жəне электрондық білім беру 
басылымдары мен ресурстарына қойылатын дəстүрлі дидактикалық 
талаптарды қарастырамыз. 
Сандық білім беру ресурстарын пайдалану арқылы оқытудың 
ғылымилығын қамтамасыз ететін талап соңғы ғылыми жетістіктерді 
қоса есептегенде электрондық білім беру басылымдары  ұсынатын 
оқу материалдарының баяндалу мазмұны ғылыми анық па жəне 
түзетілген бе, жеткілікті тереңдетілген бе деген сұрақтарға сай 
екендігін білдіреді. Оқу жүйесінің қажеттіліктеріне сай электрондық 
білім беру басылымдары  көмегімен оқу материалын меңгеру 
үдерісі ғылыми танымның басты əдістерімен есептеліп дайында-
луы тиіс: тəжірибе жасау, салыстыру, бақылау, абстракциялау, жал-
пылау, нақтылау, баламалау, индукция жəне дедукция, саралау жəне 
сүзгілеу, моделдеу жəне жүйелік саралау. 
Оқудың қолжетімділігін қамтамасыз ететін талап теориялық 
күрделілік деңгейін жəне білім алушылардың жас жəне тұлғалық 
ерекшеліктеріне сай оқу материалдарын игеру тереңдігін анықтау 
қажеттілігін білдіреді. Ол электрондық білім беру басылымдарын 
жəне ресурстарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Оқу мате-
риалы мөлшерден тыс күрделі жəне қиын болмауы тиіс, себебі, білім 
алушылар бұл материалды игере алмайды.
Оқудың қиындылығын қамтамассыз ететін талап оқу-таным-
дық қызметтің мəні мен сипатына негізделген. Білім алушылар 
оқу жүйесінде қиын жағдайларға тап болған кезде, мəселені шешу 
барысында, оның ойлау белсенділігі артады. Осы дидактикалық 
талапты электрондық білім беру басылымдары жəне ресурс-
тар көмегімен орындау деңгейі дəстүрлі оқулықтарды жəне оқу 
құралдарын пайдаланған кездегімен салыстырғанда жоғары болуы 
мүмкін.
Оқудың көрнекілігін қамтамасыз ететін талап зерттелетін 
объектілердің, олардың үлгілерінің немесе моделдерінің жəне 
білім алушылардың оларды жеке қадағалау барысындағы сезімдік 
қабылдауын есепке алу қажеттілігін білдіреді. Көрнекілікті 
қамтамасыз ететін талап электрондық білім беру басылымдар 
мен ресурстарға пайдаланған жағдайда жаңа, ең жоғары деңгейде 
жүзеге асырылуы тиіс. Виртуалды шынайылық жүйесінің 
таралуы жақын арада оқу жүйесінің тек көрнекілігі ғана емес, со-

195
нымен қатар оның полисенсорлық болатындығы туралы айтуға 
мүмкіндік береді.
Оқудың саналылығын қамтамасыз ететін талап, яғни білім 
алушының қызметін белсендету жəне өзіндік атқару дегеніміз 
оқу қызметінің тапсырмасын жəне мақсатын нақты түсіне 
отырып, оның ішінен оқу ақпаратын саралауға арналған элек-
трондық білім беру басылымдары мен ресурстар құралды-
рымен қамтамасыз етуді білдіреді. Осылайша білім алушы 
үшін саналы мазмұн ретінде оның оқу қызметіне бағытталған 
құрам қарастырылады. Электрондық білім беру басылым-
дары  пайдалану жəне қызмет ету негізіне қызметтік тəсіл кіруі 
тиіс. Сондықтан сəйкесті басылымдар мен ресурстарда білім 
алушының қызметінің нақты моделі зерттелуі қажет. Оның 
қызметтерінің дəлелдері оқу материалының мазмұнына 
қатысты адекватты болуы керек. Оқу белсенділігін арттыру 
үшін электрондық білім беру басылымдары  бөлімшелері оқу 
жағдайларын түрлендіріп, сұрақтарды қалыптастырып, білім 
алушыға оқу жүйесінің сол немесе басқа ізін таңдауға мүм-
кіндік береді жəне болатын оқиғаны басқаруға мүмкіншілік туғызуы 
қажет. 
Оқудың жүйелілігін жəне тізбектілігін қамтамасыз ету талабы 
электрондық білім беру басылымдары мен ресурстарын пайдаланған 
жағдайда білім алушының оқу жүйесінің талаптарын кезекті түрде 
қамтамасыз етуді білдіреді. Яғни, қарастырылатын пəндік саладағы 
білім, іскерлік жəне дағды белгілі бір жүйемен логикалық негізделген 
тəртіп бойынша қалыптасуы тиіс. Ол үшін қажет:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет