Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


«Ненің ызылдап жатқандығын тапшы»



Pdf көрінісі
бет83/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

 


54
«Ненің ызылдап жатқандығын тапшы»
Мазмұны
. Тәрбиеші: «Балалар орманға серуендеуге кетті. Алаңқайда 
көп гүлдер
өсіп тұр. Олардың үстінен ара ызылдап ұшып жүрді (
ж
дыбысын 
қатты, ұзақ айту). Балалар ары қарай жүрді, бұтада өрмекші өрмегін 
тоқыпты. Оған маса түсті, шыққысы келеді, бар күшімен тартылып ызылдап 
жатыр (
ж 
дыбысын ақырын, қысқарырақ айту). Ал енді тыңдаңдар және 
табыңдар не ызылдайды, ара ма, әлде маса ма» (
ж
дыбысын қатты және ұзақ, 
ақырын және қысқарырақ шығарады). Балалар анықтайды және атайды. 
Содан соң олар екі топқа бөлінеді. Біреулері араны, екіншілері өрмекке 
түскен, сәйкесінше Ж дыбысын шығаратын
масаны бейнелейді. Ойынды 
қайталау кезінде балалар рөлдерімен ауысады. 
Әдістемелік нұсқаулықтар: 
Балалардың ж дыбысын дауыстың тиісті 
қаттылығымен анық және дұрыс айтуын қадағалау. 
3- 
інші жұмыс түрі

сөздердегі дыбыстардың дұрыс шығарылуын 
тәрбиелеу және фонематикалық естуді дамыту. Тәрбиеші сөздердегі 
дыбыстардың анық және дұрыс қолданылуына әкелетін әртүрлі ойын 
материалын (негізінен дидактикалық ойындар) пайдаланады. Алдымен 
жаттығып жатқан дыбыс екпіндік буында тұрған сөздер беріледі.
Мақсаты

сөздерде ж дыбысының дұрыс шығарылуына қол жеткізу, 
сөздерді анық, жеткілікті дауыспен айту білігін қалыптастыру
фонематикалық естуді дамыту.
 
 
«Не пайда болды?»
 
Мазмұны

Педагог үстел үстіне атауында 
ж (жолбарыс, жылқы және 
т.б.)
дыбысы бар ойыншық қояды. Балалар оларды атайды. Содан соң 
тәрбиеші ойыншықтарды атайды, орындарын ауыстырады және атауында 
ж
дыбысы бар жаңасын қосады, мысалы, қоржын немесе жүк машинасы. 
Балалардан жаңадан ненін пайда болғанын сұрайды. Кейін тәрбиеші 
балалардың өздеріне
ж
дыбысы бар сөздерді таңдауды ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет