Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет13/103
Дата12.04.2022
өлшемі2,84 Mb.
#138952
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   103
Байланысты:
12-letka 1 2021
физра 7, Элон Маск Мухит Дильназ, ОШ СОР Физика ЕМН 10 класс рус, 6 семинар, БЖБ 3 токсан №2
БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫ
құзыреттілік - алған білім, білік, 
тәжірибе, мінез-құлық тәсілдерін нақты 
жағдаятта, нақты іс-әрекет жағдайында 
жұмылдыру қабілеті; 
• құзыреттілік ұғымында «нәтижеден» 
қалыптасатын білім мазмұны интеграциясы; 
• құзыреттіліктер тек білім беру 
мекеме-леріндегі оқыту үдерісінде ғана 
емес, яғни дәстүрлі және дәстүрден тыс 
білім алу жағдайында да қалыптасады – 
деген. Н.Г. Милорадованың айтуынша білім 
беру жүйесінде құзыреттілікті тудыратын 
төрт негіз бар: 
• біріншісі кәсіби-әдістемелік құзы-
реттілік; 
• екіншісі іс-әрекет негізіндегі құзы-
реттілік; 
• үшіншісі әлеуметтік қарым-қатынас 
құзыреттілігі; 
• төртіншісі жеке тұлға негізіндегі 
құзыреттілік. Сонымен қатар, сыншыл 
ойлауды, рефлексияны, өз позициясын 
анықтау қабілеттілігін, өздігінен бағалайтын 
ойдың дамуын және өмір бойы үйрену 
қабілеттілігін талап ететіні анық - деп 
көрсеткен. 
Психологиялық зерттеулерде құзырет-
тілік адамның белгілі бір қызметті тиімді 
атқаруын қамтамасыз ететін психологиялық 
сапаның жиынтығы ретінде көрсетіледі. 
Құзыреттілік қай салаға қатысты болса 
да, ол жүйелі түрде жаңа ресурстармен 
толықтырылады. 
Кейбір ғалымдардың ойынша, құзы-
реттілік – жалпы бағалау термині, ол мүм-
кіндікті, қызметтегі «істі білуді» көрсетеді. 
Әдетте, бұл термин белгілі бір әлеуметтік-
кәсіби статусы бар тұлғаларға қолданылады, 
ол шешілетін мәселелер, орындалатын 
тапсырмалардың күрделілігінің нақты 
деңгейіне олардың білімінің, түсінігінің, 
дағдыларының сәйкестігінің өлшемін 
сипаттайды. 
Сөйлеу қызметінің 4 түрі (айту, тыңдау, 
оқу, жазу) жалпы коммуникативтік әдіс 
арқылы қазақ тілін меңгерудің мақсаты 
болып табылады. Бұл мақсаттарға жету 
инофонның тілдік құзыреттілігін қалып-
тастырумен байланысты болып келеді. Тілдік 
құзыреттілік деп тілдің барлық деңгей 
бірлігін білу (тілдік жүйе) және кез келген 
сөйлеу құрылымын түсіну және құрастыру 
үшін қолданатын ережелерді айтуға болады. 
Тілдік (коммуникативтік) құзыреттілік деп 
адамның өмірдегі шынайы жағдайда тіл 
арқылы қатынаса алу қабілетін түсінуге 
болады. Қандай да бір тілді оқытуда 
коммуникативтік құзыреттілік әдістемелік 
тұрғыдан арқа сүйейтін және дамытылуға 
тиісті басты категориялардың бірі болып 
табылатын және бірнеше құрамдас бөліктен 
тұратын күрделі ұғым. Коммуникативтік 
құзыреттіліктің бірнеше түрі бар, солардың 
бірі – прагматикалық құзыреттілік. Бұл 
прагматикалық құзыреттілік сөйлеу және 
дискурстық сияқты түрлі аспектілерге ие. 
Прагматикалық құзыреттілік деп комму-
никативтік діттің (намерение) сәтті жүзеге 
асуымен байланысты нақты жағдаятқа 
жауап беретін сөйлеу ережелерінің 
тактикасы мен стратегиясын таңдауды 
айтуға болады. Дискурстық құзыреттілік – 
дискурстың әртүрлі түрін ажырату, олардың 
құрылу жолдарын білу, сөйлеу жағдаятына 
байланысты дискурстың түрлерін қолданып 
және түсіне білу болып табылады. Мұндағы 
дискурс көпмағыналы ұғым ретінде уақыт 
талабына сай оқытудың мақсаттары мен 
міндеттерінің үнемі өзгеріп отыруына 
байланысты жаңа мәндерге ие болып, 
оның рөлі мен қызметі де өзгерістерге 
ұшырайтыны белгілі. Тіл үйретуге қатысты 
әдістемелік әдебиеттерде коммуникатив-
тік құзыреттіліктің құрамдас бөліктері 
– тілдік құзыреттілік пен дискурстық 
құзыреттіліктің жоғары деңгейін қалып-
тастырып, дамыту тіл меңгертудің басты 
мақсаты ретінде көрсетіледі. Тілді қаты-
сым арқылы меңгертуде дискурстық 
құзыреттілікті қамтамасыз ету – ерекше 
назар аударылатын мәселе. Дискурстық 
құзыреттілік дегеніміз диалог барысын 
нәтижелі жүргізуі, түрлі жағдаяттарда түрлі 
сөйлеу моделін, формалдарды қолдана білуі 
болып табылады. Диалогтық дискурстар 
арқылы инофонның диалогқа кіру, оған 


9


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет