Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Ежелгі көшпелілер дүниетанымы. Т. 1. – Астана: Аударма, 2005



бет32/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Ежелгі көшпелілер дүниетанымы. Т. 1. – Астана: Аударма, 2005.


АНАХРОНИЗМ (грек. anachronіsmos – кері уақыт) – 1) жыл санаудағы уақытқа сәйкессіздік (хронол. қателіктер); 2) бір дәуірдің оқиғалары мен сипаттамаларын жаңылыс немесе шартты түрде екінші дәуірге телу. А. орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріне, классицизмге тән дүниелерде (өнер мен әдебиет) жиі кездеседі. ХІХ – ХХ ғ-ларда А. шығарманың кемшілігі ретінде қарастырылды. Тек кейбір жағдайларда ғана көркемдік тәсіл деп ұғынылды (мыс., Б. Брехтің «Юлий Цезарь ісі» атты романындағы А.). А. ауыспалы мағынада ескінің қалдығы, жаңа заман дүниетанымымен сәйкеспейтін, көнерген, күні өткен көзқарас, ұғым, салт-дәстүр дегенді де білдіреді.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия.
Алматы, 2007.


АНИМИЗМ (лат. anіma – рух, жан) – заттық дүние құбылыстарының жандылығын білдіретін термин. А. терминін ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э.Б. Тайлор (1832–1917) енгізген. Ежелгі мәдениетке талдау бере келе, магия, тотемизм, фетишизм сияқты ескі сенім-нанымдардың қатарында ол А-ді де атап өтеді. Оның
пікірі бойынша, А. кейінгі дамыған діндерге апаратын баспалдақ есебінде болады және олардың ментальдық дүниесіне енеді. Басқа халықтардың дүниетанымы мен сенімі-нанымдарындай А. қазақтың дәстүрлі рухани мәдениетінде терең ұялаған. Мыс., Ш. Уәлиханов қазақы түсінікте жанның үш түрі бар дейді: ет жан, шыбын жан, рухи жан. А-нің көрінісіне қазақы дүниетанымдағы «киелі», «қасиетті» жер бедерлері мен атаулары жатады. Табиғат аясындағы мәдениет үшін қоршаған орта киелі таулардан, құтты өзендер мен көлдерден, ағаш-бұталардан т. б. тұрады. Табиғи құбылыстар да қасиетті мағынаға ие болады, олардың рухы және иесі бар делінеді.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. – Астана: Аударма, 2006: Мәдени-философиялық энциклопе- дия. – Алматы, 2007.


АНОМИЯ (франц. anomіc – заң, ұйымдасудың жоқтығы) – қоғамның құн- дылықтар жүйесіндегі түбегейлі дағдарыстарды білдіретін ұғым. А. өзінің төмендегідей белгілерімен анықталады: 1) қалыптасқан құндылықтардың мәнін жоғалтуы салдарынан болатын ретсіздік, нормативтік-баптық вакуум;
2) әлеуметтік үйлесімдіктің жоғалуы, қоғамдағы құндылықтардың жиынтық бейнесіне айналған жеке тұлғалар беделінің жоғалуы; 3) адамдардың жоға- ры мұраттардан, өмірлік құштарлықтарынан айырылуы; 4) мінез-құлықтағы тұрақсыздық, өзін-өзі өлтірудің көбеюі, т. б. А. терминін ғылыми айналысқа енгізген француз ғалымы – Э. Дюркгейм (1858–1917). «Еңбектің қоғамдық бөлінуі» кітабында А. еңбек бөлінісінің бұрмалануы нәтижесінде пайда болады деп тұжырымдайды және оның себебін мамандандыру кезіндегі адамдар арасындағы ынтымақтастық пен үйлесімдіктің жоғалуынан көреді. «Өзін-өзі өлтіру» деген еңбегінде Дюркгейм эгоистік, альтуристік және А-лық суицидтердің түрлерін атап өтеді. Соңғысы дәстүрлі шектеу нормалары шайқалған кезде ырықсыз құмарлықтан туындайды делінеді. Шектелмеген тілектер орындалмаған жағдайда адамдарда шешімі жоқ тұйық дағдарыстар пайда болады. А. ұғымын қазіргі социологияда әрі қарай дамытқан американдық ғалым – Р. Мертон (1910). Ол А. мәселесін ауытқушылық әрекетпен байланысты қарастырады. Мұндай әрекет тұлға- лық мақсаттарға заңды құралдармен жете алмайтын жағдайларда қалып- тасады. Нақтылы мәдени жүйеде туындайтын мүдделер үстемдік етіп тұр- ған басқарушы және реттеуші тетіктерге қайшы келуі мүмкін. А. әсіресе, өтпелі қоғамдарда жиі кездеседі. Бұрынғы әдетке айналған бағдарлар жаңа талаптарға сәйкес құндылықтармен жылдам ауыстырыла берілмейді. Мұн- дай қайшылықтар тұлғалар санасында ауытқушылық туғызуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет