АБСОЛЮТТІК ИДЕАЛИЗМ – идеализмнің негізгі түрлерінің бірі. Рухтың алғашқылығын және материяның одан кейінгілігін, туындылығын мойындай отырып А.и. субъективті идеализм сияқты дүниедегі барлық нәрселердің негізі жеке, адамдық сана деп емес, қайдағы бір объективті о дүниелік сана – «абсолютті рух», «дүниежүзілік парасат» және т.с. деп біледі. Ойды материалдық заттармен салыстырғанда алғашқы деп қарас- тырып, А.и. олардың арасындағы шын мәніндегі байланыстарды түсіндіруде метафизикалық танымға келіп соғады. Мысалы, Платон жалпы ғылымдар- ды «идеялар дүниесінде» мәңгі өмір сүреді, ал материалдық заттар осы идеялардың солғын көлеңкесі деп есептеген. Гегельдің «абсолютті рухы», шын мәнінде, материядан бөлек алынған, оған қарама қарсы қойылған, абсолюттендірілген ұғымнан басқа ештеңе де емес. А.и. дәл ұғына білудің кейбір жақтарын абсолюттендірумен қатар «парасатсыз жетілгендікті» де бастапқы негіз ретінде мойындайды (Шопенгауэр, Э. Гартман). Қазіргі заманғы Батыс философиясында А. и. персонализм және басқа да мектептер түрінде көрінеді. А.и. әдетте теологиямен бірігіп кетеді де, діннің өзіндік бағыт алған философиялық негізі болып кетеді.
Әдебиет: Философиялық энциклопедиялық сөздік. – М., 1983.
АБСТРАКТІЛІК ПЕН НАҚТЫЛЫҚ – Гегель бұл терминдерді бір- біріне әрі қарама-қарсы, әрі ажырамас бірлікте қараған. Оның пайымдауын- ша абстрактілік те, нақтылық та, ең алдымен, болмыста болатын қасиет және соған байланысты ойлау жүйесіне де тән ұғым. Гегельдің пайымдауынша, нақтылық сан алуандықтың бірлігі, тұтастығы. Оның мағынасы: әрбір жеке зат, процесс, құбылыс – тұтас нәрсе, олардың әрқайсысы көптеген қасиет- тердің, белгілердің, қатынастардың іштей байланысқан бірлігі, оқшаулан- ған түйіні. Тұтастық не бірлік кездейсоқ, бір-біріне селқос нәрселердің жиынтығы емес, бірінен-бірі туындайтын нәрселердің бірлігі. Осындай табиғаты бір, бірақ әр түрлі құбылыстардың дербес тұтастығын нақтылық дейміз. Мысалы, Жер басқа аспан денелерінен біршама дербес, нақты тұтастық, адамдар қоғамы, ондағы әрбір халық, мемлекет т. б. дүниелерден қаншалықты тәуелсіз, дербес болса да, олар сол шеңберде өзіндік іштей байланысқа құрылған. Үлкен тұтастық ішінде олар қанша түрге бөлінсе де, жалпы табиғаты бір. Яғни, Н. тұтастықтан бөліп алған жеке қасиет бола
10
алмайды, себебі ол іштей дербестікке ие емес, сондықтан да басқа дүние- мен өз дербестігі негізінде қатынас жасай алмайды. А. осындай дербес тұтастықтың ажырамас бір жағы, қасиеті, белгісі т. б. Бұл сондықтан да қарапайымдылық, жетілмегендік, сыңаржақтылық ұғымдарымен барабар. Бірақ өмірдің өзінде А. құбылыстар, формалар, қатынастар болады. Өмір- дің өзіндегі осындай жалған көріністер адамға А. қайсы, Н. қайсы екенін ажыратқыза бермейді. Алдамшы көріністермен адастырып бағады. Эмпири- калық логиканың (Локк, т. б.) А. п. Н. туралы тұжырымы тап осы өмірдегі жалған көріністің көшірмесі. Олар да құбылыстарға тән бір ортақ қасиетті бөліп алып, олардың барлығының шын табиғаты осы деп түсіндіреді. Бұл адасушылықтың әлеуметтік негізі бар. Сондықтан да оны жөніне келтіру өте қиын. Төңкерілген дүниенің төңкерілген санасын орнына келтіру үшін дүниенің өзін аяғына тұрғызу қажет. Бірақ оны түсіну үшін бұл міндетті емес. Әдебиет: Философиялық сөздік. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996.
Достарыңызбен бөлісу: |