Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этика-



бет82/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этика-
сы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энци- клопедия. – Алматы: Раритет, 2007.


АСҚАҚТЫҚ – жоғары құндылығымен адамды шаттық сезімге бөлейтін, бірақ өзінің орасан зор күшімен және аумақтылығымен адамның


82

оны қабылдау мүмкіндіктерінен асып түсетін, болашақ мүмкіндіктері зор нәрселер мен құбылыстардың эстетикалық құндылығын білдіретін кате- гория. Осы игерілмеген, кейде шамасынан тыс қатерлі күштердің алдында тұлға еріксіз болып келеді. Егер әсемдік еркіндік саласына жатса, онда А. адамның салыстырмалы тәуелділік аймағында қалып қояды. Бұл жағынан А. әрекет етіп отырған объектінің қабылдаушы субъектіден басымды- лығын білдіреді. Табиғаттың орасан зор немесе пәрменді құбылыстары, тарихи төңкерістер, тұлғалардың жанқиярлық рухани немесе әлеуметтік ерліктері мен ауқымды шығармашылығы адамдағы А-тың объективті бастауларына жатады. А. күнделікті өмірдің әдетті жүрісіне ретсіздік әкелуі мүмкін. Бұл шұғыл өзгерістер адамда кеңеттен пайда болған шаттану немесе тылсымдық үрейлену туғыза алады. Адам толық меңгергеннен кейін А. әсемдікке айналады. Өнерде А. аумақты, көтеріңкі (пафостық), монументалдық туындыларда анық көрініс табады. Өнер тарихында А. мәселесі алғашқы рет антикалық мәдениетте шешендік өнердің тартым- дылығы мен көтеріңкілігіне байланысты қойылды (Цецилий – I ғ). Псевдо- Лонгин «А. туралы» деген трактатында оны эстетикалық категория түрінде қарастырады. Жаңа заман эстетикасында әсемдік пен А-тың ара- сындағы айырмашылықтарға басты назар аударылады. Шиллер А-тың математикалық (аумақ, көлем, сан) және динамикалық (сапа, серпін, күш, әсер) бастауларын атап өтеді. ХХ ғ. эстетикасында А. көркем мәдениеттің басты құндылықтарының біріне айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет