Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ


Мектепке дейінгі білім беру саласын әдіснамалық қамтамасыз ету



бет17/19
Дата06.02.2022
өлшемі70,38 Kb.
#82062
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
МДҰ -ға арналған әдістемелік нұсқау хат (1) (1)

Мектепке дейінгі білім беру саласын әдіснамалық қамтамасыз ету

098 «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы аясында жыл сайын «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы бағдарламалар, әдістемелік ұсынымдар, құралдар, бағдарламаларға нұсқаулықтар әзірлейді.


«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының сайтында «Нормативтік құқықтық актілер» айдарында (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Үлгілік оқу бағдарламасы, Үлгілік оқу жоспары, Білім беру процесін жоспарлау үлгілері, нормативтер тізбесі, сабақтардың үлгілік тақырыбы және т.б. қолданып ұйымдастыру бойынша әдістемелік-нұсқау хат) орналастырылған.
Алдын ала жұмыс жоспары, республикалық конкурстарды өткізу туралы ережелері және өткізілген іс-шаралардың қорытындылары бар ақпарат орналастырылады.
2019 жылдың қаңтар айымен шілде айының аралығында «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мынадай әдістемелік материалдар әзірледі;
1.Мектепке дейінгі ересек жаста құрастыру дағдыларын қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар.
2.«Ерте жастағы балаларға арналған заттық-дамытушы орта» стандарты.
3. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған аудио-ертегілер жинағы «Кәусар бұлақ».
4.Ерте жастағы балаларды сенсомоторлық дамыту бағдарламасы.
5. Балаларды ерте жастан дамыту үшін психологиялық-педагогикалық жағдай құру бойынша мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің және ата-аналардың ынтымақтастығы бағдарламасы.
6.Ерте жастағы балалардың әлеуметтік дағдылары мен өзін-өзі үйрету дағдыларын қалыптастыру деңгейін анықтау бойынша педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар.

Әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, ВКонтакте, WhatsApp) мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының чаты ашылды, онда Орталық мамандары мектепке дейінгі білім беру бойынша өзекті ақпаратты орналастырады.


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогтері мен мамандарына кешенді әдістемелік қолдауды «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының– www.rc-dd.kпорталы қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің қызметін реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілер ҚР «Әділет» НҚА АҚЖ орналастырылған және әрбір педагогке қолжетімді болып табылады.

1 Қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет