Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет23/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik
қарапайым саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі, қарапайым саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі, Психологиялық-педагогикалық диагностика әдістері, Новый DOCX [A1] - 21:11:2023 12:21:18
Қиял-ғажайып 
ертегілерінде 
қиял тудырған неше алуан жан иелері 
кӛрінеді. Жалмауыз кемпір, мыстан кемпір, жезтырнақ, 
айдаһар, жалғыз кӛзді дәу, алып қара құс, тұлпар ат, алтын 
шашты қыз т.б. қатысады. Қиял-ғажайып ертегілерінің тіл 
кестесі, сӛздік құрамы, жалпы әңгімелену ерекшеліктері 
ӛзгеше. Ертегі «баяғы ӛткен заманда», «ерте, ерте ерте екен, 
ешкі жүні бӛрте екен, қырғауылы қызыл екен, құйрық жүні 
ұзын екен», «есте жоқ ерте заманда» деп басталады да, 
«барша мұратына жетіпті», «барша мұрат басына жетіпті», 
«бақытты ұзақ ӛмір сүріп, мұраттарына жеткен екен» деп 
аяқталады. Қиял-ғажайып ертегісінде басты кейіпкер аса 
қатерлі 
жаумен(жалмауыз 
кемпір, 
мыстан 
кемпір, 
жезтырнақ, айдаһар, жалғыз кӛзді дәу т.б.) алысады. 
Ертегіде қажыр-қайрат, қимыл-әрекет адамының қуатына 
сену бар. Олар - Ер Тӛстік, Кер құла атты Кендебай сияқты 
ӛз ақыл-ой, қажыр-қайратына сүйенген жандар. Бас 
қаһарманға кӛмек кӛрсететіндер - ай десе аузы бар, күн десе 
кӛзі бар ару қыздар(Күн астындағы Күнікей қыз, Ай 
астындағы Айбарша т.б.), таусоғар, кӛлжұтар, желаяқ, 
саққұлақ сияқты ғажайып жан иелері, алып қара құс, тұлпар 
ат т.б. Сиқырлы қазан, алтын сақина, айна, дастарқан, 
кездік, тоқпақ, семсер сияқты заттар да қаһарман керегіне 
әрекет етеді. Қиял-ғажайып ертегілерінде тұрақты сӛз 
тіркестері мен қолданыстары жиі кездеседі. Қимыл-әрекетті 
жылдамдату, тездету мақсатында «заманды күндер 
болғанда», «күндердің күнінде», «қотыр тай ұстағанда 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


51 
құнан, жүгендегенде дӛнен, ерттеп мінгенде бесті ат 
болады», қиын-қыстау күн туғанда «маңдайы тасқа тиіп
табаны жерге тиіп», «ұшқан құстың қанаты күйеді, жүрген 
аңның тұяғы күйеді», «қара құсқа қоң етін кесіп береді» 
т.с.с. тіркес сӛздер молынан ұшырасады. Қиял-ғажайып 
ертегілері фольклордың басқа жанрларының кӛптеген 
стилистикалық әдіс-тәсілдерін ӛз бойына жинақтаған. Қиял-
ғажайып ертегісіндегі айрықша сӛздік үлгілер оны ӛзге 
ертегілер қатарынан бӛлекше етіп кӛрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет