Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет29/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Шарықтау шегі (
латынша
 

 
culmen
 

 
шыңы, биігі
)
шығарма 
аяқталуға жақындағанда сала-сала болып, таралып кеткен оқиғалардың 
қоюланып, күшейе түсуі.
Шарықтау шегі шығарманьң көлеміне, құрылысына, идеялық 
мазмұнына қарай біреу де, бірнешеу де болады. Автор шарықтау шегіне 


52
айрықша мән беріп, өзінің айтайын деген ойына сәйкес, оқушыларының 
көңілін аударайын деген оқиғаны шарықтау шегі етіп алады.
Көркем шығармалардың құрылысы қиыннан қиысатын нәрсе. Әр 
шығарманың өзінше ерекшелігі болады. Сондықтан барлық шығарманы 
бір үлгімен талдауға бір үлгіге әкеп бағындыруға болмайды. Шығарманы 
тексергенде бұл есте болуы керек. Сонымен қатар сюжет суреттеп 
отырған өмір құбылысын автор қалай түсінетінін, қалай бағалайтынын 
(идеясын) да көрсетеді. Бұны да ұмытпауымыз керек.
«Әкелер мен балалар» романындағы суреттелген екі түрлі оқиғаның 
мақсаты Базаровтың көзқарасының өмірге қабыспайтындығын көрсетеді. 
Қорыта келгенде, Чернышевскийдің «Не істеу керек?» романы 
сюжетінің мақсаты – жаңа адамдардың көзқарастары жеңіп шыққандығын 
көрсету. Романдағы барлық оқиға осы мақсатқа бағыныңқы түрде дамып 
отырады. Чернышевский өз көзқарасынша ең керекті, сол ортаға тән 
деген фактілерді таңдап алады.
Шешу (
орысша
 – 
развязка).
 
Шығармаларда суреттелетін адамдардың 
амал, іс-әрекет, қарым-қатыстары дамиды, өзгереді, сан-алуан оқиғалар 
болады, ақыры келіп бір нәрсемен тынады. Қатысушылар күрес-
тартыстардың, қарым-қатыстардың нәтижесінде келіп, кейбіреулері 
көздеген мақсаттарына жетеді, қайсы біреулері апатқа ұшырайды
кейбіреулері өзара жаңаша байланыста болады. Шығарманы оқып 
отырғанда білсем деген сұрауларына оқиға аяқталғанда ғана адам толық 
жауап алады. Шығармадағы суреттелген оқиғаның, қатысушылардың 
тартыстарының немен тынғандығын баяндау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет