Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет12/103
Дата12.04.2022
өлшемі2,84 Mb.
#138952
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   103
Байланысты:
12-letka 1 2021
физра 7, Элон Маск Мухит Дильназ, ОШ СОР Физика ЕМН 10 класс рус, 6 семинар, БЖБ 3 токсан №2
ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ПОЛИТИКА
талап етеді. 
Қоғамда әлеуметтік, мәдени үдеріспен 
қамтамасыз ететін жоғары құндылық – 
білім. Осы жоғары құндылық сапасын 
көтерудің басты шарты – педагогтердің 
кәсіби құзыреттілігін дамыту болып 
табылады. Олай болса, білімге негізделген 
қоғам құрылысының негізгі басымдықта-
рын есепке ала отырып, педагог маман-
дардан аса жоғары кәсіби құзыреттілік 
талап етіледі. 
Құзіреттілік тәсіл идеясы – «қоғамға 
қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет 
және ол қоғамның қандай қажетін өтей 
алады» деген сұраққа жауап береді. 
Оқытушының құзыреттілігін қалыптастыру 
– бүгінгі білім беру саласының өзекті 
мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім 
сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен 
білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешу-
дің арасындағы қарама-қайшылықтан 
туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы 
деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім 
берудің нәтижесіне басты орын береді. 
Оның сапасы алған білімнің көптігінен 
емес, сол білімді қолдана білумен маңызды. 
Осыған орай, дамыған елдердің оқу 
жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған 
«құзырет», «құзыреттілік», «кәсіби құзы-
реттілік» терминдері жаңа білім стан-
дарты ұстанған басты бағыт ретінде біздің 
еліміздің білім беру жүйесіне енгізілген. 
Біздің мақсатымыз жаһандану жағдайында 
құзыреттіліктің әрекет категориясына 
қатысты мәнін, кәсіби құзыреттілік деңгей-
інде жүргізілген зерттеулерді зерделеу 
арқылы ашуға ұмтылыс жасау. 
«Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың 
ортасында Н.Хомский енгізген, алғашында 
ол ана тілінде нақты тілдік қызметті 
орындау үшін қажет қабілеттіктер ұғымын 
берген. Философиялық энциклопедиялық 
сөздікте құзыреттілік «компетенция» - 
сөзінің француз (competence- құзыретті, 
хабардар), латын (competentia - әділ, дұрыс 
қорытынды; competere - дегеніне жету, 
сәйкес келу, жақын келу) тілінен келгендігін, 
әмбебаптық тұрғыда қолданылатын термин 
екендігі көрсетілген. Өз саласына сәйкес 
білім мен біліктілікпен қаруланған, негізгі 
ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет 
ете алатын адамды белгілі бір саладағы 
құзыреттіліктерді меңгерген деп есептеуге 
болады. 
«Құзыреттілік» ұғымы «құзыр» сөзінен 
алынған туынды сөз екендігіне қазақ тілі 
терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме 
сөздігінде мынандай анықтама берілген: 
«құзыр» - жалпы алғанда қайсыбір тапсыр-
маны орындауға қабілеттілік немесе бір 
нәрсені жасау» дегенді білдіреді. 
Қазақ Ұлттық энциклопедиясында 
«құзырет» – нақты органның не лауазымды 
тұлғаның заң жүзінде белгіленген өкілет-
тіліктерінің, құқықтары мен міндеттерінің 
жиынтығы деп көрсетілген. 
Сонымен қатар, педагогикалық білім 
беру теориясында құзыреттілік маманның 
өзінің қызметіндегі мәселелерін нақты 
жағдайларда шеше алу мүмкіндігін 
анықтайтын интегралды сипаттама, ол 
үшін білімі мен өмірлік тәжірибесін және 
құндылықтар мен қабілетті қолдану керек.
«Құзыреттілік» түсінігін анықтауда 
өзіндік тәсілді Н.К. Кабардов пен
Е.В. Арцишевскаядан байқауға болады. 
Берілген тәсіл «құзыреттілік», «қабілет» 
түсініктерін салыстыру әрекетінде бекітіл-
ген. Аталған авторлар, құзыреттілік - 
дегеніміз мінез-құлықтың сипаттамасы, 
жеке тұлғаның белсенділігі, қажетті 
дағдылардың қалыптасуы деген тұжырым 
жасай отырып, «құзыреттілік» - меңгеру 
сатысы және үйретудің нәтижесі ретінде 
анықталатындығына тоқталған. 
Білім беруді жаңарту негіздерінің бірі 
ретінде құзыреттілік тұрғыдан келуді жақ-
таушылар күтілетін нәтижелер тұжырым-
дамасын құруда. Бұл тұрғыдағы көзқарасты 
М.В. Рыжков өз еңбегінде: 
• «құзыреттілік» ұғымы тек танымдық 
(когнитивтік) және технологиялық құраушы 
ғана емес, әрі мотивациялық, әлеуметтік 
және мінез - құлықтық, яғни оқыту нәтиже-
лерін (білім, білік, дағды), құндылық бағдар 
жүйелерін қамтиды; 


8


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет