Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы



бет80/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы: Раритет, 2007.


104


ӘДЕТ – қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына, тұрмыс-тіршілігіне қойылатын бұлжымас қағидаларға айналған моральдық талаптар, жөн- жосық, жол-жоралғы. Ислам дінін тұтынатын халықтарда шариғатқа қосымша ретінде қолданылады. Ә-тің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік нормаларына сәйкес ретке келтіріп отырумен байланысты. Келесі бір мағынасында Ә. адамның күнбе-күнгі тіршілік қажетіне байланысты қалыптасқан тұрақты мінез, іс-қимыл ерекшелікте- рін білдіреді. Қазақта «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деген қанатты сөз бар. Оң мағынасында Ә. күнделікті өмірде қолданылатын ой тізбектері мен іс-қимыл реттілігін ұтымды, дайындықсыз, қалыптасқан түрде жүзеге асыруға себебін тигізеді. Бұл сипатта Ә. саналы пайымнан гөрі адамның бейсаналық, тылсымдық қатпарларынан бастау алып отырады. Жағымды Ә. қоғамдағы тұлғааралық және топаралық үйлесімдік пен ынтымақтастықты арттырудың құралы іспеттес және тұлғаны қайталанылатын шешімдерден босатып, оның әрекетін күрделі мәселелерді шешуге бағыттайды. Қылық пен мінез-құлықтағы теріс Ә. адамдық қауымдастық мәдениетіне кері әсерін тигізіп, тұлғалардың берекесін кетіріп және оғаш қылықтарымен өзінің де абыройы мен қадір-қасиетін төмендетеді. Жүріс-тұрыс мәдениет- тілігін күнделікті өмірде дәйекті қолдану қазіргі өркениеттіліктің маңызды талабына айналып отыр.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы
мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энцикло- педия. – Алматы: Раритет, 2007.


ӘДІЛДІК, әділеттілік – құқықтық мәдениетте адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың белгілі бір моральдік тәртібін анықтайтын прин- цип, адамның қоғам алдында ғана емес, сонымен бірге қоғамның тұлға үшін де жауаптылығын көрсететін, адамдардың өмірінің заңдылығы мен сана- лылығын білдіретін әлеум.-этикалық категория. Ә. – ізгіліктің ірге тасы. Ә. уақыт ағынында өзгеріп отырады. Оның алғашқы түріне көне қоғамдағы
«жазалаушы әділеттілік» деген жатады. «Қанға қан, жанға жан», талион, кек алу принциптері ілкі санада Ә. саналды. Қылмыс пен жаза, әрекет пен айыптау мәселелері Ә.-тің осы түсінігімен түбірлес. Қоғамдағы меншіктік қатынастардың қалыптасуына байланысты жазалаушы Ә-тің орнына оны тепе-теңдік тұрғыдан түсіну алдыңғы қатарға шықты. Қоғамдық байлықты барлығына бірдей үлестіру идеясы Ә. талабына айналды. Бұл ұран желеуімен талай қантөгістер, төңкерістер, бүліктер жүріп жатты. Әлеум. әділеттілікті орнатамыз деген желеумен бір ғасырға жуық коммунистік идеялар өз халықтарын тоқырауға әкелді. Соц. қоғам «байлық – бұл әділетсіздік, ол кісіні аздырады, адам неғұрылым кедей болса, оның руханилығы жоғарылай түседі» деген жаңсақ пікірді негіздеді. Шын мәнісінде, қабілеті мен білігі тең емес адамдарға мүлікті бірдей үлестіріп беру әділетсіздіктің
105

айқын көрінісіне жатады. Мұндай түсінік әлеум. енжарлыққа әкеп соғады. Алайда әлеум. теңдік – өркениетті қоғам құрудың басты шарты. Адамдар құдай алдында, әдеп, құқық, заң алдында тең және бірдей мүмкіндікке ие. Нарықтық қоғамда «мүмкіндіктер теңдігі мен әділеттілігі» деген өмірлік принципі кең етек жайған. Қоғамдық қатынастар әрбір адамның өзіндік мақсатына жету мүмкіндіктерін шектемеуі керек. Ә-тің басты өлшемі – адам құқықтары теңдігінің жүзеге асуы, нәтижелер теңдігінің жүзеге асуы.


«Нәтижелер теңдігі» қоғамдық байлықты өмірде табысқа жете алмаған адамдардың пайдасына қайта бөлуге әкеледі. Бұл экономикалық даму ынталылығын азайтады. Мыс., дәрігер мен санитардың, профессор мен ассистенттің еңбегін тең бағалау әділетсіздікке жатады. Алайда қоғам мүліктік теңсіздікті тым тереңдетіп жібермеуге тырысуы қажет. Қоғам үшін пауперлер мен люмпендердің, кедей адамдардың қатары көбеюі қымбатқа түседі. Ол қоғамдық ынтамақтастық пен тұрақтылыққа кері әсерін тигізеді.
Қазақтың дәстүрлі әдебі Ә-ті биліктің басты сипаттамасы ретінде алады. Әділ билік ақын-жырауларда әрі мәдени, әрі әдептік, әрі құқықтық феномен ретінде суреттеледі. Қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі әдептік және құқықтық бастаулардың синкретизмі тек күнделікті қолданыста емес, сонымен бірге ғылыми әдебиетте оларды ажыратпай пайдалануға әкеледі. Бір мысал келтірейік. Әдеп және құқықтық реттеу тетіктерінің мызғымас бірлігі қазақтар арасында мәдени синкретизмге де негіз болады. Ол тек рулық-тайпалық қатынастармен шектелмей, сонымен бірге қоғамдық тұтастықтың элементтері болып табылатын әртүрлі әлеуметтік топтар мен жіктерді, қауым мен отбасыны, меншіктік, мұрагерлік қатынастарды, әлеуметтік бірлестіктердегі неше түрлі демографиялық топтарды (қариялар, балалар, әйелдер) қамтиды. Бұл жерде әлеуметтік бедел мәселесі, әлеумет- тік қатынастардың не сұрықсыздығы, тұрлаусыздығы, не шиеленістілігі, жанжалдылығы, не келісімділігі, ынтымақтастығы жыраулар үшін алдың- ғы қатарға шығады. Мысалы, Бұқар жырау шығармаларындағы өзекті мәселелердің бірі – елдің бірлігі. Ол «бірлік болмай тірлік болмас»– деген қағиданы ұстанады, халықты бірауыздылыққа, ынтымаққа, елді қорғауға насихаттайды. Ру-руға бөлініп өзара қырқысу елді жақсылыққа алып келмейтіндігін, бір-бірімен тату тұруды, ру аралық қақтығыс халықты елдігінен айырып, ел тағдырын мүшкіл қалге алып келуі мүмкін деп елді бірлікке шақырып, елдің қорғанысын күшейту қажет деп, Абылай хандығын нығайту саясатын жүргізді.
Әлеуметтік ынтымақтастық құндылығы хандық дәуірінде мынадай құқық-әдептік тетіктердің қуатымен жүзеге асты. Бұл мәселенің өз астары бар. Өйткені қазаққа көршілес мұсылман елдерінде тұлғааралық қарым- қатынас шариғат заңдарымен реттеліп келеді. Қазақ хандығында көшпелі мәдениетке негізделген әдет құқығы өз күшін жоймады. «Қасым ханның


106

қасқа жолының» негізі орта ғасырларда қыпшақ, шағатай ұлыстары қолдан- ған «яргу» заңынан алынған, қазақша жарғы (хақихат) деген ұғымды білді- реді. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл, әділ шешуден шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық бұқарасы ардақ- тап «қара қылды қақ жарған» деп мадақтаған. Өзінің мазмұны бойынша бұл заңның түбегейлі идеясы ежелгі әскери-демократия арнасына барып тіреледі. Ә-тің нысаны – елдегі тыныштық. Бұл жөніде ақын-жыраулар шығарма- шылығында талай тиянақты ойлар айтылған. Қазақ арасында рулық қақты- ғыстар, ағайын арасындағы жанжал, екі адамның ұрыс-керісі бола қалған күнде қазақтың ағайындық береке деген ескі жосығы болған. Мұндай- да қалыс ағайындар қарап тұрмайды, оларды берекеге шақырып, араға арашашы, дәнекер болады. Бірер шәугім шайын беріп немесе бірер малын сойып, оларды бір дастарханнан дәм татуға шақырады. Дәмнен үлкен нәрсе жоқ деп білетін халқымыз мұндайда салт бойынша дәмге үйірілуі, ағайын


берекесінен аспауы шарт етіледі.
Қазақта тәртіп адам еркіндігін шектеуге бағытталмаған. Қоғамдық тәр- тіп жайлы халықтың көзқарасының негізінде бейбіт өмірге деген құлшыныс, тыныш өмірді аңсау жатыр. Бір ғажабы, қоғамдық тәртіп заңмен, құқықтық нормалармен тікелей байланыстырылмайды. Тіптен, қоғамдық тәртіп туралы ойдың өзі әлі жеке-дара боп шықпаған еді. Ол ел ішінің тыныштығы, ағайын татулығы, ел жарастығы тәріздес ой-ағымдардың бір қабаты, ажырамас бөлігі түрінде өмір сүрді. Халықтың бірлігі, ынтымақтастығы, тату-тәттілігі – оның өз азаттығынан, еркіндігінен айырылып қалмауы үшін қойылар ең бірінші талап. Алауыздықтан бойын аулақ сала білген ел ғана еркін өмірге лайық, әйтпесе құлдық пен күңдікке душар болу қауіпі әрқашан дайын.
Сонымен, хандық дәуірінде кісілік ынтымақтастықтың ерекше тәртібі болғандығы күмән келтірмейді. Әрине, оны Ф. Хайек тұжырымдаған батыс- тық өркениетке тән «адамдық ынтымақтастықтың кеңейтілген тәртібі» деп теңестіру дұрыс болмас. Әр этномәдениетке өзіне тән адам мен әлеумет арасындағы үйлесімділікті нығайту тетіктері болған. Бұл жерде белгілі социолог Э. Дюркгеймнің «органикалық ынтымақтастық» ілімін еске алуға болады. Осындай ынтымақтастыққа әр кісі жеке-дара әрекеттеніп (клетка сияқты) өз мүдделерін көздегенімен, жалпы осы әрекеттердің түпкі бағыты тұтастықты жетілдіруге, икемді етуге және сақтап қалуға арналған. Әрине, көшпелілік органикалық тұтастықта сегментарлық, рулық, кландық мүдделер үстемдік етеді. Хандық дәуіріндегі осындай ынтымақтастық тәртібін зерттеушілер «әскери демократия» деп те атайды. Бұл еркіндік рухының қазіргі тәуелсіздікке енді ғана қолы жеткен Қазақстан үшін де ғибараты мол. Еңбекке, жаугершілікке деген ұмтылыс көшпенді қазақтар арасында батырлықтың дүниетанымдық, аксиологиялық, эстетикалық ұғымын сараптап шығарды. Құба далада, шетсіз-шексіз жерінде, табиғат


107

аясында күнелті, өзінің батырлығына сүйенген, өзін аман сақтап қалатын әскери әдіс-айласының мықтылығына, сүйенген көшпелінің бейнесін елестете аламыз. Сондай тарихи кезеңдегі тарихи тұлғалар халқымыздың қазіргідей жері, территориясы, егеменді мемлекетілігінің негізін салды. Міне, жауынгерлік дүниетанымының тарихи қызметі де осында.


Көшпелілер айыптыны тар қапаста ұстамаған, түрме болмаған, көпте- ген қылмыс жазасын қатігездік емес, керісінше, ру аясындағы мәмлеге келумен шешкен. Қылмыстыларды, тіпті кісі өліміне дейінгі айыпты мен жәбірленушіні татуластырып табыстыру, достастыру, құдандалы ету, бір- бірінен бала асырап алу секілді ізгі шешіммен табыстыратын. Кішігірім өкпе-араз, жанжал-ұрыс аяққа жығылу, ат мінгізіп шапан жабу, бас иіп тағзым ету, иіліп ас ұсыну секілді әдетке баулу, бірлікке, достыққа келтіру, кеңдік пен біліктілік таныту арқылу шешімін тауып, Ә. орнатқан
Қазақы дүниетанымда әдептік, құқықтық және діни құндылықтардың синкретизмі жайлы мынадай тұжырымға келуге болады: дәстүрлі қазақ қоғамында Ә. пен еркіндік имандылық талаптары аясында тоғысқан.


ӘДІС, метод (грек. оdes – «бір нәрсеге жетудің жолы») – көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Ә. философияда зерттелетін нәрсенiң ойша нұсқасын жасау үшiн қажеттi таным құралы болып табылады. Fыл. негiзделген әдiстердi саналы түрде қолдану жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты. Танымның даму процесiнде ғылыми ойлау жүйесiнiң индукция, дедукция, талдау және жинақтау, аналогия, салыстыру, эксперимент, бақылау және басқа да Ә-тері жасалып, қалыптасты. Нақты ғылым түрлерiнің арнайы Ә-терi де болады. Өйткенi олардың зерттеу объектiлерiне тән өзiндiк ерекшелiктерi бар. Философия- ның өзге нақты ғылымдардан айырмашылығы – мұнда танымның жалпыға ортақ Ә-i жасалады. Бүкiл танымдық Ә. негiзiнде болмыстық, объективтi заңдылықтары жатады. Диалектикалық Ә-тiң объективтi негiзiн материал- дық әлем дамуының неғұрлым жалпылама заңдылықтары құрайды. Бұл Ә. өзге ғылым Ә-терiн алмастырмайды, тек олардың жалпы философиялық негiзi болып табылады және барлық салалардағы таным кұралы ретiнде қызмет атқарады.


ӘЗІЛ – адамның өзінің айналасындағы адамдарды күлкіге шақыру арқылы ұялтуға, сөзге тоқтатуға, астарлы, ұрымтал ой айтуға бағытталған әрекеті. Ә-ді бір адамның екінші адамды, сынау, сыр тарту үшін айтылатын астарлы, көңілді, күлкілі пікірі деп те айтуға болады. Яғни болмысқа, құбылысқа, нақты оқиғаға қатысты көзқарасты білдірудің, баға берудің бір түрі. Алайда, Ә-де де адамның кейбір қасиеттерін сынап-мінеу, іліп- шалу, тәлкек ету пиғылы жатады. Яғни әзіл болса да, артында зілі болуы


108


мүмкін. Тек сол ниет жүрекке ауыр тимейтін етіліп, қалжыңға сүйеп жүзеге асырылуы қажет. Ә. – күлкілі сөзді жатқа айту ғана емес, оны шеберлікпен орындау. Сондықтан да қазақ халқы мұны «әзіл-оспақ», «әзіл-қалжың» деп қосарлап айтады. Мыс., Қайқаус: «Әзіл-сықақ айту айып емес, оны аңлап айтқаның абзал. Әзіл айту керек, бірақ әзілің зілді болмасын» (Қабуснама) деп ескертеді. Демек, Ә. адамның намысына тимегені дұрыс, олай болмаған жағдайда ол жамандықтың бастамасы болуы мүмкін. Сондықтан Ә. алды – әдепті сөз болуы шарт. Мазақ, бұралқы сөзбен кісіге әзіл айтудан аулақ болу керек. Ащы Ә-дерде сатираның уыты, ал көңілге қаяу түсірмейтін Ә-дерде юмордың белгілері болады. Олай болса, Ә. – тапқырлықтың, юморлық сезімнің жемісі бола алады. Алайда әзіл-оспақ, әзіл-қалжыңды сатира, юморға жатқызуға болмайды, себебі, біріншіден, сатира, юмор өмірлік болмыс құбылыстарын ұзақ уақыт байқап-көрудің, зерттеп-білудің, ақыл- ой, дүниетаным елегінен өткізудің нәтижесінде туады. Екіншіден, сатира, юмор белгілі бір дүниетанымның, саяси-әлеуметтік көзқарастың көрінісі ретінде ресми шығарма түрінде жалпы жұртқа жария етілу үшін жазылады. Ал, әзіл-қалжың түріндегі шымшыма сөз кез келген жерде – отбасы, ошақ қасында, той-томалақ, әртүрлі отырыстарда айтылады. Онда ресми сипат, кең танымалдық болмайды. Қазақ даласында осындай әзіл-қалжың көп айтылған. Мыс., Абай Қоңыркөкше болысы болып тұрған кезде, оның үйіне Байкөкше ақын келеді. Ол есіктен ене бергенде Абай оны: « – Тақыр жерге қауылдап шөп бітеді, Қай адамға мал мен бақ көп бітеді, – деп іледі. Сонда Байкөкше: – Кей жігітті пысық деп болыс қойсаң, Қашан түсіп қалғанша жеп бітеді» деп әзілге әзілмен жауап қайтарады. Ә.-қалжың сатира, юмор сияқты ескінің әлеуметтік қалдықтарына, қоғамның ілгері дамуына кедергі болатын зиянды пиғылдырға қарсы бағытталмайды, айтысып, қағысып отырған жеке адамдарға ғана тиістіріліп, тек соны сөзден тосу ниетімен айтылады. Сатира, юмор қоғам мүшесінің барлығының мініне бірдей бағыттала береді, ал Ә.- оспақ дәстүрлі сөз қағыстыру реті бар адамдар арасында ғана, яғни құрбы мен құрдас, жезде мен балдыз, жеңге мен қайын, құда мен құдаша арасында айтылады. Халқымыз «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деп Ә-ді кек тұтпай, қолдап отырған. Бірақ Ә. сөздің басты шарты – құрмет, кішіпейілділік, кіршіксіз ақкөңілділік болып есептелген. Әдептен атталып айтылған Ә. сөз қадірсіз болады да ол өзіңе қайтып оралады, зор ұятқа қалдырады деген ұстанымға сүйенген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет