Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


1.2 Білімді ақпараттандыру адамның іс-əрекеті ретінде



Pdf көрінісі
бет3/33
Дата16.04.2020
өлшемі1,08 Mb.
#62782
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
bilimdi akparattandyru


24
1.2 Білімді ақпараттандыру адамның іс-əрекеті ретінде
Сіздің қолыңызда білімді ақпараттандыру бойынша алғашқы 
оқулық. Бүкіл «білімді ақпараттандыру» саласының мазмұны сияқты, 
осы кітаптың мазмұны да ақпараттық технологиялар дамыған са-
йын, педагогикада жаңа идеялар пайда болған сайын жетілдіруді, 
ары қарай айқындауды талап ететіндігіне авторлардың сенімі мол.
Қазіргі қоғам мен оның білім саласын ақпараттандырудың 
ерекшіліктерін айтардан бұрын ақпараттандырудың тарихи алғы 
шарттарына тоқталған жөн.
Қоғамды ақпараттандырудың тарихи үдерісі өз заманында пай-
да болған жаңа технологиялардың пайда болуына байланысты 
ақпараттық революциялар тізбегі арқылы дəл сипатталады. 
Ақпаратық революция қоныстанушы халықтың белсенді бөлігі 
үшін ашық ақпараттар ауқымының артуына əкеп тірейтін ақпаратты 
жинау, өңдеу, сақтау жəне таратудың тəсілдері мен аспаптарының 
өзгеруінен тұрады.
Мұндай революциялар алтау.
Бірінші ақпараттық революция тіл мен адамның анық сөйлеуінің 
пайда болуынан тұрады.
Екінші ақпараттық революция жазудың ойлап табылуына бай-
ланысты. Бұл ойлап табу адамзат қоғамы жинақтаған ақпаратты 
сақтауды ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар оның 
шынайылығын арттырып, ақпарат таратуға бұрынғыдан да кең 
жағдай жасады.
Үшінші ақпараттық революция XV ғасырда ақпараттық 
технологиялардың алғашқыларының бірі болып саналатын кітап 
басып шығаруды ойлап табудан туындаған. Бұқаралық ақпараттың 
газеттер мен журналдар сияқты баспа құралдарының пайда болуы 
мен дамуы – осы үшінші ақпараттық революцияның нəтижесі.
Төртінші ақпараттық революция ХIХ ғасырда басталды. Ол 
кезде ақпаратты жіберу мен таратудың телеграф, телефон, радио 
жəне теледидар сияқты құралдары ойлап табылды.
Бесінші ақпараттық революция адамзат есептеу техникасын 
белсенді пайдалана бастаған кезде, XX ғасырдың ортасында өтті. ЭЕМ-
ді ғылыми ақпаратты өңдеуге қолдану адамның ақпаратты белсенді 
жəне тиімді өңдеуі бойынша мүмкіндігін түбегейлі түрде өзгертіп, 
өркениет дамуының бүкіл тарихында адам алғашқы рет интеллектуал-
ды еңбектің өнімділігін арттыруға жоғары тиімді құралға ие болды. 

25
Бүгінде біз ауқымды телекомуникациялық компьютерлік желі-
лердің пайда болуы жəне олардың мультимедиа технологиялары 
мен виртуалды шындықпен интегралдануына байланысты алтын-
шы ақпараттық революцияның куəсі болып отырмыз. 
Алты революция қоғамды өзгертті. Ақпараттандыру үдерісте-
рінің бар екендігі туралы айтуға болатындай ақпарат пен ақпарат-
тық технологиялар көз алдымызда дамуда əрі – тарауда. Ақпа-
раттандыру қоғам өмірінің барлық салаларына революциялық əсер 
жасай отырып, адамдардың өмір сүруі мен қызмет етуі жағдайларын, 
олардың мəдениетін, жүріс-тұрыс стереотипін, ойлау жүйесін 
түбегейлі өзгертуде.
Ақпараттық технологиялар саласындағы айқын прогресс 
ғылыми жəне ғылыми-көпшілік басылымдарда «ақпараттық қоғам» 
атауының пайда болуына əкелді. Кейбір ғалымдар ақпараттық қоғам 
деп ондағы өндірістің басты өнімі мағлұматтар (білім) болып та-
былатын қоғамды түсінеді. Ақпараттық қоғам статусын қоғамға 
беру өлшемі ретінде адамзат жинақтаған мағлұматтар саны сияқты 
көрсеткішті пайдаланудың жөні бар, себебі кейбір бағалаулар 
бойынша біздің эрамыздың басынан бері адамзат жинақтаған 
мағлұматтардың бірінші екі еселенуі 1750 жылға, екіншісі ХХ 
ғасырдың басына, үшіншісі 1950 жылға таман болған. 1950 жылдан 
бастап əлемдегі білімнің жалпы көлемі əр 10 жылда, 1970 жылдан 
бастап əр 5 жылда екі еселенсе, ал 1991 жылдан бастап əр жылда 
екі еселенеді. Бұл бүгінгі күнде əлемдегі білім көлемінің 250 мың 
реттен аса артқанын білдіреді.
Ақпараттық қоғамның қалыптасу тарихы ақпараттандыруға бай-
ланысты адам қызметінің жаңа түрлерінің туындауы мен дамуы та-
рихын қамтиды. Соңғы жылдары қоғамда компьютерлік техника мен 
ақпаратты өңдеу үдерістері (операторлар, программистер, жүйелі 
аналитиктер, жобалаушылар жəне т.т.) бойынша, сонымен қоса 
консультациялық, ғылыми-ақпараттық, тағы соған ұқсас қызметтер 
көрсетуге байланысты адамдардың арнайы кəсіби топтары пайда 
болды. Əлбетте, жаңа ғылыми жəне кəсіби бағыттардың пайда бо-
луы кадрлар дайындаудың арнайы, қоғамды сəйкес ақпараттандыру 
кезеңінің шынайлылығына оқытудың мазмұны ғана емес, сонымен 
қатар əдістері мен құралдары да сай болуы тиіс жүйесін талап етеді.
Қоғамды жəне оның барлық салаларын, соның біріне жататын 
білімді ақпараттандыру мəселелеріне мемлекет аса көңіл бөлуде. 
Қоғамды ақпараттандыруды дамыту үдерісіне жүйелі мемлекеттік 

26
тұрғыдан келудің қажеттігі өткен ғасырдың 90 жылдарының басын-
да көрініс ала бастаған болатын. Айталық, мысалы, 1990 жылы-ақ 
«Қоғамды ақпараттандыру тұжырымдамасы» жасалып қабылданды, 
ал «ақпараттандыру» ұғымы «компьютерлендіру» ұғымын біртіндеп 
ығыстыра отырып ғылыми, сол сияқты қоғамдық-саяси терминоло-
гияда кеңінен пайдалана бастады.
«Ақпараттандыру» ұғымының біршама кеңірек анықтамасын ака-
демик А. П. Ершов өз жариялымдарында берді. Ол, «ақпараттандыру 
– адамзат қызметінің барлық қоғамдық елеулі түрлеріндегі шынайы, 
жеткілікті жəне уақтылы білімді толық пайдалануды қамтамасыз ету-
ге бағытталған шаралар кешені» деп жазды. Оның үстіне А. П. Ер-
шов ақпарат «қоғамның табысты даму қабілеттілігіне көп жағынан 
алғы шарт жасайтын, тұтас алғанда, оның стратегиялық ресурсы» 
болып табылатындығын атап өтті. Сол сияқты, ЮНЕСКО-ның 
ұйғарымы бойынша да, ақпараттандыру – бұл мағлұматтардың 
(білімнің) барын жүйеге келтіріп, жаңасын қалыптастыруды, со-
нымен қоса, оларды қоғамды ағымдық басқару жəне ары қарай 
жетілдіру мен дамыту үшін пайдалануды қаматамасыз ететін 
ақпаратты жинақтау, сақтау мен тарату əдістері мен жолдарын кең 
көлемде қолдану.
Əрине, бір жағынан осы айтылған екі анықтама бір-біріне қара-
ма-қайшы емес, ал басқа жағынан адамзат қызметінің бір саласы 
болып табылатын білім саласын ақпараттандыруды да анықтайды. 
Сонымен, «білімді ақпараттандыру» ұғымын осы екі анықтаманы 
ыңғайластыру арқылы енгізуге болады.
Білімді ақпараттандыру оқыту мен тəрбиелеудің психоло-
гиялық-педагогикалық мақсаттарына жету үшін білім саласын-
да мағлұматтардың (білімнің) барын жүйеге келтіріп, жаңасын 
қалыптастыруды қамтамасыз ететін ақпаратты жинақтау, сақтау 
жəне тарату технологиялары мен құралдарын қолдануға бағытталған 
адамзат қызметінің ғылыми-практикалық саласын білдіреді. 
Ақпаратық технологияларды қазіргі білім жүйесінің əр түрлі са-
ласына ендіру барынша ауқымды жəне кешенді сипат алуда. 
Білімді ақпараттандырудың екі стратегиялық мақсатқа жетуді 
қамтамасыз ететіндігін еске сақтау маңызды. Біріншісі, ақпараттық 
жəне телекомуникациялық технологияларды пайдалану негізінде 
білім қызметінің барлық түрлерінің тиімділігін арттырудан тұрса, ал 
екіншісі, ақпараттық қоғам талаптарына сай, ойлауы жаңа түрдегі 
мамандарды дайындаудың сапасын арттырудан тұрады. 

27
Тарихи тұрғыдан білімді ақпараттандыру екі негізгі бағытта – 
басқарылатын жəне басқарылмайтын бағытта жүзеге асырылады.
Басқарылатын білімді ақпараттандыру ұйымдастырылған 
үдеріс сипатты болып, материалдық ресурстармен сүйемелденеді. 
Оның негізін көпшілікпен мойындалып негізделген тұжырымдар 
мен программалар құрайды. 
Басқарылмайтын білімді ақпараттандыру білім жүйесінің 
қызметкерлерінің бастамасымен төменнен жүзеге асырылып, білім 
қызметінің жəне пəндік облыстардың ең көкейкесті салаларын 
қамтиды.
Білімді ақпараттандыру, білімді ақпараттандыру құралдары 
деп аталатын, арнайы жасалынған компьютерлік аппараттық жəне 
программалық құралдарды қолданусыз іс жүзінде мүмкін емес.
Білімді ақпараттандыру құралдары деп компьютерлік 
аппараттық жəне программалық жабдықтарды, сонымен қоса, 
білімді ақпараттандыру мақсаттарына жету үшін пайдалынатын 
олардың мазмұндық толықтырмасын айтады.
Тек қана білімді ақпарататтандыру құралдарын пайдалану 
ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды білім беру 
саласында толыққанды қолдану үшін жеткіліксіз. Іс жүзінде мұндай 
құралдар білімді ақпараттандырудың идеологиялық негізімен, со-
нымен қоса, ақпараттандыру мақсаттарына жету үшін қатысулары 
қажетті əр түрлі білімдер саласы мамандарының қызметімен міндетті 
түрде толықтырылуы тиіс.
Білімді ақпараттандыру, оның іске асырылу бағытына тəуелсіз, 
бүкіл білім жүйесінің қызмет етуіне, асыра айтылды демей, сонымен 
қоса, бүкіл қоғам өміріне де бүтіндей əсер ететін адам қызметінің 
кең, көп қырлы саласы болып табылады.
Білімді ақпараттандыру дəстүрлі информатика оқу курсын, 
басқа пəндерді оқытуда қолданылатын ақпараттандыру əдістерін, 
технологиялары мен құралдарын қайта қарастыруды талап етеді. 
Информатиканың əдістері мен құралдары көмегімен болашақ ма-
ман қандай ақпараттық ресурстар, олар қай жерде бар, оларға кіру 
мүмкіндігі қалай жəне оларды өзінің кəсіби қызметінің тиімділігін 
арттыру мақсаттарына қалай пайдалануына болады деген сұрақтарға 
жауап алуды үйренуі тиіс. 
Əр мектептің, жеке алынған университеттің, колледж бен 
институт қызметін ақпараттандыру өзінше ерекше мəселе болып та-
былады.

28
Нақты оқу орнын ақпараттандыру қазіргі білім беру мекемесі 
қызметінің түгелдей барлық түрлеріндегі ақпаратты өңдеу 
тиімділігін арттыру үшін ақпараттық технологиялар құралдарын 
қолдануға бағытталған шаралар кешенінен тұрады.
Өкінішке орай, білімді ақпараттандыру ретінде көбінесе 
ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды оқу 
үдерісіне ендіру түсініледі. Бұл, шын мəнінде, мамандар дайындаудың 
сапасын арттыруға айқын əсер ететін білімді ақпараттандырудың 
маңызды бағыты. Бірақ білімді ақпараттандыруды зерттей оты-
рып, оқу үдерісінің өзі негізгі бола тұра, қазіргі кезде əр түрлі 
ақпараттық технологиялардың жаппай ендірілуі жүріп жатқан білім 
беру мекемесі қызметінің жалғыз ғана саласы еместігін түсіну 
маңызды. Дербес жағдайда, білімді ақпараттандырудың ерекше 
тəсілдері мен құралдары оқыту нəтижелерін бақылау мен өлшеуді 
ақпараттандыру кезінде қажет. Осыған орай, мамандар квалифи-
кациясын анықтауға, жоғары оқу орнының студенттер котингентін 
іріктеп қалыптастыруға байланысты үдерістердің бəрінен де көп 
ақпараттандырылғанын ескерген жөн. Ғылыми жəне ғылыми-
əдістемелік зерттеулер жүргізу, іс жүзінде, əр оқу орны қызметінің 
бөлінбес бөлігі болып табылады. Ақпараттық жəне телқатынастық 
технологияларды пайдалану, олардың деңгейін тек сапалы түрде 
көтеріп қана қоймай, сонымен қатар бітірушілер кəсіпкерлігінің 
артуына да əсер ететіндігі баршаға мəлім. Ақпараттық технология-
лар мектеп оқушылары мен студенттердің сабақтан тыс қызметінің 
тиімділігін елеулі арттыруға да бейім. Педагогтар мен оқушылар 
жағынан дəстүрлі жағдайда тиісті көңіл аударыла қоймаған бұл сала 
толыққанды білімді ақпараттандыру жағдайында өте жиі алға шыға 
бастады. 
Оқу орындарының көбісі білім қызметінің əр түрлі бағыттарын 
басқаруды ұйымдастыруда көңіл қоюды талап ететін қиындықтарға 
кездесуде. Бұл, мектеп пен жоғары оқу орындарының педагогтары мен 
əкімшіліктерінің уақыты тапшылығынан, артық жүктелуінен, білім 
саласында нормалық-құқылық базаның жиі өзгеруінен, ақпаратпен 
бір орталықтан қамтамасыз етудің жоқтығынан, мамандықтар 
номенклатурасының кеңеюінен, өзінің жоспарлау-қаржы қызметін 
ендіру қажеттігінен, оқу орындарына жоғары дəрежелі мамандығы 
бар мамандарды тарту күрделілігінен жəне т.т. туындаған. 
Ақпараттық технологияларды пайдалану əкімшілік қызметтің 
жақсаруына, басқарудағы жəне ғылыми зерттеулерді қолдауға, 

29
оқу үдерісі шеңберін кеңейтуге, оқушылардың дербес қызметінің 
тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл кездейсоқ емес, 
өйткені оқу үдерсін басқару процедурасы (оқу жұмыстарын орын-
дауды жоспарлау, ұйымдастыру, есепке алу, оқу үдерісінің сапа-
сы мен тиімділігін талдау) көп еңбек сіңіруді қажет етудің жоғары 
дəрежесімен, біртектес іс-əрекеттердің қайталанатындығымен, 
ақпараттың үлкен көлемімен, қате жіберу қауіпінің жоғары 
дəрежесімен ерекшеленеді. 
Білімді ақпараттандыру ақпараттық жəне телекомуникациялық 
технологиялардың білім мақсатындағы құралдарын жасау, са-
раптау мен қолданудың ғылыми негіздерін қамтиды. Бұл салада 
əлі шешілмеген мəселелер көп. Бұларға осы құралдардың оқу 
үдерісінің шынайлылығына сайлылығы, ғылыми деңгейін, 
ақпараттандыру құралдары мазмұнының мəндік жəне стилисти-
калық мəдениетін көтеру, мектеп пен жоғары оқу орнының əр 
түрлі қызмет саласында іске қосылған білімді ақпараттанды-
рудың жекелеген құралдары арасында интерфейстік, технологиялық 
жəне ақпаратық байланыстың қажеттілігі мəселелерін жатқызуға бо-
лады.
Білімді ақпараттандырудың тағы бір бағыты білімді 
ақпараттандыру технологиялары мен құралдарын жасау мен 
қолдану бойынша мамандандырылған мамандар дайындау болып 
табылады. 
Осылардан басқа білімді ақпараттандыруға тағы күндізгі 
жəне қашықтан оқытуда ақпараттандыру құралдарын пайдала-
ну əдістерін, виртуалды оқу орындары қызметтерінің ерекшілік-
терін, мектеп пен жоғары оқу орындарының ата-аналармен, 
жұртшылықпен əрекеттестігіне ақпараттық технологияларды 
қолдану мəселелерін, сол сияқты басқа да көптеген мəселелерді 
жатқызуға болады. 
Екшей келгенде, білімді ақпарттандыру бұл тағы педагогтарды 
дайындау мен қайта дайындау жүйесінің бөлігі болып табылатын 
оқу пəні екендігін де ұмытпаған абзал. Бұл пəннің алдына жеткілікті 
кең мақсаттар, оның ішінде:
1. Ақпараттық жəне қатынастық технологияларды білім сала-
сында пайдаланудың жағымды қырларымен педагогтарды 
таныстыру;
2. Білімді ақпараттандырудың ақпараттық қоғамдағы рөлі мен 
орны туралы түсінік қалыптастыру;

30
3. Білімді ақпараттандырудың техникалық құралдарының түрлік 
құрамы мен оларды тиімді қолдану аясы туралы түсінік 
қалыптастыру;
4. Білім саласын ақпарат құру, өңдеу, өрнектеу, сақтау жəне тарату 
технологияларының түрлік құрамы мен оларды тиімді қолдану 
аясы туралы түсінік қалыптастыру;
5. Оқу орнындағы оқу үдерісінің талаптарына, оқыту нəтижеле-
рін бақылау мен өлшеуге, оқудан тыс, ғылыми-зерттеу жəне 
ұйымдастыру-басқару қызметтеріне сай ақпараттандырудың 
жалпы əдістерімен таныстыру;
6. Білімді ақпараттандыру құралдарына қойылатын талаптар, 
олардың сапасын бағалайтын негізгі принциптері мен əдістері 
туралы мағлұматтар қалыптастыру;
7. Педагогтарға жалпы білім беру саласында, оның ішінде, кəсіптік 
қызметтің нақты саласында да ақпараттандыру құралдарын іс 
жүзінде пайдаланудың стратегиясын үйрету; 
8. Педагогтарды ақпараттық білім ортасын қалыптастыру мен 
ендіруге қатысуының орнықты мотивациясына (қызығушы-
лығына) төселдіру; 
9. Білімді ақпараттандырудың қалыптасып келе жатқан тіліне 
үйрету;
10. Педагогтарға қазіргі дүниедегі ақпараттық технология-
лардың рөлі мен орнын оқушыларға түсіндірудің қосымша 
мүмкіндігін беру;
11. Өз кəсіптік қызметінде ақпараттық құралдарды пайдалану 
аясындағы əр түрлі педагогтардың мүмкіндіктерін теңестіру 
тұр.
Келтірілген мақсаттар көп жағынан білімді ақпараттандыруды 
оқытудың мазмұнын, демек осы кітаптың құрылымы мен негізгі 
мазмұнын да анықтайды. 
1.3 Білімді ақпараттандырудың жағымды қырлары
Білімді ақпараттандыру құралдарын білім қызметі саласының 
қайсысын да болмасын пайдалану əр қашан дұрыс болатындай 
əсер қалдыруы мүмкін. Айтары жоқ, көп жағдайда бұл тура 
осылай. Сонымен бірге білімді ақпараттандырудың бір қатар 
теріс қырлары да бар. Əр педагогтың білімді ақпараттан-

31
дырудың жағымды факторларын біліп, практикалық жұмыста 
ескеруі қажет. 
Мамандар дайындау жүйесінде ақпараттық технология-
лар құралдарын пайдалану оқу орнының педагогикалық жəне 
ұйымдастырушылық қызметінің келесі: 
·   білім мазмұнын іріктеу мен қалыптастыру əдістері мен техно-
логияларын жетілдіру;
·  информатика мен ақпараттық технологияларға байланыс-
ты оқытудың жаңа арнайы оқу пəндері мен бағыттарын ендіріп 
дамыту;
·   информатикаға тікелей байланысты емес дəстүрлі пəндердің 
көбісін оқытуға өзгеріс енгізу;
·  оқыту тиімділігін оның дараландырылуы мен сараландыры-
луы деңгейін өсіру, қосымша мотивациялық (қызығушылық) 
тетіктерін пайдалану арқылы арттыру;
·  оқу үдерісінде əрекеттістіктің жаңа түрлерін ұйымдас-
тырып, оқытушы мен оқушы қызметінің мазмұны мен сипатын 
өзгерту;
·   білім жүйесін басқарудың механизмдерін жетілдірудің елеулі 
мүмкіндіктерімен байытылуына əкеп тірейді.
Білімді ақпараттандыру үдерісі, пəндік салалар мен қоршайтын 
ортаның заңдылықтарын танудың интегралдық беталысын 
қолдай отырып, оқушы тұлғасының дамуы үшін ақпараттық 
технологиялардың зор мүмкіндігін пайдалануға тəсіл-амалдар 
жасауды көкейесті етеді. Бұл үдеріс оқушының белсенділігі мен 
пəрменділігінің деңгейін арттырып, балама ойлау, оқу есептерінің, 
сол сияқты практикалық есептердің де шешімін іздеу стратегиясын 
жете зерттеу дағдыларын қалыптастыру қабілеттіліктерін дамыта-
ды, зерттеліп отырған нысандарды, құбылыстарды, үдерістер мен 
олардың арасындағы əрекеттестікті моделдеу негізінде қабылданған 
шешімдердің жүзеге асырылуы нəтижелерін болжауға мүмкіндік 
береді. 
Білімді ақпараттандырудың оң жақтары тек осы аталған-
дар ғана емес. Нақтылы ақпараттық технологиялар мен 
білімді ақпараттандыру салаларын оқу барысында ақпарат-
тандырудың басқа да көптеген «жағымды жақтарыі» сипатталатын 
болады. 
Білімді ақпараттандырудың қазіргі құралдарын оқытудың барлық 
түрлеріне пайдалану теріс зардаптарға келтіруі мүмкін.

32
Атап айтқанда, ақпараттандыру құралдарын пайдаланып 
оқытудың артықшылықтарының бірі оқытуды дараландыру деп 
жиі атайды. Бірақ бұл жерде артықшылықтармен қатар, жаппай 
дараландыруға байланысты ірі кемшіліктер де бар. Дараландыру 
оқу үдерісіндегі оқытушы мен оқушының, оқушылардың онсызда 
шектеулі өзара көзбе-көз қарым-қатынасын, оларға «компьютермен 
диалог» түріндегі қарым-қатынасты ұсына отырып, көп төмендетеді. 
Бұл ауызба-ауыз сөйлесуді белсене пайдаланатын оқушыны білімді 
ақпараттандыру құралдарымен жұмыс істеу кезінде, қашықтан 
оқитын студенттерге ерекше тəн, ұзақ сөйлемейтін етеді. Адам ойын 
объективтендіру мүшесі – тіл өшіріліп, оқытудың көп жылдары 
бойы қозғалыссыз қалады. Оқытушы диалогтық қарым-қатынастың, 
кəсіптік тілде ой қалыптастыру мен тұжырымдаудың жеткілікті 
практикасын ала алмайды.
Ақпараттандыру құралдарын білім берудің барлық түрлерінде 
жаппай пайдаланудың тағы бір елеулі кемшілігі əлеуметтік 
байланыстардың тежелуі, əлеуметтік өзара əсер мен қарым-қатынас 
практикасының қысқаруы, дарашылық болып табылады. 
Оқыту жүйесінде таралатын ақпараттан өзіндік кəсіби əрекетке, 
басқаша айтқанда, оқулық беттерінде, дисплей экранында жəне т.б. 
білімді келтірудің түрлері ретіндегі таңбалық жүйеден, қисыны 
таңбалар жүйесін ұйымдастыру қисынына қарағанда бүтіндей 
басқа, практикалық əрекеттер жүйесіне көшу ең көп қиындық ту-
дырады. Бұл білімді практикада қолданудың, формалдық білімнің 
классикалық мəселесі, ал психология тілінде – ойдан əрекетке көшу 
мəселесі. 
Педагогтар мен оқушыларға ақпаратты іздеу мен пайдала-
нуда елеулі еркіндік беретін білімді ақпаратандырудың қазіргі 
құралдарын қолдану нəтижесінде кейбір қиындықтар мен 
теріс кезеңдер туындауы мүмкін. Бұл жағдайда кейбір педа-
гогтар мен оқушылар қазіргі телекомуникациялық құралдар 
беретін еркіндікті пайдалануға көбінесе қабілетсіз. Көбіне, 
мағлұматтарды келтірудің шатысқан күрделі тəсілдері, əр 
түрлі сəйкессіздіктерге байланысты, оқып отырған материал-
дан оқушының алаңдауының себебі болуы мүмкін. Оның үстіне, 
ақпараттың сызықтық емес құрылымы оқушыларды ұсынылған 
сілтемелер бойынша жүруге «еліте» жетелейді, ал бұл, олақ пайда-
лану жағдайында, оқу материалдарын мазмұндаудың негізгі арнасы-
нан алаңдатуы мүмкін. 

33
Кейбір ақпараттандыру құралдары, электрондық анықта-
малықтар, энциклопедиялар, Интернет-порталдар беретін ақпарат-
тың орасан зор көлемі де оқу үдерісінде назарды алаңдаттыруы 
мүмкін.
Оның үстіне, адамның уақытша жадысының мүмкіндіктері өте 
шектеулі. Əдетте, қарапайым адам тек əр түрлі жеті ойланылатын 
категорияларды сенімді түрде еске сақтап, бір уақытта амалдар 
қолдануға қабілетті. Оқушыға əр алуан түрлі ақпаратты бір уақытта 
демонстрация жасаған кезде ол маңызды ақпаратты жіберіп алып, 
басқаларын қадағалау үшін ақпараттың бір түрлерінен алаңдайтын 
жағдай тууы мүмкін. 
Көп жағдайларда білімді ақпараттандыру құралдарын пайда-
лану оқушыларды нақтылы тəжірибелерді өз қолымен жүргізу 
мүмкіндіктерінен жөнсіз айырады, ал мұның оқыту нəтижелеріне 
теріс əсер ететіні сөссіз. 
Сонымен, ақпараттандыру құралдарының көпшілігін шама-
дан тыс жəне жөнсіз пайдалану оқу үдерісіне қатысушылардың 
барлығының денсаулықтарына теріс əсер ететіндігі туралы ұмытпау 
керек.
1.4 Қоғамды ақпараттандырудың білімді 
ақпараттандыруға əсері
Білімді ақпараттандырудың екі негізгі мақсаты бар. Біріншісі 
– білім қызметінің барлық түрлерінің тиімділігін арттыру. Ол ту-
ралы айтылған, əлі бірнеше рет айтылады да. Оқулықтың осы 
тақырыбының мазмұны ақпараттық қоғамда адамды өмірге 
қатыстырудан, ақпараттық технологияларды кəсіби қызмет пен 
күнделікті өмірге пайдаланудан тұратын білімді ақпаратандырудың 
екінші мақсатына байланысты.
Қазіргі қоғамның өз дамуының ақпараттық дəуіріне көшуі 
болашақ маманның ақпараттық мəдениетінің негіздерін 
қалыптастыру міндетін білім жүйесінің алдында тұрған негізгі 
міндеттердің бірі ретінде алға қояды. Қоғамның ақпараттандыру тех-
нологиялары мен құралдары арсеналын игерген білікті мамандарға 
деген мұқтаждығы білім беру саясатының басты қозғаушы күшіне 
айналуда. 

34
Қазіргі ақпараттық қоғам мүшесінің ақпараттық мəдениетін 
адамның кəсіби жəне жалпы мəдениетінің, осылармен ортақ кате-
гориялармен (ойлау, жүріс-тұрыс, қарым-қатынас жасау, қызмет 
мəдениеті) байланысқан жəне мəндері 1-кестеде келтірілген бірнеше 
өзара байланысты құрамдық элементтерден тұратын, біршама 
бүтіндей ішкі жүйесі ретінде қарастыруға болады.
1-кесте. Ақпараттық қоғам мүшесінің ақпараттық мəдениетінің 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет