365
Бұл өлшеммен жазылған өлеңдерде біраз ақындар егіз ұйқасты да
пайдалана береді.
Жаз айында байқаймысың, ақын-ау,
Самайыңа түсіпті ғой ақ қырау...
Деп достарым кездескенде тағар сын,
Мейлі, мейлі сақал-шашым ағарсын.
Тілегім сол:
– Ағармаса болғаны
Ешқашанда өлеңімнін жолдары.
(Т. Бердияров)
Ұйқасты түрлендіріп пайдалану өлең сөздің синтаксистік құрылыс
жүйесін байытып, молықтыра түсуге мүмкіндік береді. Кейде ойды
ширата түсіп, сөйлемді ұзақ созып, оншақты тармақтан барып бір-ақ
аяқтаған өлеңдерді көреміз. Мысалы:
Жерде, көкте, бар қимылдың бәрінде,
Ракетада, сонау ағаш соқада,
Құмыр құстың жан тербеткен әнінде
Шегірткенің шырылында – о тоба, –
Нұр көктемде тасытқан бір қар суын,
Толқындардың түйдегінде жар тепкен,
Моп-момақан таяғында малшының,
Сарбаздардың семсерінде жарқ еткен –
Бәрінде де, бәрінде де шын өлең,
Сұлу шабыт, тұрсың қарап сен үстем.
(Т. Есімжанов)
С.Дөнентаев «Балалық» өлеңінде осы өлшеммен жазылған өлеңдерде
бұрын кездеспейтін ұйқас түрін жарасымды қолданады:
аааб – вввб
болып өріліп, созыла беретін ұйқас кестесін өлеңнің аяғына дейін
пайдаланып, әр шумақтың соңғы тармағында бір ұйқасты үнемі қайталап
отырған. Мұның өзі әр шумақты біртұтас күрделі сөйлем етіп құруға
ұмтылу әрекетіне сәйкес алынғанын көреміз. Соңғы тармақта ұйқастың
үнемі өзгермей сақталып отыруы айтылатын ойдың негізгі қазығы деп
санауға боларлық «
балалық
» деген сөздің (осы сөз өлеңнің тақырыбы
ретінде алынып отырғаны да көңіл аударарлық) әр шумақта сөйлем
соңында қайталанып келетініне және байланысты екенін байқаймыз.
Бес тармақты шумақта
Достарыңызбен бөлісу: